Жапония журналистикасы



бет4/6
Дата08.02.2022
өлшемі24,58 Kb.
#98330
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жапония журналистикасы

«ИОМИУРИ СИМБУН» - 1874 жылы жарық көрді. Алғашында елеулі оқиғалар, елді елең еткізер хабарлар басылған шағын парақша болып шығып тұрды. Газетті сатушы Токионың көшелерін аралап, тақырыптарын, мәтіндердегі қызықты жолдарын айқайлап оқып жүрді. Егерде кімде-кімді газет қызықтыратын болса, қолма-қол сатып алды. Газет негізінен Токиодағы әдеби қоғамның басшысы Одзаки Хоенің бастамасымен дүниеге келген көрінеді.
1923 жылғы апаттан редакция түгел жанып кетті. 1924 ж. жанған кәсіпорынды полиция комиссары Мацутаро Серики сатып алды. Газеттің бұдан кейінгі ғұмыры осы кісімен тығыз байланысты.
«Иомиури» жалпыұлттық газет деңгейіне екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жетті. Ол қазіргі уақытта «Асахиден» кейінгі беделді газет болып саналады, тиражы - 6 млн. дана. Таңертең, кешке күн сайын шығып тұрады. Таңертеңгілік басылым 5 нұсқамен 24 бет болып шығады. Кешкілік басылымның 4 нұсқасы бар.«Иомиури» кейіннен ірі концернге айналды. Концерн акцияларының үштен бірі Тору Серикидің (Мацутора Серикидің ұлы) қолында. «Иомиуридің» шет елдерде тілшілері бар. «Иомиури» - өз репортаждарымен, спорт жаңалықтарымен, хроникаларымен оқырманды тартуға тырысады.
Жапонияда газет-журнал, баспа ісімен айналысатын 166 компания бар екен. Олардың ішіндегі ірілері: «Асахи», «Майнити», «Иомиури», «Нихон кэйдзай», «Санкэй».




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет