Жапенова Ардақ Сағдатқызы Сабақтың тақырыбы



Дата07.11.2016
өлшемі54,63 Kb.
#1203
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Красный Яр №2 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі:Жапенова Ардақ Сағдатқызы

Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсариннің әңгімелерінің тәрбиелік мәні ашық сабақ
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Қазақтың көрнекі ақын – жазушысы Ы.Алтынсариннің өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек таныстыра отырып,әңгімедегі негізгі ойды ұғындыру;Судың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын әңгімелеп айтуға үйрету.
2. Дамытушылық:Оқушыларға бағыт – бағдар бере отырып, өз бетімен жұмыс істеуге, өздігінен қорытынды жасауға машықтандыру, ойлау қабілеттерін сөйлеу мәдениетін дамыту.Суға қамқорлық жасау іскерліктерін дамыту.
3. Тәрбиелілік:Әңгіме арқылы еңбек ету, жақсылық жасау, адал, таза болу идеясын бойға сіңіру, еңбекқор, адамгершілігі мол,жақсылықты жаны сүйетін адам болуға тәрбиелеу. Суды қадірлеуге, үнемдеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Дамыта оқыту,СТО технологиялары.
Әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, ой қозғау.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, дене шынықтыру, орыс тілі.

Көрнекіліктер: Ы. Алтынсариннің фотосы интер белсенді тақтада, «Таза бұлақ» кітабы, сызбалар, болжау кестесі, стикерлер және постер қағазы.

Сабақтың құрылымы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақтағы Ы. Алтынсариннің өмірбаяны туралы



Сұрақтарға жауап беріңдер:

1.Ы.Алтынсариннің өмір сүрген жылдарын айт

2.Оның туған жері?

3.Оны кім тәрбиеледі?

4.Ыбырай қайда оқиды?

5.Алғаш рет қайда мектеп ашады?

6.Тұңғыш кітабы қалай аталады?

7.Ыбырайдың арманы не еді?

1, 2 оқушы мазмұнын айтып береді .

Ой қозғау.

Оқушыларға Ы. Алтынсариннің портретін көрсетіп, мынадай сұрақтар қоямын.

1. Оқушылар, бұл кімнің портреті?

2. Бұл кісі жөнінде не білеміз?

Мағынаны тану кезеңі.

а) Оқушыларға слайд арқылы Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматты көрсетемін.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Алтынсарин ауданында дүниеге келген. Ата - анасы жастай қайтыс болған ол нағашы атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болады. Ол немересін 1850 жылы Орынбордағы орыс - қазақ мектебіне береді. Оны 1857 жылы Ыбырай үздік бітіріп шығады да, халыққа қызмет етуді бастайды. 1864 жылы алғаш рет Торғайда мектеп ашады. 1879 жылы Орынборда «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын шығарды.1889 жылы 48 жасында ауыр науқастан қайтыс болды.

Шығармалары:Өлеңдері: «Өзен», «Жаз»

Әңгімелері: «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейтқұл», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» т. б.

ә) Мәтінмен жұмыс:«Таза бұлақ»

Басты проблема – әңгіменің неліктен «Таза бұлақ» аталуы?

Әңгіменің мазмұнын ауызша баяндап, түсіндіру.

Оқушылардың өз бетімен жылдам әрі мәнерлеп оқу жұмысын жүргізу.

Сөздік жұмысы.

Ғибрат алу – үлгі алу.



ІV.Топпен жұмыс.

1 - топқа тапсырма: 1 бөлім

Тасқа жазылған жазу қандай?

1-ші жолаушы кім?

Оның айтқан сөзі?



2 - топқа тапсырма: 2 бөлім

1. 2-ші жолаушы кім екен?

2. Екінші жолаушының сөзі.

3 - топқа тапсырма: 3 бөлім

1. Жас жігіттің сөзі.

2. Тастағы жазудың мәні.

V.Әңгіменің тақырыбы не жайында?«Менің де айтарым бар»әдісі

Оқушылар, осы мәтіндегі таста жазылған сөзге қандай пікір білдірер едіңдер? Өз ойларыңды ортаға салыңдар.



VІ. Бұлақ сөзіне 5 жолды өлең жазу.

1.з.е.-бұлақ

2.2 сын есім-таза,мөлдір

3.3 етістік-ағады,үлкейеді,кеңейеді

4,4сөзді сөйлем-Бұлақтай таза, мөлдір бол

5.синоним-су



VІІ. Білімді бекіту.

«Бақытты сәт» ойыны.

1. Ыбырай Алтынсарин кім?

2. Ыбырайдың туған жері?

3. Ол кімнің тәрбиесінде болды?

4. «Таза бұлақ» әңгімесінің тақырыбы?

5. Үш жолаушы бұлақ басынан нені байқады?

6. Әңгімедегі жолаушының қайсысының сөзі көңілге қонымды?

7. Әңгімеден қандай ой түйдіңдер?

1 топ: Адал қызмет қыл, ешқашанда жалқауланып тоқталып қалма.

2 топ:Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндеттеме.

3 топ: Көңіліңді, бойыңды таза ұста.

VІІІ. Үй тапсырмасы.

Әңгімені оқып, мазмұндау.



ІХ. Бағалау

Х.Қорыту:Су тірішіліктің көзі дейміз. Үшінші жолаушы бұлақтың мөлдір тазалығын адамның көңіл-күйіне теңейді.Табиғат адамзатқа сыйлаған мөлдір таза бұлақ күн түссе шөптің сәулесін көреміз. Ендеше әр адамның көңілі осы бұлақтай таза, адамдардың бір-біріне пейілі де адал болу керектігін айтып тұрғандай. Оқушылар біз табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға өз үлесімізді қоса білгеніміз жөн.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет