Сынықтардың бітуі (консолидация). Сынықтардың бітуінің күрделі па-тогенезі бар. Сыну аумағында әрқашан микробсыз (асептикалық) қабыну құбылыстары пайда болады. Сүйектің сынған жерінде жұмсақ тканьдердің сарысулануы, жергілікті ыстығының көтерілуі пайда болады. Бастапқы күндері жалпы денесінің ыстығы көтерілуі мүмкін, ол кейде 38°С дейін жетеді. Ыстықтың көтерілу себебі — қанның және клеткалардағы бұзылған заттардың денеге тарауына байланысты болады. Сынықтың пайда болған жерінде бастапқы 2—3 тәуліктің ішінде бірінші сүйек мүйізгегі пайда болады. Оның пайда болу процессінде сүйек сынған уақытында аққан қан, сүйек қабы сүйектің гаверс каналдары және эндост клеткалары қатынасады. Қай жерде көбірек пайда болуына қарай, ол төмендегі түрлерге бөлінеді: I) эндостальдық мүйізгек-эңдост клеткаларынан; 2) интероосальдық мүйізгек-тергаверс каналдарынан; 3) периостальдық мүйізгек-сүйек қабынан; 4) параоссальдық мүйізгек-сүйекті қоршап тұрған жұмсақ тканьдардан.
Сүйек мүйізгегінің пайда болуында бір қатар құрылымдық өзгерістер жүзеге асырылады. Ең бірінші сыну аймағында бірінші сүйек мүйізгегі пайда болады. Ол айтарлықтай едәуір жұмсақ болады және рентген сәулесінде көрінбейді. Кейіннен онда сүйек тканы, клеткалары пайда болады және калций тұздары жиналғандықтан екінші сүйек — мүйізгегіне айналады, ол ұстап көргенде қатты болады, сынған сүйектің бастарын жақсы ұстайды, көлемі жағынан жарақаттанған сүйек бөлігінен едәуір үлкен болады және манжетка тәрізді сынған сүйектердің ұшын қоршап алады. Екінші сүйек мүйізгегі рентген сәулесінде жақсы көрінеді. Соңынан сүйек мүйізгегінің артық жерлері сорылып және сынған жер жалпы білінбей кетеді.
Сынықтарды емдеу негізі. Сынықтарды емдеудің негізіне сүйек сы-нықтарын орнына салу және оларды осы жағдайда мүйізгек пайда болғанша қозғалтпау жатады. Сүйек сынықтарын орнына салу үшін сынған жер 10—20 мл 2 процент новокаин ерітіндісімен жансыздандырылады. Ауыруды сездірмеуден басқа, ауыртпау шаралары бұлшық еттердің босауына себеп болады, бұл сүйек сынықтарының дұрыс салынуына жағдай туғызады. Сүйек сынықтарынын. дұрыс жағдайда болуы үшін: I) гипстен таңба (құрсау, лон-гета) қойылады; 2) теріден немесе қаңқадан тарту қолданылады; 3) сүйек сынықтарын операциялық әдістермен орнына салып, бекітеді.