«Жарақаттар. Механикалық жабық зақымдар. Соғып алу, созып алу, буындардың шығып кетуі, сынықтар»



бет11/13
Дата12.09.2022
өлшемі62,34 Kb.
#149284
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
лекция жабық жарақат

Сынықтың асқынулары. Олар ерте және кеш деп бөлінеді. Ерте асқыну-ларға мыналар жатады: I) травма шогі. Бұның алдын алу үшін жақсылап ауыртпау шараларын істеу, аяқ-қолдарды дұрыс иммобилизациялау және науқасты өз уақытында емдеу мекемесіне жөнелту қажет; 2) майлы эмболия. Алдын алу шаралары: сынған жерге абайлап, көңілмен қарау, жақсы иммобилизациялау болып есептеледі; 3) сүйек сынықтарымен ірі қан тамыр-ларының жарақаттануынан-екінші рет қан ағу. Алдын алу шаралары алдыңғы жағдайлардағы сияқты орындалады; 4) аяқ-қолдардың, әсіресе негізгі, үлкен қан тамырларды қысатын жабық гипс құрсаулары қойылғандағы гангрена (жансыздануы). Алдын алу үшін гипс танғыштарды дұрыс қою және оларды өз уақытында кесу керек.
Кешіккен асқынулар: I) сүйек шығып. түрған жерлердегі жаралардың пайда болуы. Алдын алуды жүргізу, науқасты ертерек қимылдату, массаж істеу қажет; 2) сым шыбық өткізілген жерлердің немесе операция жасаған жерлердің іріңдеуі. Бұл шараларды жүргізуде асептиканы қатаң сақтау және алдын алу антибактериалды емді жүргізу керек: 3) сүйек жарқыншағын сым шыбықтар жырып кетуі. Сүйектен тартуды өз уақытында бастау және оны басқа әдіспен өзгерту керек; 4) сүйек сынықгарының дұрыс салынбауында, жүмсақ тканьдердің сынық арасына қысылып қалуында, витаминнің аздығы және т. б. болады. 5) ұзақ уақыт мүйізгектің нашар пайда болуынан немесе болмауынан жалған буын пайда болады. Емі тек операция.
Балаларда сүйек сынуының өзгешеліктері. Сүйек тканының айтарлықтай созылғыштығы, сүйек қабығының (нажостница) жеткілікті мықтылығы және өсу аймағының болу нәтижесінде балалардың сүйегінің сынуында өзгешеліктері бар. Әсіресе балаларда сүйек қабығы асты сынулар деп атала-тын сынуларда сүйек қабығы жарақаттанбай, жыртылмай сынулары "жас шыбық" тәріздес болады. Бұнда сүйек сынықтарының орнынан таймауы да мүмкін. Сүйектің жоғарғы не төменгі басында (эпифиз) өсу жерінің болуы, оның үзіліп кетуіне жағдай тудырады — эпифизеолнз және осыған байла-нысты сүйек сынықтарының таюы, ересек адамдардағыдай сүйек кесе көл-денең сынуы болады. Бұндай сынықтарда сүйек сынықтарының бітуі ай-тарлықтай тез болады. Балалардың аяқ-қолдарының жарақат жағдайында буын қалталарының және байланыстырушы аппаратының және буын ішіндегі дәнекер тканьдардың семуі сирек кездеседі. Осының себебінен оларда буындардың қозғалмай қалуы жәй басталады.
Балалардың сынықтарына емдеуде өз алдына ерекшеліктері бар. Әдетте қаңқадан тарту тек үлкен жастағы балаларда істелінеді. Кішкене балаларда теріден тартумен жасалынады (ауыр салмақтың керегі жоқ). Оларда аяқ-қолдардың физиологиялық жағдайы басқаша болады, мысалы аяқтың жам-бас-сан буынындағы бүгілу 90°-ты, тізе буынында бүгілу 180°-ты талап етеді. Осыған байланысты аяққа теріден тарту жасалғаннан кейін бекітілген шығырлар арқылы жібек бау өткізіледі және баланың аяғы "асып" қойыла-ды. (65 сурет). Бұндай жағдайға бала тез үйренеді және тарту оның тыны-шын алмайды.
Терінің пысынаушылығының (опрелость) алдын алу үшін дәретке шыққанда және кіші дәреттен кейін өз уақытында баланың астын жууға көп мән беру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет