Жаратылыстану факультеті 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы



бет14/27
Дата15.09.2017
өлшемі5,56 Mb.
#32743
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орыс топтарына орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Ботаника

Пәннің коды: Bot 1(2) 203.

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3,4

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Байкенжеева А.Т. - доцент, б.ғ.к.; Төлегенова Ж. - оқытушы, биология магистрі.

Курстың мақсаты: «Өсімдіктер жүйесі» пәнін игерудегі мақсат бакалаврларда өсімдіктер организмінің алуантүрлілігі, органикалық дүние жүйесіндегі жеке топтардың орнын, өсімдіктердің құрылысындағы, көбеюіндегі, таралуындағы заңдылықтарды, олардың ортамен байланысын жөнінде кешенді білімді қалаптастыру және жүйелеу.

Білу: қазіргі өсімдіктер жүйесінің перспективалық дамуы және негізгі проблемалары; негізгі ботаникалық номенклатура.

Дағдылану: палеоботаника және өсімдіктер жүйесінің негізгі түсініктерін қолдана алу;

Игеру: өсімдіктер жүйесінің негізгі проблемаларын шешуде теориялық түсініктерді күрделі салаларда пайдалана алуды игеру.

Деректемелері/Пререквизиттері: ботаника (өсімдіктер морфологиясы және анатомиясы), жалпы экология

Курстың/пәннің мазмұны: Өсімдіктер систематикасы ғылым ретінде мақсаты және міндеті. Өсімдіктер систематикасының қысқаша даму тарихы және қалаптасуы. Өсімдіктер систематикасын зерттеудің әдістері және ақпараттық көздер. Өсімдіктер систематикасының дамуына салыстырмалы морфология (кең ұғымда), генетика, кариология, физиология, биохимия, өсімдіктер географиясы, палеоботаника, молекулалық биология, математика салаларының ықпалы. Талдамалы Особая роль систематики как биология ғылымы ретінде систематикалың рөлі. Таксономиялық категория және таксондар. Систематика иерархиялық бірліктік классификациясы. Түр негізгі таксономиялық категория. Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктерді бөлімдерге бөлу. Споралы, тұқымды, архегониальді және гүлді өсімдіктер жөнінде түсінік.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Ботаника: конспект лекций / Н. В. Степанов, И. Е. Ямских, Е. А. Иванова [и др.] – Красноярск: ИПК СФУ, 2009. – 284 с. (Ботаника: УМКД № 1341 / рук. творч. коллектива Н. В. Степанов).

2. Бавтуто, Т. А. Атлас по анатомии растений / Т. А. Бавтуто, В. М. Еремин, М. П. Жигар. – Минск : Ураджай, 2001. – 146 с.

3. Практикум по систематике растений и грибов / А. Г. Еленевский, М. П. Соловьева, Н. М. Ключникова [и др.]. – М. : Академия, 2001. – 160 с.

4. Ботаника : учеб. для вузов : в 4 т. / П. Зитте, Э. В. Вайлер, Й. В. Ка-

дерайт [и др.]. – М. : Академия, 2007.

5. Тимонин, А. К. Ботаника : учеб. для студентов вузов : в 4 т . Т 3.

Высшие растения / А. К. Тимонин. – М. : Академия, 2007. – 352 с.



Сабақ беру әдістері: дәрісханалық сабақтарды игеру барысында төмендегідей білім беру технологиялары қолданылады: лекция, зертханалық сабақ (сөздік әдіс, диалог әдісі, интерактивті әдіс); Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында төмендегідей білім технологиялары қолданылады: нақты ситуацияны талдау, баяндама, реферат, компьютерлік презентация

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орыс топтарына орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Зоология

Пәннің коды: Zoo 1(2)204.

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3,4

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Құрманбаев Р.Х. - аға оқытушы, б.ғ.к.

Курстың мақсаты: Студенттерге омыртқалы жануарлар пәнінің мақсат-міндеттерімен таныстырып, хордалы жануарлар және олардың жүйеленуі, хордалылар типінің, типтармағының сипаттамасы: бас сүйексіздер, қабықтылар және омыртқалылар туралы түсінік беру.

Деректемелері/Пререквизиттері: Биология, цитология, гистология

Курстың/пәннің мазмұны: Омыртқалы жануарлар пәні және әдісі. Хордалы жануарлар және олардың жүйеленуі. Хордалылар типінің, типтармағының сипаттамасы: бас сүйексіздер, қабықтылар және омыртқалылар. Омыртқалы жануарлар класының филогениясы және дамуы, систематикасы, салыстырмалы морфологиясы, ішкі мүшелер жүйесі: дөңгелекауыздылар, шеміршектілер, сүйекті балықтар, амфибийлер, рептилилер, құстар, сүтқоректілер. Хордалылар типі және оның омыртқасыз жануарлардан принципиалды айырмашылығы. Төменгі хордалы жануарлар: қабықтылар, бас сүйексіздер. Жоғары хордалы омыртқалы жануарлар. Дөңгелек ауыздылар, балықтар, амфибийлер, рептилийлер, құстар мен сүтқоректілер класы. Құрылысының ерекшелігі. Құрлықта өмірсүруге бейімделу жолдары. Омыртқалы жануарлардың эволюциясы, әртүрлілігі және маңызы.

Ұсынылатын әдебиет:

1.В.Ф. Натали – Зоология беспозвоночных, М. 1963 г.

2. А.Л. Зеликман – Практикумпо зоологии беспозвоночных, М. 1965 г.

3. Е.Н. Фролова и др. – Практикум по зоологии беспозвоночных, М. 1965г.

4. Абрикосов Г.Г. и др. – Курс зоологии, М.: Высшая школа, 1966 г. Т.1. 540 стр.

5. В.А. Догель – Зоология беспозвоночных, М. 1975 г.

6. В.А. Догель – Зоология беспозвоночных, М., Высшая школа. 1981 г.

7. Дерягина М.А. Этология приматов, М., МГУ, 1992 г.

8. Дәуітбаева К.А. – Омыртқасыздар зоологиясы курсының типтік оқу бағдарламасы, Алматы: Қазақ университеті, 1998 ж, 30 б.

9. Дәуітбаева К.А. – Омыртқасыздар зоологиясы, Алматы: Қазақ университеті, 1997, 1998 жж. 1,2,3 бөлімдер.

10. Шарова И.Х. Зоология беспозвоночных, М., 1999 г.

11. Түсіпбаева К.С.- Омыртқасыздар зоологиясы. І, ІІ бөлімдер, Алматы, 1999 ж.

12. Түсіпбаева К.С.- Омыртқасыздар зоологиясы. І, ІІ бөлімдер, Алматы, 2004 ж.

13. Дәуітбаева М. - Омыртқасыздар зоологиясы. Алматы, 2005 ж.

14. Ф.В. Салимова. «Методическое пособие к учебно-полевой практике по зоологии беспозвоночных», Кызылорда, КГУ им. Коркыт ата, 2004 г,112 стр.

15. Ф.В.Салимова «Омыртқасыздар зоологиясынан зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқау», Қызылорда, КГУ им. Коркыт ата, 2010 ж, 44 б.

16. Ф.В.Салимова – Студенттердің өзіндік жұмыстары, Қызылорда, КГУ им. Корқыт ата, 2010 г.

17. УМКД: (омыртқасыздар зоологиясы), Қызылорда, КГУ, 2011 ж.



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орыс топтарына орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Адам және жануарлар физиологиясы

Пәннің коды: AZhF 2209.

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Ибадуллаева С.Ж. - профессор, б.ғ.д.; Ауезова Н.С. - аға оқытушы б.ғ.к.

Курстың мақсаты: студенттерге ағзалар мен оның жүйелерінің функциялары туралы білім қалыптастыру; ғылыми дидактикалық көзқарас қалыптастыру; студенттердің білім деңгейін тереңдетіп, оның физиологиялық мағлұматтарды болашақ мамандықты игеруде, жалпы өмірде қызметін тұрмыстық жағдайларда сауатты пайдалануға бейімдеу.

Деректемелері/Пререквизиттері: анатомия,гистология,химия,математика.

Курстың/пәннің мазмұны: Физиология пәнінің мақсаты, міндеті. Физиология ғылымының даму тарихы. Жасуша физиологиясы. Қозғыш құрылымдардың физиологиясы. Бұлшық еттердің жіктелуі. Орталық жүйке жүйесінің физиологиясы. Нерв жүйесінің негізгі кезеңдері. Жұлын. Ішкі секреция бездерінің физиологиясы. Қалқанша без. Гипотериоз. Гипертериоз. Қалқансерік безі. Қарынасты безі.Қан жүйесінің физиологиясы. Жүрек-қан тамырлар жүйесінің физиологиясы. Жүрек етінің жалпы қасиеттері. Жүректің өткізгіш жүйесі. Тыныс алу жүйесінің физиологиясы. Организмде заттар мен энергияның алмасуы. Белоктар. Липидтер. Көмірсулар. Витаминдер. Бүйректер және басқа сыртқа шығару мүшелерінің қызметі. Сенсорлық жүйелер (Анализаторлар) физиологиясы. Рецепторлар мен талдағыштар (анализаторлар). Нерв жүйесінің интерграциялық қызметтері. И.П.Павловтың шартты рефлекс туралы ілімі. И.М. Сеченовтың ғылыми еңбектері. Шартты рефлекстер жөнінде ілім.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Сәтпаева Х.Қ., Өтепбергенов А.А., Нілдабаева Ж.Б. «Адам физиологиясы». Алматы, 2005

2. Рымжанов Қ.С., Төленбеков Н. «Адам және жануарлар физиологиясы» Алматы, 2000

3. Несіпбаев Т.Н. «Жануарлар физиологиясы». Алматы, 1995

4. Сәтпаева Х.Қ., Нілдабаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. «Адам физиологиясы» Алматы, 1995

5. Сәтпаева Х.Қ. «Валеология-денсаулық туралы ғылым.» Алматы, 1993

6. Төленбек И. Адам және жануарлар физиологиясы 1 бөлім. Алматы, «Білім», 2002

7. Жандар Керімбектің Ермаханы. «тәнтану» Алматы, 2004

8. Рахышев А. «Адам анатомиясы» 1,2 т., Алматы, 2004

9. Рымжанов К.С., Төленбек И.М. «Адам және жануарлар физиологиясы», Алматы, 2000

10. Н.Мырзаханұлы. Жалпы физиология. Алматы, 2001

Сабақ беру әдістері: лекция, лабораториялық жұмыс, СОӨЖ

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орыс топтарына орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Энтомология

Пәннің коды: Entom 2.2.05

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Салимова Ф.В. - аккадемиялық доцент

Курстың мақсаты: энтомология өзінің негізгі зерттеу объектісі – насекомдардың ішкі, сыртқы құрылысын, тіршілік әрекеттерін, олардың түр байлығы және тіршілік ортасымен өзара қарым-қатынасын зерттеу; насекомдардың сыртқы құрлысының ерекшеліктерін – бас, көкірек, құрсақ бөлімдерінің сигменттелуін талдау; қарапайым және арнайы ауыз аппаратының құрылысын қарап, бунақтың бөлімдерге бөлшектеу және мән бере отырып суретін салу; әр түрлі қанаттарды қарап, жүйкелену схемасына және ерекшеліктеріне көңіл бөліп, суретін салу; насекомдарды сойып, ішкі мүшелер жүйесін көріп мән бере отырып, суретін салу; насекомдардың постэмбрионды дамуының ерекшелігімен танысу. Насекомдардың екі турлі типтерінің дамуындағы айырмашылықтарын анықтау.

Энтомологияның негізгі міндеті – зиянды насекомдар мен басқа организмдердің зақымдау салдарынан ауыл шаруашылығы өсімдіктері өнімінің шығынын мүлде болдырмау немесе оны мейлінше азайту. Пәнді терең меңгеру үшін лекциялық курста, лабораториялық жаттығуларда және оқу далалық тәжірибелерде, табиғи тірі насекомдарды, энтомологиялық коллекцияларды, препараттарды (ылғалды, құрғақ ), жоба суреттерді, таблицаларды үйлестіре дұрыс пайдалана білуі қажет.



Деректемелері/Пререквизиттері: экология және тұрақты даму, омыртқасыздар зоологиясы, жануарлар экологиясы, экология

Курстың/пәннің мазмұны: Энтомология - насекомдар туралы ғылым (грек тілінде : «энтомос» - насеком, «логос» - ғылым). Энтомология өзінің негізгі зерттеу объектісі – насекомдардың ішкі, сыртқы құрылысын, тіршілік әрекеттерін, олардың түр байлығы және тіршілік ортасымен өзара қарым-қатынасын зерттейді.

Жануарлар дүниесіндегі ең көп таралған түрлер жоғары сатыдағы омыртқасыздар жануарлар насекомдар. Насекомдар класына 2 миллионнан аса түрлер сипатталуда.

Насекомдардың зерттелген түрлерінің соңы басқа барлық жануарлардың белгілі түрлерінің санынан көп, ал кейбір түрлердің, мысалы, үй шыбынының, кәдімгі масаның, көкқолқа шегірткенің тағы басқа особьтардың санын анықтау мүмкін емес. Насекомдарды жер шарының кез- келген жерлерінен кездестіруге болады.

Насекомдардың ең басты ерекшелігі – денеге айқын үш бөлімнен құралған: бас, кеуде, құрсақ, үш жұп немесе алты аяғы бар тек қана трахея арқылы тыныс алады және көпшілігі ұшуға бейімделген.

Кеңірдек тыныстылар немесе кеңірдектілер құрлық жануарлары. Бұл тип тармағына көпаяқтылар мен насекомдар жатады. Тип тармағының аталуының себебі, олардың тыныс алу мүшелері кеңірдек (траея). Кейбір ұсақ өкілдерінің кеңірдегі жоқ, сондықтан терісі арқылы тыныс алады. Кеңірдектілер арасында екіншілей суда мекендеушілері кездеседі (су қоңыздары, инеліктер личинкасы), бірақ олардың кеңірдектері сақталған. Бұл олардың аша шегінің құрлықта мекендегендігін көрсетеді.

Насекомдар кеңірдектердің және жалпы буынаяқтылардың ішіндегі жоғарғы дамыған жануарлар. Бұл олардың құрлықта жақсы бейімделуіне байланысты. Құрлықтың барлық экологиялық мекен орталарында кездеседі. Кейбірі суға қайта еніп, тұщы су қоймаларында ерекше роль атқарады. 1 миллионнан аса түрлері белгілі. Бұл жер шарындағы түрлері мен особьтар саны жағынан, сонымен қатар кеңістікке таралуы мен экологиялық дифференциясы жөнінен алда келе жатқан жануарлар



Ұсынылатын әдебиет:

1. Андрианова, Н. С. Экология насекомых (Текст) / Н.С. Андрианова. – М. : МГУ, 1970-1957 с.

2. Бей-Биенко, Г.Я. Общая энтомология (Текст) / Г.Я. Бей-Биенко. – Изд. 3-е. – М. : Высш. Шк., 1980.-416 с.

3. Бондаренко, Н.В. Биологическая защита растений (Текст) / Н.В. Бондаренко. – М. : Агропром, 1986.-276 с.

4. Варли, Дж. К. Экология популяций насекомых (Текст) / Дж. К. Варли, Д.Р. Градуэлл, М.П. Х ассел. – М., 1978. -221 с.

5. Воронцов, А. И. Биологическая защита леса (Текст) / А. И. Воронцов. – М. : Лесн. пром-сть. 1984. -261 с.

6. Воронцов, А.И. Лесная энтомология (Текст) / А. И. Воронцов. – Изд. 3-е. – М. : Высш. Шк., 1975. -366 с.

7. Воронцов, А. И. Патология леса (Текст) / А.И. Воронцов. – М. : Лесн. пром-сть, 1978. -209 с.

8. Воронцов, А. И. Технология защиты леса (Текст) / А. И. Воронцов, Е.Г.Мозолевская, Э. С. Соколова. – М. : Экология, 1991. – 303 с.

9. Гриффин, Д. Живой организм (Текст) / Д. Гриффин, Э. Новик. – М. : Мир, 1973. – 280 с.

10. Гулий, В.В. Вирусы в защите леса от вредных насекомых (Текст) / В.В. Гулий, М.А. Голосова. – М. : Лесн. пром-сть, 1975. -166 с

11. Захваткин, Ю. А. Курс общей энтомологии (Текст) / Ю. А. Захваткин. - : Агропромиздат, 1986. – 314с.

12. Красная книга Республики Коми. Редкие и находящиеся под угрозой исченовения виды растений и животных (Текст) / под ред. А. И. Таскаева. – М.: ДИК, 1998. – 528с.

13. Крушев, Л. Т. Биологические методы защиты леса от вредителей (Текст) / Л.Т.Крушев. – М.: Наука. 1973. – 250с.

14. Леса Республики Коми (Текст) / Г.М. Козубов (и др.); под ред. Г. М. Козубова, А. И. Таскаева. – М.: ДИК, 1999. – 332с.

15. Лесная энциклопедия (Текст) : в 2т. /гл. Ред. Г.И. Воробьев (и др.). – М.: Сов. Энциклопедия.- Т. 1 : 1985. – 563с., Т. 2 : 1986. – 631с.

16. Литвинова, А.Н. Насекомые сосновых лесов (Текст) / А. Н. Литвинова, Г.П.Танкевич, Р.В. Молчанова. – Минск: Наука и техника, 1985. – 150с.

17. Мозолевская, Е. Г. Методы лесопатологического обследования очагов стволовых вредителей и болезней леса (Текст) / Е. Г. Мозолевская, О. А. Катаев, Э. С. Соколова. – М.: Лесн. пром-сть, 1984. – 152с.

18. Несин, А. П. Насекомые – вредители лесосеменных плантаций и меры борьбы с ними (Текст) / А. П. Несин, Е. В. Юркина, А. И. Патов // Тр. КНЦ УрО РАН. Биологические основы создания постоянной лесосеменной базы в Коми АССР. – Сыктывкар, 1988. - 96. – С. 120-129.

19. Посттехногенные экосистемы Севера (Текст). – СПб. : Наука, 2002. – 159с.

20. Седых, К. Ф. Животный мир Коми АССР (Текст) / К. Ф. Седых. Сыктывкар: Коми кн. изд-во. 1974. – 191с.

21. Синадский, Ю. В. Сосна: ее вредители и болезни (Текст) / Ю. В. Синадский. – М. : Наука, 1983. – 337с.

22. Франц, Й. Биологические методы борьбы с вредителями (Текст) / Й. Франц, А.Криг. – М.: Наука. 1984. – 250с.

23. Юркина, Е. В. Состав, структура и биоценотическая значимость фауны насекомых в сосняках подзоны средней тайги Республики Коми (Текст) : автореф. дис. ... докт. Биол.наук/ Е.В. Юркина. – М., 2004. -36с.



Сабақ беру әдістері:

Түсіндіру әдістері: дәріс; талқылау әдісі; кітаппен өзіндік жұмыс; дидактикалық өзіндік жұмыс; эвристикалық (ізденіс) әңгімелесу әдісі.

Көрнекілік әдістері: бөлшекті-ізденісті көрсетілімді әдіс; экрандық көрнекілікпен жұмыс (ғылыми фильмдер, слайдтар); презентация (жеке, топтық); ылғалды препараттар мен тұрақты препараттар көрсетілімі;

Практикалық әдістер: бөлшекті-ізденісті зертханалық әдіс; зертханалық әдіс.



Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орыс топтарына орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы), мамандырылған дәрісхана.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қан және Қан айналым физиологиясы

Пәннің коды: KKAF 2.2.05.

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Ауезова Н.С. - аға оқытушы, б.ғ.к.

Курстың мақсаты: студенттерге қанның тіршілік үшін маңызын, қан құрамының физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерін, адам денесіндегі үрдістерді реттеуге қатысуда қанның ролін және зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді сыртқа шығаруда атқаратын қызметтерін түсіндіру.

Деректемелері/Пререквизиттері: анатомия, гистология, цитология.

Курстың/пәннің мазмұны: Қан – организмнің ішкі ортасын құрайды. Қан құрамының физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттері. Қанның негізгі қызметі. Қанның құрамы. Қанайналым жүйесі. Жүректің қан айдау қызметі. Қан қысымы және оған әсер ететін факторлар.Жеке органдардағы қан айналу ерекшеліктері. Қантамырлары. Қан клеткаларының түзілуі және қан жүйесінің реттелуі. Лимфа және лимфа айналымы.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Рымжанов Қ.С., Төленбек И.М., «Адам мен жануарлар физиологиясы» (2-бөлім.Висцеральдық жүйелер), Алматы,РБК.2000

2. Төленбек И. «Адам мен жануарлар физиологиясы» Алматы,2002

3. Дүйсембин Қ.Д «Орталық жүйке жүйесі және жоғары жүйке әрекетінің физиологиясы» Алматы,2001

4. Сатпаева Х.К., «Адам физиологиясы» Алматы,1995

5. Несіпбаев Т.Н:, «Жануарлар физиологиясы» Алматы,1995

6. Ибадуллаева С.Ж. «Адам және жануарлар физиологиясы» Қызылорда, 2008 ж.

Сабақ беру әдістері: лекция, лабораториялық жұмыс, СОӨЖ

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орыс топтарына орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Декоративті дендрология

Пәннің коды: BKAE 2.2.05.

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Байкенжеева А.Т. - доцент, б.ғ.к.

Курстың мақсаты: декаративті ағаш-бұта өсімдіктерді сипаттау, олардың алуантүрлілігін айқындау, морфо-биологиялық ерекшеліктерін, экологиясын, географиялық таралуын және шаруашылықтық маңызын оқыту .

Білу: көгалдандыруға қолданылатын ағаш породаларының негізін білу; дендрофлоралық түрлердің морфо-биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін білу; географиялық таралуы және шаруашылықтық маңызы жөнінде түсінігінің болуы.

Дағдылану: саналы түрде табиғи ресурстарды дендрофлораға пайдалана алу және оларды сақтау; өсімдіктерді көшеттеу, күту, көбейту.

Игеру:

- өсімдіктерді жапырақ пішініне және орналасу сипатына қарай анықтай алу;

- ағаштарды жапырақсыз өрекндері арқылы анықтай алу.



Деректемелері/Пререквизиттері: Ботаника (өсімдіктер морфологиясы, анатомиясы және систематикасы).

Курстың/пәннің мазмұны: Ағаш өсімдіктердің декоративті қасиеті. Ағаш өсімдіктердің архитектоникалық ерекшелігі. Бөрік басының табиғи және жасанды түрлері және оларды жасау әдістері. Ағаш өсімдіктердің гүлдерінің, жапырақтарының және діңдерінің декаративті қасиеттірі. Жасыл құрылысқа пайдаланылатын ағаш-бұта өсімдіктердің түрлері (өсімдіктердің кең тараған түрлері мен тұқымдастарын оқу). Қылқанды декоративті түрлер. Жапырақты декоративті өсімдіктер. Өсімдіктерді жарық сүйгіштігіне, топырақ қасиетіне қарай декоративті түрлерге топтастыру. Аймақты көгалдандыруға жеке түрлердің жергілікті жағдайға тұрақтылығын анықтау. Көгалдандыруға өсімдіктерді іріктеп алу. Классикалық дендрология және өсімдіктердің систематикасының негізі.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Аксёнов Е.С., Аксенова Н.А. Декоративные растения. Т.1 (Деревья и кустарники), АСТ, М. 2000.

2. Булыгин Н.Е.. Ярмишко В.Т. Дендрология. М., МГУЛ, 2001.

Сабақ беру әдістері: дәрісханалық сабақтарды игеру барысында төмендегідей білім беру технологиялары қолданылады: лекция, (ақпараттық лекция, лекция-визуализация); зертханалық сабақ иллюстративті-демонстрациялық әдіс; студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында төмендегідей білім технологиялары қолданылады: нақты ситуацияны талдау, баяндама, реферат, компьютерлік презентация

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орыс топтарына орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Өсімдіктер ареалын картаға түсіру әдісі

Пәннің коды: OAKTA 2.2.05.

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Тоқтағанова Г.Б. - аға оқытушы, география магистрі

Курстың мақсаты: Өсімдіктер ареалын картаға түсіру үшін топографиялық карталардың, пландар мен аэрофото түсірістерінің маңыздылығын ашу, өсімдіктердің таралуын анықтауда карталармен жұмыс істеу тәсілдерін көрсету, геодезиялық өлшеулер және топографиялық түсірістер әдістері туралы түсінік беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет