Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



Pdf көрінісі
бет60/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a
Қыз-Жібек
Адамның сұлулығы - шыншылдығында. 
Мақал
І. Синтаксистік талдау: 
1.1. Сөйлемде екі тыныс белгі бар. Ол - нүкте және сызықша. Нүктенің
қойылу себебі ойды аяқтап, сөйлемді тиянақтап тұр. Сызықшаның қойылу
себебі бастауыш пен баяндауыш есім сөздерден болып тұр. Сондықтан
бастауыштан кейін сызықша қойған. 
Бастауыш пен баяндауыштың арасына мынандай жағдайларда сызықша
қойылады: 
1. Бастауыш атау тұлғалы болып зат есімнен немесе заттанған басқа сөз
таптарынан жасалып, баяндауыш та зат есімнен болып жіктік тұлғаның
үшінші жағында тұрса немесе заттанған басқа сөз тарапынан болғанда,
бастауыштан кейін сызықша қойылады
2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің ІІІ жағынан
болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады;
3. Бастауыш заттанған (субстантивтенген) сын есімнен, сан есімнен
және есімшеден болып, баяндауыш зат есім болса, бастауыштан кейін
сызықша қойылады; 
4. Бастауыш пен баяндауыштың бірі (кейде екеуі де) тұйық етістіктен
болып, екіншісі зат есімнен болғанда, араларына сызықша қойылады; 
5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша
қойылады; 
6. Бастауыш та баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалуы
мүмкін, бұл жағдайда да бастауыштан кейін сызықша қойылады; 
7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден
ажырату үшін және бастауыш өзінен кейінгі сөзбен тіркесіп, сөйлемнің басқа
бір мүшесімен шатасып кетпеу үшін, одан кейін сызықша қойылады; 
8. Мақал-мәтелдерде, афоризмдерде, өлеңдерде сөйлемнің баяндауышы
түсіріліп, ықшамдалып айтылады. Мұндай сөйлемдер түсінікті болу үшін
бастауыштан кейін сызықша қойылады; 
9. Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы дегеніміз (дегенім,
дегенің, деген) деген сөздер тұрса, одан кейін сызықша қойылады.
109


1.2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай - хабарлы сөйлем. 
1.3. Құрылысына қарай - жай сөйлем. 
1.4. Жай сөйлемнің түрлері. 
1.5. Жай сөйлемнің түрлерін анықтау үшін сөйлемдегі сөздерді сөйлем
мүшелеріне талдаймыз: 
1.5. а) Сұлулығы несінде? - шыншылдығында - дара, зат есімді, (-нда)
жатыс тұлғалы - баяндауыш. 
ә) Шыншылдығында несі? - сұлулығы - дара, зат есімді, (-ы) тәуелдік
тұлғалы - бастауыш. 
б) Кімнің сұлулығы? - адамның - дара, зат есімді, (-ның) ілік тұлғалы -
анықтауыш. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет