Үлкен Нарын ауылдық лицейі
Тамыз конференциясы
Баяндама
Тақырыбы: «Жаратылыстану цикіліндегі пәндерді оқытудың жағдайын және осы пәндер бойынша оқушылардың білім сапасын ҰБТ нәтижесі негізінде талдау»
Б.М.Кожикова
2010 ж
Тамыз конференциясы 2010 ж.
Тақырыбы: «Жаратылыстану цикіліндегі пәндерді оқытудың жағдайын және осы пәндер бойынша оқушылардың білім сапасын ҰБТ нәтижесі негізінде талдау»
Бүгінгі таңда білім беру әлеуметтік құрылымының маңызды элементтерінің біріне айналуда. Дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасының көлемін, ойлау деңгейіне байланысты болады
Білім теңіз, оның тереңін жетік білетін, сырын меңгерген, адамдарды дайындайтын мұғалім. Әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениеті жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті. Ол үшін мұғалім өзі оқытатын пәндердің ғылыми-әдістемелік деңгейін ғылыми ұйымдастырғанда, яғни сабақта әртүрлі әдіс-тәсілді кешенді жоспармен пайдаланғанда ғана қолы жетеді.
Сол сияқты менің іс-тәжірибемде жылдық проблемалық тақырып бойынша Жампейісованың модульдік оқыту технологиясын 2002 – жылдан бастап қолданып келемін. Мұнда мағынасы жақын, тақырыптар саны аз тарауларды жоспарладым. М: 9-10-сынып химия оқулығы және 8-9 сынып биологиялары модульдеуге келеді. Ал оқытылатын материалдары көп, үлкен тарауларды меңгертуге 2003-оқу жылында блокты оқыту әдісін пайдаландым.
Мысалы: 8-сыныпта химиядан «Химиялық алғашқы ұғымдар» және «Д.И. Менделеевтің периодтық заңы» периодтық жүйесі, «Атом құрылысы» тарауын 4-ірі блокқа бөліп өткіздім.
1-модуль «Атомдардың электрондық күйі» деген тақырыпты
1-блок-химиялық элементтерді жіктеу
2-блок-Периодтық заң, периодтық жүйе
3-болк- Атом құрылысы
4-блок Атомдардың электрондық күйі.
6-сыныпта Биологиядан «Өсімдіктердің вегетативті мүшелері» деген 2-тарауда 15-тақырып бар, ол 6-сынып оқушылары үшін 1-модуль бола алмайды.
1-блок Тамыр - 4 тақырып
2-блок Жапырақ – 5 тақырып
3-блок Сабақ – 5 тақырып бөлдім
бұл әдістің артықшылығы – оқу материалын барлық оқушыларға меңгертуге қол жеткізеді. Әрине оқушының қабілетіне қарай меңгеру деңгейі түрліше болады.
2004-оқу жылында Ж.Қаратаевтың «Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы» бойынша деңгейлік тапсырмаларды қолдана бастадым. 6-7-8 сыныптардағы оқулықтарда жұмыс дәптері, есептер жинағы оқулықтарға сәйкес деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы бойынша жазылғандықтан үнемі қолданып отырамын. Бұл технология модульдік оқытуда негізгі диалог бөлімінде қолдануға өте тиімді және де осы бөлімде топтық, бір-бірін оқыту,
әртүрлі ойын түрінде М: «дәрігер», «папавоз», «қарлы кесек», «Брин ринг» т.б. әдістер қолданамын.
Сонымен қатар оқулықтағы материалдармен ғана шектеліп қоймай, қосымша материалдарды меңгертуге сабақтан тыс өткізілетін шаралар «Ақылдылар сайысы», жаратылыстану апталығы, ашық сабақтар, «Құстар күні» «1-желтоқсан б.ә. СПИД-ке қарсы күн», Бір-бірін тексеру (взаимоконтроль) біздің мектебімізде дәстүрге айналған.
Қазіргі уақытта «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасымен танысып, өз тәжірибеме енгізудемін. Бұрынғы қолданған технологиялардың элементтерін осы бағдарламада қолданудамын.
СТО (оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау) дегеніміз – мұғалімнің бағыттауымен оқушылардың өз бетінше білімді игеруі, кейбір практикалық іскерліктерін қалыптастыруды сыни тұрғыдан ойлауды дамыту.
Оқушылардың СТО қабілеттері дамыған сайын оларда 4-параметірдің көрсеткіші өседі. 1. Жекеден → Дамуға
2. Дифференциалдыдан → сенімділікке
3. Интуициядан → логикалылыққа
4. Бір перспективадан → көптеген перспективаларға
Ал бұл көрсеткіштерді өсіру үшін:
1. Өз бетінше тұжырым, қорытындыға келу қабілетін дамыту
2. Ұқсас құбылыстар арасынан тиімділерін таңдай білу.
3. Проблеманы шеше білу.
4. Пікірталасты жүргізе білу қабілеттерін қалыптастыру қажет.
Оқытудың белсенді әдістері: программалық оқыту, проблемді оқыту, эвристикалық әңгіме, пікірталас әдістері, дөңгелек үстел, іс ойыны, сайыстар, тренингтер. Осындай әдістер оқушылардың белсенджі іс-әрекетіне бағытталады.
Белсенділік Әдістері
П
СТО
рактикалық іс
әрекетте болу Өз ойын тұжырымдай білу
Білім, іскерлік дағдыны Қарым қатынас жасауға
қалыптастыру үйрету
Басқаларды тыңдай білу Ел алдына шығып өз
ойыңды айтуға үйретеді
Ойын түрінде (СТО) бағдарламасы бойынша сабақ өткізу.
Сабақ тақырыбы: «Жапырақ»
Көрнекілік тақтаға: «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас» нақыл сөз тақтаға ілінеді.
1. Ұ.б.(мақсаты: қағаз,қалам дайындау)
Оқуш. Сұрақ 1) Мен жапырақ туралы не білемін? (білгеніңді жаз)
2. Жұптық жұмыс.
Жаныңдағы жолдасыңмен (жұбыңмен) ақылдасып жауаптарыңды толықтыр
3. Сергіту сәті. (Топқа бөлу) кеспе қағаздар тарату, ағаш мектеп, жол. Сөздеріне б-ты топтау.
4. Топтық жұмыс. Топтағы оқушылар бірігіп, бірінің білмегенін екіншілер толықтырады. Топтағы 1 оқушы тақтаға шығып өз жазғандарын қорғайды.
5. Кітаппен жұмыс. (Мәтін таратылып беттің екінші жағына тапсырма орындау)
Кластер тұрғызу.
Кластер – Сабақтың мақсатын, сабақ үстінде меңгерілуге тиісті оқу материалын ашып көрсететін қарапайым сызбанұсқа (өздері жазған тапсырманы кітаппен байланыстырып бір жүйеге келтіру)
Тақтаға:
анықтама
қызметі
Қосымша ж.сыртқы құрылысы
ж. тақтасының пішіні
жүйкелену
Бұл кезеңде оқулықпен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады. Оқушылар жетелеуші тапсырмалардың жауабын оқулықтан оқып, дәптерлерін толтырады, демек тақырыпты өзбетінше оқып үйрену алгоритімі қалыптасады.
Оқушы оқулықпен жұмыс жасау барысында.
- танымдылық әрекеті артады.
-іздемпаздыққа үйренеді
- өзіне сенімі артып, тұлға ретінде дамиды.
- оқулықты міндетті түрде оқиды, танып білу мақсаты қойылады
(кесте толтыр. Оқуш.д. ...)
6. Оқушылармен кері байланыс.
Алғашқы алған білімін тексеру арқылы біліктілік дағдысын тереңдетіп, дамыту кезеңі. Бұл кезеңде оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындап, баға алады.
Мысалы: Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда оқушыларға ешқандай қысым көрсетілмейді, әр оқушы өз еңбегін өзі бағалап бағалау мониторингін өзі жасайды.
(карточкалар көрсету) деңгейлік тапсырмалардың
Деңгейлік тапсырмалар оқу материалының арнасын кең ашуға, оқушының ойлау қабілетін эвристикалық деңгейден шығармашылық деңгейге дейін бағытталып құрылған.
1-деңгей: Сыныптағы барлық оқушылар өз бетінше жазбаша жауап береді. Бұл тапсырмалар: жаңа тақырыпта кездескен жаңа ұғымдар, терминдер т.с.с. анықтамаларды жатқа айтып береді.
2- деңгей. 1- деңгейден алған білімдеріне негізделіп құрылады.
3-деңгей. Эвристикалық деңгей болғандықтан, оқушыға жаңа тақырып бойынша негізгі ойын қорытып, өз пікірін айта алатындай тапсырма беріледі.
4-деңгей. Шығармашылық тапсырма алады. (олимпиадаға дайындық үстіндегі оқушылар)
7. Үйге тапсырма қосымша шығармашылық жұмыс беру өздіктерінен сөз жұмбақ, ребус, тест құруға беріледі.
Жаңа тақырып үйге беріледі: Сабақта жаңа тақырыпты өтер алдында оқушылар оның кілті бола алатындай «трек тапсырмаларын» үйден орындап келеді. Бұл тапсырманы орындағанда оқушылар өз бетімен ізденеді, оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады.
8. Қорытынды. (1-тарау біткеннен кейін)
Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің түрлі шараларын қолданамын бақылау, тест, сынақ алып отырылады.
Кесте, материалдар көрсету.
1) бақылау жұмысы деңгейі бойынша немесе нұсқалар бойынша алынады.
(қатемен жұмыс жасалып)
2) сынақ: «айналма сынақ деп аталады» химияда ауызша, есеп, эксперименттік есептер болғандықтан осындай әдістер қолданамын. (кеспе қағаздарды көрсету)
3) тест – білімді тексеру, бекіту, қайталау, жүйелеу құралы болып отыр және уақыт үнемделеді, оқушылар қызығып, белсенділігі артады.
Мынандай тест түрлерін қолданамын: толтыру тесті, таңдау, салыстыру, ашық тест түрлерін.
Мысалы: 10-сынып химияда әр тарау өткен сайын б/ж қорытындысы бойынша әр оқушы бағалау мониторингісін шығарып отырады. Осы арқылы оқушы нені меңгерді нені меңгерген жоқ және осы бойынша қосымша тапсырмалар беріліп отырады. (Хамзинаның, Зайнолдинаның көрсету).
Достарыңызбен бөлісу: |