ЖАРАҚАТТАНҒАН НАУҚАСТАРДЫ КҮТУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Травматология бөлімінің мейіркеші десмургияны, гипстеу техникасын осы науқастарды емдеу үшін арналған аппараттарды және құралдарды жақсы білуі тиіс.
Бұл қатардағы науқастарды күтуде олардың рухани жағдайына үлкен мән беру қажет. Ықыласпен қарау науқастың жаңа жағдайға тезірек үйренуіне және ауруынан жылдам сауығуына жәрдем етеді.
Жарақаттанған науқастардың басым көпшілігі көп уақытқа дейін төсек тартып жатады. Жарақатқа байланысты науқастың мәжбүрлік жағдайы ай-тарлықтай ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Көкірек қуысының қалып-тағыдай дем алмаған салдарынан бронхтарда сары су, қақырық жиналып, ақырында өкпенің қабыну жағдайына әкелетінін естен шығармау керек. Бұл асқынудың алдын алу үшін науқастар дем алу гимнастикасымен шұғылдану-лары тиіс. Дем алу гимнастикасының ең жеңіл түрлері: мұрнынан терең дем алу, демді шамалы тоқтатып, біртіндеп, ақырын демді ауыздан шығарады. Егер қолдар жарақаттанбаса, онда оларды қозғап дем алу гимнастикасын күшейту керек. Дем алғанда қолдар жоғары көтеріледі, дем шығарғанда олар төмен түсіріледі.
Көп жатып қалғанда бұлшық еттердің солуы, асқазан-ішек жолдары және басқада бір қатар мүшелердің қызметі төмендейді. Осы асқынулардың ал-дын алу мақсатында жарақаттанғаннан кейінгі бастапқы күндері емдеу гим-настикасы жүргізілуі қажет. Жарақаттанған аяқ-қолдардың жақсы қозғалуы бұлшық еттердің солуын, сүйектің қатаюының төмендеуін, ыдырауын (остеопороз), байланыстырушы аппараттардың солуын, семуін болдырмай-ды, қан және лимфа айналысын жақсартады, мүйізгектің пайда болу про-цессін тездетеді. Иммобилизацияланған аяқ-қолдың жағдайын өзгертпестен, бұлшық еттердің жиырылуын, тартылуын және әлсірету қажет. Емдеу физкультурасы нәтижесінде бас, ми қабығында қозу тормоздық процесстер қалыптасады. Заттардың алмасуы, қан айналысы, дем алу, науқастың әлеу-меттік жағдайы жақсарады.
Науқастың жағдайының ауырлауы, жоғары температура, жедел қабыну процесстері емдеу физкультурасын жүргізуге болмайтұғын жағдайлар бо-лып есептеледі.
Буындарда қимыл жасауда жалпы емдеу шынығуларынан басқа, механо-терапия тағайындалады. Осы мақсатта арнаулы аппараттар: универсаль ма-ятнигі Каро-Степанов аппараты пайдалынады, оны барлық аяқ-қолдардың буындарын, әртүрлі блоктар системаларын және т. б. істету үшін қолданы-луы керек.
Жарақаттанған науқастарды емдеуде физиотерапиялық шаралар (жылы процедураларға, электр тогімен, жарық, сәулемен емдеу, батпақпен емдеу) маңызды роль атқарады. Бұл әдістер емдеу дәуірінде ауыруды азайту, қабы-нудың тарауын, сүйек мүйізгегінің пайда болуын тездету, буындардың сіресін, қозғалмай қалмауы үшін көбірек пайдаланылады.
Бұл үшін (қол немесе арнаулы аспаптармен) массаж жасалынады. Мас-саждың негізгі түрлері: сипалау, уқалау, езу, үру, вибриация жасау. Массаж шеттен ортаға қарай жүргізіледі. Бұнда науқас ауыруды сезбеуі тиіс. Жа-рақаттың алғашқы кезінде (ауыру, сүйек сынықтарының таюы, майлы эм-болия) массаж жасалынбайды. Инфекция (дерматит, экзема, фурункулез және т. б.) жағдайында да массаж істелінбейді.
Науқастарды күтуде, әсіресе жасы үлкен адамдарда жүрек-тамыр жүйесіне, рухани жағдайына, өз уақытында кіші және үлкен дәретке шығуына, ойықтардың пайда болуының алдын алуға көңіл аудару керек. Бөлмелерді жақсылап ауасын тазарту және оларды тазалықта ұстау қажет.
Травматологиялық және ортопедиялық науқастарды ықыласпен күту науқастың табысты және тез сауығып кетуіне себепкер болады.