ЖАРАҚАТТАНҒАНДАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ Жарақат алған науқастарда бірінші көмек көрсетіп, тасымалдау орта медицина қызметкерлері ұйымдастырады. Науқасты жөнелтуде дененің жарақаттанған жерін абайлап, қарау қажет. Барлық жұмыс тез, ширақ, бірақ онша асықпай орындалады. Санитарлар орта медицина қызметкерлерінің айтқанын бұлжытпай орындауы тиіс.
Жарақаттанғандарды тасымалдаудың бірнеше түрлері бар.
Науқасты сүйеп жүргізу, оның жалпы жағдайы көтеретұғын жағдайда науқастарды аяғымен жүргізуге болады. Жарақаттанғанның қолы жәрдем көрсетушінің мойнынан асырылып оның саусақтарынан ұсталынады (за кисть) .
Қолда алып жүру. Жарақаттанған қолға көтеріліп алынады; бір қолымен денесінен құшақтайды, екінші қолы тізесінің астынан өткізіліп, науқас қолы-мен жәрдем көрсетушінің мойынан құшақтайды (54 сурет, а),
Арқалап алып жүру. Жарақаттанған жәрдем берушінің арқасына отырады және қолымен мойнынан ұстайды. Жәрдем көрсетуші өз қолдарымен науқастың тақымына жақын жерден ұстайды (54 сурет б, в).
"Құлып" жәрдемінде екі адамның алып жүруі. I Үш, төрт қол "құлып" түрінде айқастырылады. Әрбір санитар қолының алақанымен өзінің оң білегінен, ал оң қолының саусақтарымен екінші санитардың білегінен қысып ұстайды. Науқас осы "отырғышқа" отырады және санитарлардың мойын-дарынан құшақтайды.
Науқасты шалқайтып отырғызу жағдайындаалып жүру. Бір санитар ар-тынан жарақаттың қолтығының астынан ұстайды, ал екінші санитар науқас-тың аяктарының арасында тұрып қоладырымен оның жіліншіктерінен ұстай-ды.
Жарақаттанған мүшелерді, әртүрлі қолда бар құралдарды пайдаланып, қимылсыз жағдайға келтіру әдістерін иммобилизация деп атайды. Иммоби-лизация әдісі негізінен екі түрге бөлінеді: I) көлікте бар құралдарды пайда-лану; 2) емдеу тәсілдері.
Сүйек сынғанда немесе қозғалыс-сүйеніш аппараттары (опорнодвига-тельный аппарат) жарақаттанғанда науқасқа тасымалды иммобилизацияның маңызы өте зор. Жарақаттанған науқастың мүшелерін қозғалтпай ауруха-наға тезірек жеткізу көліктік иммобилизацияның ең негізгі мақсаты. Науқастың жарақаттанған жерінің ауырғанын азайтып, жарақат шогіне жеткізбеудің алдын алу және сынған сүйектердің тері қабатын тесіп кетпейтін жүйке, қан тамырларын, бұлшық ет т. б. тіндерді зақымдамайтындай етіп, жақсы ұйымдастырылған жағдай, зақымдалған мүшенің тез жазылуына көмектеседі.
Жарақаттанған мүшені қозғалтпай тасымалдау үшін қолданылатын қол құралдары көп-ақ: үш бұрышты жұмсақ орамал, дәке танғыштары, арнайы қолдан жасалған кұрсаулар, фабрикада дайындалған ағаштан, сымнан, пласт-массадан істелген жақтаулар, тоқыма таңбалар, ішіне ауа толтырылатын құрсаулар бар. Ішіне ауа толтырылған құрсаулар (пневматические шины) сынған қолға кигізіліп сынған сүйектерді қозғалтпайды.
Осы жабдықтардың барлығы да жедел көмек машинасында, емханада (поликлиника), дәріханаларда, тағы басқа дәрігерлік мекемелерде болады.
Ортан жілік сынғанда Дитерихс тасымалдау құрсауы қолданылады. Ди-терихс құрсауы екі балдақтан тұрады. Жарақаттанған науқастың бойына қарай, балдақты ұзартуға және қысқартуға болады, ол үшін жылжымалы
тетігін қозғаса болғаны. Бұл құрсау науқастың киімі сыртынан пайда-ланылады.
Көліктік құрсаулардың ішінде аса көп тараған және жиі пайдалынатын Крамер құрсауы оның көлденеңі 10 см, ұзындығы 1 м жұмсак сым темірден жасалғандықтан мүшеге дәл етіп, буын бар жерді майыстыруға болады. Крамер құрсауын пайдаланар алдында ішкі жағына мақта салып оны таңғышпен ұстатады, қол-аяққа бинттермен бекітеді. Темір — тор құрсауыңда осылай пайдаланылады. Соңғы кезде, сынған мүшені қозғалтпай тасымалдау үшін тез қататын пластмассадан құрсау салу қолданылып жүр. Осы құрсаулар болмаған жағдайда тақтай, тал, зонтт. б. заттарды пайдалануға болады. Кейде тіпті жарақаттанған аяқты сау аяққа қатты таңып байлап қойғанда жөн.