Жанузаков Сырым 210Б
Пән атауы: Философия
Тақырып: №6
Практикалық сабақ: Білім, ғылым, техника және технологиялар
Тапсырма №1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
1.1.«білім», «ғылым», «техника», «технология» ұғымдарына анықтама беріңіз?
Білім – адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының, т.б. жиынтығы. Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі болып табылады.
Ғылым — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы.
Техника адамның кейбір қасиеттері мен мүмкіндіктерін толықтырып отырса, оның өзі де техникалық жүйенің маңызды бөлшегі болып табылады.
Технология– ғылыми-практикалық негізде шикізатты дайын өнімге айналдырудың әдіс-тәсілдерінің жүйесі болып табылады.
1.2.Ғылыми танымның методологиясы
Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді.
Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:
1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;
2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;
3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;
4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.
Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады:
1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру;
2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;
3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.
Тапсырма №2. Таблицаны толтырыңыз
Сциентизм - бұл мәдениет жүйесіндегі, қоғамның идеялық өміріндегі ғылымның рөлін абсолютке айналдыруды білдіретін ұғым. Ол философияда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қалыптаса бастады, бұл кезеңде ғылымның дамуына байланысты оның мәдениет жүйесіндегі орны мен рөлі туралы мәселе көтерілген болатын. Осы жағдайларда сциентизм мен антисциентизм пайда болды. Ғылыми-техникалық революция кезінде ғылымның жетістіктері мен салдары туралы мәселеге байланысты пікірталаста ерекше шиеленіс туындады. Сциентизмнің жағымсыз белгілері – ғылымның рөлі маңызды, бірақ үстем емес болатын қоғамдық өмірдің күрделі жүйелік ұйымдастырылуын ескермейді.
Антисциентизм ғылымның адам өміріндегі негізгі мәселелерін шешуде мүмкіндіктерін шектейді, соның ішінде ғылымның адам өміріне дұшпан ретінде саналу жағдайын айтсақ болады. Антисциентизм әлеуметтік -гуманитарлық білімді тек ғылыми зерттеудің объективтілік принципі қолданылмайтын сананың формасы ретінде түсіндіреді. Соңғы формалар: Ницше, Хайдеггер, Бердяев – ақиқатты бүкіл әлеммен (оның ішіне ғылым да кіреді) қайғылы күресетін адам тұрғысынан қарауға деген ұмтылыс.
Достарыңызбен бөлісу: |