белгілерін ғана емес, тілдік тақырыптарды
да білетіндігін, тіл байлығын,
сөйлеу, жазу дағдыларын да көрсетеді.
Леп белгісі ашық бұйрықты, тілекті, өтінішті білдіретін, нақты талап
ету, зекіру, бұйыру интонациясымен айтылған сөйлемге де қойылады.
Сөйлемнің бұйрықты болуы оның
баяндауыш формасына байланысты,
сөйлемнің баяндауышы бұйрық райдан жасалады. Бұл – оның бұйрық
мағынасын танытатын белгісін таниды.
Салыстыру әдісімен жаттығулар жүргізіледі:
1. Мына сөйлемдерді мағынасына қарай салыстыра отыру тиімді.
Осыған дейін оқушылар
сөйлемнің айтылу мақсаты, мағынасы бойынша
оларға әр түрлі тыныс
белгісі қойылатынын меңгерді, ендеше солармен
салыстыру арқылы бұйрықты сөйлемді ажыратуға болады.
2. Жаңа тақырыпты түсіндіруде мынадай
салыстырмалы кесте ілініп,
ондағы сөйлемдерді бұйрық мәніне келтіріп, ол үшін
сөйлем құрылысында
қандай өзгеріс болғанына назар аудартқан жөн. Сол арқылы оқушы сөйлемнің
бұйрықты болуы баяндауыш формасына байланысты екенін түсінеді.
3. Оқушылар сөйлемді бұйрықтыға айналдырып, дәптерлеріндегі
кестеге жазады, мұндағы сұрау көрсеткішінің
орнына баяндауыш
формасының өзгеруі бұйрықты сөйлем жасаушы тәсіл екеніне көз жеткізеді.
Осылай хабарлы, лепті сөйлемдерді де алуға болады.
Леп белгісі қойылатын орындарға байланысты өткізілетін сабақ
жоспарының үлгісі.
Сабақтың тақырыбы
Леп белгісі қойылатын орындар
Сабақтың түрі.
Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі.
Сұрақ-жауап, әңгіме.
Достарыңызбен бөлісу: