Жапбаров Амангелді Оқушылардың тыныс белгілерді дұрыс қою икемділігі мен дағдыларын



Pdf көрінісі
бет59/104
Дата01.12.2023
өлшемі0,8 Mb.
#194431
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   104
Байланысты:
72ce58acd772d50d47062b92a3cba92a
Қыз-Жібек
Ұзын жолды инемен өлшемес болар. 
Мақал 
1.1. (.) 
1.2. Хабарлы сөйлем. 
1.3. Жай сөйлем. 
1.4. Жай сөйлемнің түрлері. 
1.5. а) Инемен не істемес болар? - өлшемес болар - күрделі , етістікті,
(-ар) есімше тұлғалы - баяндауыш. 
1.5. ә) Нені инемен өлшемес болар? - жолды - дара, зат есімді, (-ды)
табыс тұлғалы - тура толықтауыш. 
1.5. б) Жолды немен өлшемес болар? - инемен - дара, зат есімді, (-мен)
көмектес тұлғалы - жанама толықтауыш. 
1.5. в) қай жолды? - ұзын - дара, сапалық сын есімді - сапалық
анықтауыш. 
1.4. а) Жай сөйлемнің түрлеріне қарай - жайылма. Себебі тұрлаулы
мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар. 
ә) Толымсыз. Себебі ойға қатысты сөйлем мүшелері толық емес. 
Толымсыз сөйлем дегеніміз – айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз
мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі. 
б) Жақсыз. Себебі бастауышы мүлде жоқ және баяндауышы арқылы
бастауышын табуға болмайды. 
Жақсыз сөйлем дегеніміз – бастауышы мүлде жоқ және баяндауышы
арқылы бастауышты табуға болмайтын, баяндауыштың өзі ғана сол сөйлемге
ұйтқы болатын жай сөйлем. 
Жақсыз сөйлемнің баяндаyыштары мынадай тұлғада келеді: 
1. -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау райлы етістікке бол көмекші етістігі
тіркесіп келеді; 
2. тұйық етістікке керек, жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер тіркесiп
келеді; З. -ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол (көбіне болма тәрізді
болымсыз түрінде) көмекші етістігі тіркесiп келеді; 
4. баяндауыш құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар, бірақ сөйлем
мүшелеріне жіктеуге келмейтін тұрақты тіркестерден болады.
Ақылмен көп елді қаратып алуға болады. 
Құтып
Синтаксистік талдау: 
108


1.1. (.). 
1.2. Хабарлы сөйлем. 
1.3. Жай сөйлем. 
1.4. Жай сөйлемнің түрлері: 
а)Жайылма 
ә) Толымды 
б) Жақты 
1.5. а) Не істеуге болады? - қаратып алуға болады - күрделі , етістікті,
(-ды) жіктік тұлғалы - баяндауыш. 
ә) Кімді қаратып алуға болады? - көп елді - күрделі, құрамды, (ді) табыс
тұлғалы - жанама толықтауыш. 
б) Немен қаратып алуға болады? - ақылмен - дара, зат есімді, (-мен)
көмектес тұлғалы - жанама толықтауыш. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет