«Жарақаттар. Механикалық жабық зақымдар. Соғып алу, созып алу, буындардың шығып кетуі, сынықтар»



бет2/13
Дата12.09.2022
өлшемі62,34 Kb.
#149284
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
лекция жабық жарақат

ЖАРАҚАТТАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Жарақаттар төмендегі түрлерге бөлінеді.
1. Жарақатқа әкелетін жағдайларға байланысты бөлінеді: 1) өндірістік емес жарақаттар: а) жол қатынасы (темір жол, автомовиль, трамвай және т.б.):б)көшедегі — көшеде болатын көктайғақ және т.б. жағдайлар в) тұрмыстық —тұрмыста, үйде және ауладағы тіршілікте кездесетін қатерлі жағдайлар; г) спорттық — спортпен шұғылданғанда; д) балалардың жарақаты; е) ауыл шаруашылық, ауыл шаруашылығындағы жерге байланысты жұмыстар кезінде болатын жарақаттар; ж) өнеркәсіптік травматизмі өнеркәсіптегі жұмыспен байланысты; 3) әскери — соғыс кезіндегі кездесетін жарақаттанулар.
II. Жарақаттанушы күштің түрі бойынша бөлінеді: 1) механикалық; 2)тер-миялық; 3) химиялық; 4) оператциялық; 5) сәуле травмалары және т.б.
III. Жарақаттану сипаты бойынша бөлінеді: 1) жабық (тері және кілегейлі қабықтар бүтін болғанда) жарақаттар; 2) ашық (тері және кілегей қабықтар жарақаттанғанда) жарақаттар: 3) қуыстарға өткен (қарын, плевра, синови-алдық қабаттары) жарақаттар; 4) қуыстарға енбеген (қоршаушы барьерлер жарақаттанбаған) жарақаттар; 5) дара; 6) көпшілік жарақаттар (тканьдардың тек бір бөлегі ғана жарақаттанбаған); 7) қарапайым, дөрекі (бір жер ғана жарақаттанған); 8) құрастырылған (бірнеше денелердің жарақаты).
IV. Травма күшінің түскен орны бойынша бөлінеді: 1) тура түскен травмалар (жарақатқа күш түсу аймағында болады); 2) тура түспеген травмалар (жарақатқа күш түсу аймағынан алысырақ болады).
V. Әсер ету уақыты бойынша бөлінеді: жедел жарақаттар (әсер етумен бірден пайда болады); 2) созылмалы жарақаттар (жарақаттаушы агенттің көп рет әсерінде пайда болады).
Травматизм туралы түсінік және оның алдын алу
Травматизм — бұл, белгілі жағдайларда бір топ адамдарды жарақаттаушы травмалардың жинағы болып табылады. Бұнда жарақаттанған адамдар-дың травмасы және сыртқы жағдайлар арасында себепші байланыс болады.
Жарақаттанудың пайда болу жағдайларына және орнына байланысты травматизмдер жоғарыда айтылды. Бұндай болу травманың осы түрінің және оның пайда болу жағдайларының себебін анықтауға мүмкіндік береді. Транс-порттың түрі еске алынып, тйісті түрде алдын алу жұмысы істелінеді. Травматизмнің алдын алуға төмендегі шаралар кіреді:
1) жұмыс және техника қауіпсіздігін дұрыс ұйымдастыру; 2) жұмыс істейтіндердің жеке қауіпсіздігін жақсарту; 3) көшеден жүру ережелерін сақтау және т.б.
Жарақаттарда бірінші көмек көрсетуді ұйымдастыру
Бірінші көмек көрсетуді ұйымдастыруда сәтсіз оқиғаның кенеттен бола-тындын еске алу керек. Жарақаттың болған жағдайына және орнына қара-мастан, жарақаттанған адамға тездеп жәрдем кәрсету және оны тез емдеу мекемелеріне жіберу талап етіледі.
Жарақат алған жерде төмендегі түрде жәрдем көрсетілуі тиіс: жарақаттаушы себептердің әсерін тоқтату, қан ағуды уақытша тоқтату, асептикалық таңғыш қою, тасымалдауда қимылсыз жағдайға келтіру, ауыртпаудың дәрілерін және дем алу және жүрек-тамыр жүйелерінің жұмысын жақсартатын дәрілерді жіберу. Бұдан кейін науқасты емдеу мекемесіне аса сақтықпен апаруды ұйымдастыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет