Практиканы өту қорытындысы бойынша қалыптасатын құзыреттіліктер
жұмыс орындарын ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасы нұсқасын өту;
орындалатын бұйымдарды бекіту және жасау;
орындалатын бұйымдардың құрастыру үлгілерін қабылдау әдісін білу;
моделдің лекалдарын және құрастыруын жасап үйрену;
тәжірибелік үлгіні немесе макетті дайындап үйрену;
өндірістік практиканың күрделігін толтыру;
өндірістік практикадан өткеннен кейін есеп әзірлеу.
Практиканы өткізу жөніндегі әдістемелік басқару
Студенттің өндірістік практика есебі мекеме немесе кәсіпорындағы
практикалық іс әрекетінің қорытындысы болып табылады. Студент-практикант
практика нәтижесі бойынша жазбаша есеп пен практика күнделігін комиссияға
ұсынады.Есепте студенттің нақты атқарған жұмысы жайлы ақпарат, практика
базасыны, ұйым мен оның іс-әрекетінің сипаттамасы болу керек. Өндірістік
практика бағдарламасы бойынша қорытынды мен ұсыныстар берілуі тиіс.
Практика күнделігі күнделікті толтырылып тұруы тиіс. Күнделікте келесідей
сұрақтар қаралуы тиіс:
- ағымдағы және алдағы күндерге тапсырма;
- тапсырманы орындау тәсілдері (немесе орындамау);
- кәсіпорын өндірістік кеңесі мен жоспарлауына қатысу;
- белгіленген күнде бітетін тапсырмалардың орындалуы;
- құжаттармен, буклет, папкалармен және т.б. өзіндік жұмыс;
- әріптестермен келіссөз жүргізулерге қатысу;
- клиенттерге жарнамалық іс-әрекет пен түсіндіру шараларын өткізу;
- қоғамдық іс-әрекеттер мен дәстүрлі шараларға қатысу;
- басқа шаралар мен тапсырмаларға қатысу
Студенттің практика нәтижесі бойынша жұмысын бағалауда тек “өндірістік
практика бағдарламасын” орындауы ғана ескерілмейді, сонымен қатар практика
кезінде атқарылған қосымша жұмыстар үшін ынталандырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |