Жапония журналистикасы



бет1/6
Дата08.02.2022
өлшемі24,58 Kb.
#98330
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жапония журналистикасы


Жапония журналистикасы
ГАЗЕТТЕР. Жапониядағы алғашқы басылымдар шетелдік газеттердің көшірмесі, аудармасы іспетті болды. 1865-1868 жылдар аралығындағы таралымы шағын, кішігірім басылымдар шығып тұрды. Бірақ осының өзі Жапонияда баспасөздің өркендеуіне кең жол ашты. Жалпы, жапондардың тұңғыш газеті болып 1870 жылы жарық көрген «Иокогама симбун» басылымы саналады. 1872 жылдың сәуірінен бастап бұл басылым «Иокогама майнити симбун» деп атала бастады. Осыған дейін Жапонияда шығатын газеттер ксилография әдісімен басылатын болса, «Иокогама симбун» шрифтермен қағазға басылып, үлкен жаңалық алып келді. Газеттің көлемі де ұлғайды.
Осының ізінше күнделікті газеттер: «Нитинити»-1872 жылы, «Хоти»-1873 жылы, «Иомури»-1874 жылы өмірге келді. 1875 жылы баспасөз туралы алғашқы заң жарияланды. Бұл заң бойынша өкіметтің іс-әрекетін сынап-мінеген журналистер түрмеге отыратын немесе жұмыстан қуылатын болды.
1890 жылы белгілі публицист Цитиро Токутоми либералдық бағыттағы «Кокумин симбун» газетін дүниеге әкелді. Газет өкіметтің іс-әрекетін ашық сынап, түрлі сенсациялар жариялап, көпшілікті өзіне тарта білді. Бірақ 90-жылдары И.Тохутоми де ұлтшылдардың қатарына қосылған соң, газеттің бағыты мүлде өзгерді. XX ғ. басындағы таралымы қөп «Ёродзу тёхо» (50 мың) газеті болды. 1894-1895 жылдары жапон-қытай соғысы баспасөзге айтарлықтай әсер етті. Кейбіреулері шағын репортаж беру арқылы таралымдарын көбейтті. Бұл кездегі әскери топтармен байланысы бар, осакалық «Асахи симбун» мен токиолық «Тюо симбуннің» беделі артты. Ал 1904-1905 жылдары орыс-жапон соғысы газет әлеміне өзгеріс алып келді.
Газет кәсіпкерлерінің арасындағы бәсекелестік - олардың жаңа формаларды ойлап табуына итермеледі. Мәселен, «Хоти» газетінің кешкілік басылымы дүниеге келсе, «Ёродзу тёхо» газеті спортқа көп көңіл бөле бастады. «Асахи» әйгілі адамдардың өміріне мән беруді міндеті санады, ал «Ямато симбун» газет бетінде картиналардың көрмесін ұйымдастырып ала жөнелді. Әрине, мұндай өнер тапқыштық нәтижесіз болмады, газет таралымдары бірден көтерілді. «Асахидің» тиражы 350 мың данаға, «Майнидікі» 300 мыңга, «Хотидікі» 200 мыңға, «Ямато симбундікі» 150 мыңға жетті. 1923 жылы болған алапат жер сілкінісі көптеген газет мекемелерін жермен жексен етті. Бұл апаттан аман қалған токиолық үш басылым - «Хито», «Нитинити», «Миьяко» өз істерін жалғастыра берді.
Жапонияда газеттің екі түрі қалыптасқан:

  1. Өзін тәуелсіз санайтын орталық газеттер.

  2. Жергілікті префектуралық баспасөз органдары.

Префектуралық газеттер ірі кәсіпкерлердің қаржылай көмегімен, жергілікті муниципальді органдардың бастамасымен шығып тұрды. Жергілікті газеттер орталық газеттерге мүлде ұқсамайды. Олар халықаралық хабарларды Американың ақпарат агенттіктері - ЮПИ мен АП-дан алып отырды. Бұл агенттіктердің жапон басылымдарын жаулап алғаны соншалық, агенттіктің қызметін пайдаланушы газеттер екіге бөлініп, «ЮПИ-кэй», «АП-кэй» болып, өзара бәсекелестікке жол ашылды. 1934 жылы 1219 газет және аптасына бірнеше мәрте басылатын күнделікті 6000 газет болды.
Жапониялық газеттердің дені Осака мен Токио қалаларында шығып тұрды. Күнделікті газеттердің тиражы 4 мың мен 1,5 млн. дананың аралығыңда болды. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Жапония газеттері таралым сандарын көрсетпегендіктен, нақты айту мүмкін емес.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет