Жаратылыстану факультеті 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы



бет13/27
Дата15.09.2017
өлшемі5,56 Mb.
#32743
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27

Деректемелері/Пререквизиттері: биология, биохимия, цитология, гистология

Курстың/пәннің мазмұны: Зоология пәні және міндеттері. Зоология жануарлар әлемі туралы ғылым, оның шығу тегі, дамуы, биосферадағы және адам өміріндегі ролі. Зоология ғылымы дамуының заңдылығы және негізгі этаптары. Жануарлардың жіктелуі. Макрожүйенің негізгі принциптері. Жануарлар құрылымы деңгейінің сипаттамасы: жасушалы, ұлпалы. Систематикасы, құрылысы, онтогенез, 22-типтің экологиясы. В.А. Догелдің полимеризация және олигемеризациясы.А.Н. Северцовтың филэмбриогенез туралы теориясы. П.П. Ивановтың жануарлар дамуының алғашқы және екінші метамерилері.

Ұсынылатын әдебиет:

1.В.Ф. Натали – Зоология беспозвоночных, М. 1963 г.

2. А.Л. Зеликман – Практикумпо зоологии беспозвоночных, М. 1965 г.

3. Е.Н. Фролова и др. – Практикум по зоологии беспозвоночных, М. 1965г.

4. Абрикосов Г.Г. и др. – Курс зоологии, М.: Высшая школа, 1966 г. Т.1. 540 стр.

5. В.А. Догель – Зоология беспозвоночных, М. 1975 г.

6. В.А. Догель – Зоология беспозвоночных, М., Высшая школа. 1981 г.

7. Дерягина М.А. Этология приматов, М., МГУ, 1992 г.

8. Дәуітбаева К.А. – Омыртқасыздар зоологиясы курсының типтік оқу бағдарламасы, Алматы: Қазақ университеті, 1998 ж, 30 б.

9. Дәуітбаева К.А. – Омыртқасыздар зоологиясы, Алматы: Қазақ университеті, 1997, 1998 жж. 1,2,3 бөлімдер.

10. Шарова И.Х. Зоология беспозвоночных, М., 1999 г.

11. Түсіпбаева К.С.- Омыртқасыздар зоологиясы. І, ІІ бөлімдер, Алматы, 1999 ж.

12. Түсіпбаева К.С.- Омыртқасыздар зоологиясы. І, ІІ бөлімдер, Алматы, 2004 ж.

13. Дәуітбаева М. - Омыртқасыздар зоологиясы. Алматы, 2005 ж.

14. Ф.В. Салимова. «Методическое пособие к учебно-полевой практике по зоологии беспозвоночных», Кызылорда, КГУ им. Коркыт ата, 2004 г,112 стр.

15. Ф.В.Салимова «Омыртқасыздар зоологиясынан зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқау», Қызылорда, КГУ им. Коркыт ата, 2010 ж, 44 б.

16. Ф.В.Салимова – Студенттердің өзіндік жұмыстары, Қызылорда, КГУ им. Корқыт ата, 2010 г.

17. УМКД: (омыртқасыздар зоологиясы), Қызылорда, КГУ, 2011 ж.



Сабақ беру әдістері: Түсіндіру әдістері: дәріс; талқылау әдісі; кітаппен өзіндік жұмыс; дидактикалық өзіндік жұмыс; эвристикалық (ізденіс) әңгімелесу әдісі.

Көрнекілік әдістері: бөлшекті-ізденісті көрсетілімді әдіс; экрандық көрнекілікпен жұмыс (ғылыми фильмдер, слайдтар); презентация (жеке, топтық); ылғалды препараттар мен тұрақты препараттар көрсетілімі.

Практикалық әдістер: бөлшекті-ізденісті зертханалық әдіс; зертханалық әдіс.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары, зертханалық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, т.б.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Цитология және гистология негіздері

Пәннің коды: SGN 1203

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Өтесінов Ж.Ө. - профессор, а-ш.ғ.д.

Курстың мақсаты: цитологи және гистология негіздері курсы арқылы студенттер-жасушалардың, ұлпалардың құрлысын, атқаратын қызметтерін жіктелу қағидаттарымен танысады; жасушаның және ұлпалардың морфофизиологиялық ерекшіліктерімен таныстыру; жасушаны және ұлпаларды нақты білу үшін, оның цитогистопрепаратар дайындау технологиясынан толық мағулмат алумен, оларды практика жүзінде іске асыру мүмкішілігін білуге, нақты игеруді тырысады; зерттеуге бағыт беру және құрал-жабықтары білу жұмысты игерумен біліктілігін қалыптастыру; алынған мәліметтерді қортындылауға үйретіп, сауатты пайдалануға бейімдеу.

Деректемелері/Пререквизиттері: ботаника ,зоология

Курстың/пәннің мазмұны: Жасуша және ұлпалар туралы білім жоғарғы және төменгі сатыдағы организмдердің жасуша құрлысын, химиялық құрамын және жасушадағы түрлі құрылымдардың атқаратын қызметтерін зерттейтін билогия салаларының бірі. Гистолия ағза ұлпаларының құрылымын, олардың күрделі, нәзік мүшелері, структуралық құрлымын зерттейді: морфофункциялық ерекшеліктерін әртүрлі зерттеулер әдістерін пайдаланыумен (жарықпен электрондық микроскопия, гистохимиялық рентгеноструктуралық,флюроценттік радиоиммундік, авторадиографиалық т.б. әдістерді үйретеді).

Ұсынылатын әдебиет:

1. Қ. Нұғматжанов, С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология негіздері. Алматы, «Қайнар», 1969

2. Қ.Ә. Сапаров. Жалпы цитология негіздері. Алматы, Санат 1993

3. Р.Б. Абильдинов,Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. Атлас гистология, цитология және эмбриология. Алматы, 2006

4. А.С. Трошин. Цитология. М., 1985

5. Н.А. Мануилова. Гистология с основами эмбриологии. М., «Просвещение», 1973

6. Ю. Ченцов. «Малый практикум по цитологии». М., 1977

7. Зертханалық жұмыстар жинағы. Қызылорда, 1998

8. М. Нурушев. Гистология және эмбриология негіздері. Алматы, 1998

9. Ж.Ө. Өтесінов «Цитология және Гистология» Қызылорда, 2010



Сабақ беру әдістері: Кредиттік технология ережесіне сәйкес құрылған бағдарламамен жүргізіледі ( лекция, зертханалық жұмыс, СӨОЖ,СӨЖ )

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары, зертханалық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, т.б.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Биологияға кіріспе

Пәннің коды: BK 1302

Пәннің типі: Кәсіби, міндетті пән

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Нәлібаева Г.Ы. - аға оқытушы

Курстың мақсаты: жануарлар организмінің клеткалары мен ұлпаларының құрылысына,қызметі және генезисіне анықтама беру;сыртқы орта факторларының әсерінен болатын өсімдіктер организміндегі физиологиялық процестер туралы іргелі білім беру; студенттерді тұқымқуалау белгілерінің заңдылықтарымен, тұқымқуалау принциптерімен, генетикалық материалдардың құрылымдық-қызметтік ұйымдасуымен жіне оның өзгергіштігімен, гендердің әсерімен реттелуі, ластанған қоршаған ортаның генетикалық салаларымен таныстыру болып табылады.

Деректемелері/Пререквизиттері: өсімдіктер систематикасы, өсімдіктер және жануарлар эколгисы,сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар ,Жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарлардың марфологиясы және анатомиясы.

Курстың/пәннің мазмұны: Цитология пәнінің мақсатты,міндетті мен зерттеу әдістері.Клетканың құрылысы.Митоз, Амитоз, Мейоз.Гистология пәнінің мақсатты,міндетті мен зерттеу әдістері.Эпителий,дәнекер, бұлшық ет және жүйке ұлпалары.Өсімдіктер мен жануарлар ұлпаларының ерекшеліктері. Жануарлар организміндегі ұлпалардың жіктелуі.Өсімдіктер физиологиясы мен міндетті мен мақсатты,зерттеу әдістері. Фотосинтез және тыныс алу.Минералды қоректену физиологиясы.Өсімдіктердің қолайсыз жағдайға төзімділігі.Генетика пәнінің міндетті мен мақсатты зерттеу әдістер.Генетиканың тұқымқуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары.Экологиялық генетика.Адам және жануарлар физиологиясы пәнінің міндетті мен мақсатты.Ішкі орта қан жүйесі.Ас қорыту,зат алмасу физиологиясы.Жоғарғы жүйке жүйесі физиологиясы.Талдағыштар физиологиясы.Биофизика пәнінің міндетті мен мақсатты.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Полевой В.В. Физиология расстений М.Высшая школа. 1989

2. Жатқанбаев Ж. Өсімдіктер физиологияс. Алматы 1998ж

3. Калекенұлы.Ж Өсімдіктер физиологиясы.Алматы1996 ж

4. Жексенбиев.Р.К Цитология және гистология негіздерінен лобараториялық жұмыстар.Алматы 200ж

5. Юрин.Н.А, Радостина.А.И. Практикум пот гистологий, цитологий и эмбриологий

6. Абильдинов.Р.Б,Аяпова.Ж.О,Юй.Р.И Атлас гистология,цитология және эмбриялоги негіздері.Алматы 2006 ж

7. Несіпбаев.Т Адам және жануарлар физиологиясы.Алматы 2005ж

8. Бегимқулов.Б.К Генетика 2000ж

9. Стамбеков.С.Ж Жалпы генетика.Алматы 1993ж

10. Инге-Вичтомов.С.Г Генетика с основами селекции, Москва,Высшая школа 1989 г

11. Нурешов.М Гистология және эмбриология негіздері.Алматы 1998ж



Сабақ беру әдістері: шолу лекция; инструктивті лекция; цитологиядан, гистологиядан, өсімдіктер физиологиясынан, адам және жануарлар физиологиясы, генетика және биофизика пәндерінен зертханалық жұмыстар.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары, зертханалық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, т.б.


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Философия

Пәннің коды: Fil 2102

Пәннің типі: Жалпы білім беретін пәндер, міндетті пән

Оқу жылы: 2- оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Жанбатыр А. – аға оқытушы

Пәннің мақсаты: Студенттерде философияық білім негіздері, дүние кұрылымы, дүниедегі адамның ролі мен орны туралы түсініктер қалыптастыру. Болмыс, ойлау, таным, адам мен дүниенің мәні мәселерін талдау. Адамның өзін-өзі тануында, ақпараттандыру мен жаћанданумен байланысты әлеуметтік және этикалық мәселелерді талдаудағы философиялық білімнің ролін түсіну. Қазіргі қоғамдағы тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігінің мәнін ашу, тарихи оқиғаларды сыни көзқарас тұрғысынан талдау қабілетін жетілдіру.

Пререквизит: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мәдениеттану, Адам және қоғам.

Курстың мазмұны: Әлемдік және Отандық философия тарихы, әр алуан философиялық ілімдер. Философия мәдениет феномені ретінде, оның мәдени тарихы контексі. Болмыс философиясы, болмыс және бейболмыс мәселесі. Материя өмір сүру тәсілдері мен формалары. Сана және таным философиясы, таным методологиясы. Диалектиканың тарихи типтері және оның категориялары. Ғылым философиясы. Философиялық антропология, адам өмірінің бірегейлігі. Қоғам феномені, оның әлеуметтік құрылымы мен динамикасы. Жаћандық мәселелер философиясы.

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ғабитов Т. Философия. – А., 2005

  2. Кішібеков Д. Философия. – А., 2005

  3. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетқалиев Қ. Философия тарихы. – А., 2000.

4. Философиялық сөздік. – А., 1996.

5. Әбішев К. Философия. – А., 2001.



Қосымша әдебиеттер:

1. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. – А., 1999.

2. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. – А., 2004.

3. Философия. Қ.Тұрғынбаев. Алматы 2001.

4. Кішібеков Д., Сыдықов К. Философия. – А., 2005.

5.Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. – А., 1998.



6. Бұқаралық ақпарат құралдары, мерзімді басылымдар, интернет деректері

Интернет-ресурсы

1

http://www.philos.msu.ru/libfile

Философиялық қайнар көздері

2

http://www.yanko.lib.ru/gum.html

Философиялық түп негіздері

3

http://filosof.historic.ru/ -

Философиялық әдебиеттер

4

http://referats.allbest.ru

Реферат тақырыптары


Оқу әдістемелік бағыттары: компаративистік, анализ, сұрақ-жауап, суреттеу т.б.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Пәннің тілі: қазақша, орысша

Мамандық бойынша оқытудың негізгі шарттары: материалдық база, кітап қоры, оқу кабинеттері, электронды оқу залдары т.б.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экономикалық теория негіздері

Пәннің коды: Ektn2109

Пәннің типі: Жалпы білім беретін пәндер, міндетті пән

Оқу жылы: 2- оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Құлтанов Б. - аға оқытушы

Курстың мақсаты: Студенттердің экономикалық білімін қалыптастыру мақсатында осы пәнді оқыту.

Деректемелері/Пререквизиттері: «Қазақстан тарихы», «Саясаттану», «Әлеуметтану».

Курстың/пәннің мазмұны: Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Экономиканың негізгі мәселелері. Экономикалық категориялар және заңдар, экономикалық үрдістерді оқу әдістері, ерекшеліктері. Меншік қатынастары және экономикалық жүйелер типтері. Нарықтың қалыптасу заңдары және посткеңестік елдердегі нарықтың құрылу ерекшеліктері; нарықтың негізгі заңдары мен категориялары; жеке ұдайы өндірістің қағидалары, шығындардың қалыптасу ерекшеліктері мен түрлері, өндірістік факторлар нарығының, олардың бағасы мен табысының ерекшеліктері. Микро және макродеңгейдегі экономика мәселелерінің өзара байланысы, макро-экономиканың қызмет ету заңдылықтары; экономикалық өсу және оның түрлері; экономикалық цикл және әлеуметтік-экономикалық циклдылық мәселелері. Қазіргі экономикалық жүйедегі мемлекет. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі ақша- несие және қаржы саясатының ролі. Әлеуметтік саясаттың негізгі заңдылықтары. Халықаралық экономикалық қатынастар және олардың негізгі формалары.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Бартенов С.А. Эстории экономических учений. М.: «Юрист», 2002, -15 с.

2. Шиденов «Экономика теория негіздері»

Сабақ беру әдістері: СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, көрнекілік әдісі.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Пәннің тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары, зертханалық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, т.б.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Құқық негіздері

Пәннің коды: KN 2110

Пәннің типі: Жалпы білім беретін пәндер, міндетті пән

Оқу жылы: 2- оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Жүсүпбекова М.К – доцент, з.ғ.к.

Курстың мақсаты: Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының алғышартымен және мәселелерімен таныстыру, студенттердің ҚР конституциялық құрылымын, мемлекеттік билік жүйесін және олардың басқа қоғамдық-саяси институттармен өзара қатынасын білуі.

Деректемелері/Пререквизиттері: «Қазақстан тарихы», «Саясаттану».

Курстың мақсаты: Заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет пен құқық теориясының, мораль ұғымының басты түсінігін студенттердің білуі; ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру; Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының алғышартымен және мәселелерімен таныстыру;

Қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси- құқықтық жолдарын анықтау; Студенттердің ҚР конституциялық құрылымын, мемлекеттік билік жүйесін және олардың басқа қоғамдық- саяси институттармен өзара қатынасын білуі; Студенттердің адам және азаматтық құқықтық жағдайын негіздерін білуі;

Студенттердің егеменді Қазақстанның құқық салаларын білуі (азаматтық, отбасы, еңбек, әкімшілік, қаржы, қылмыстық т.б.)

Деректемелер/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мемлекет және құқық тарихы, Экономикалық теория

Курстың/пәннің мазмұны: «Құқық негіздері» курсы әлеуметтік-гуманитарлық цикл пәндерінің бірі ретінде жоғары білімді мамандар даярлауда үлкен маңызға ие. Қазіргі уақытты алғышарттардың бірі болып құқықтық тәрбие, заңдық білімдерді нақтылау сияқты мәселелер қарастырылуда. Осыған байланысты аталмыш курс бағдарламасында демократиялық, құқықтық мемлекет құру, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының негізгі қағидалары, заң және оның түрлері сияқты ұғымдар тереңірек қарастырылады. Мемлекет пен құқық негізі ұғымдары мен түсініктері. Құқықтық қатынастар. Заңды мінезқұлық және құ-қық бұзушылық. Заңды жауапкершілік. Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының негіздері. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық негіздері. Қазақстан Республикасының отбасы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылуы негіздері. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы негіздері. Қазақстан Республика-сының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері. Халықаралық құқық негіздері т.б.

Ұсынылатын әдебиет:


  1. Қазақтың ата заңы 1,2,3,4,5,6,7,8,9,

  2. Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық негіздері Алматы, 1999ж.

  3. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, Жеті жарғы, 2006ж.

  4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Оқулық. Ерекше бөлім, Алматы, 2000 ж.

  5. Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997ж.

  6. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы, 1997ж,

  7. Төлеуғалиев Г.И. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. А., 2001ж.

  8. Баққұлов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2001ж.

  9. Дулатбеков, Амандықова, Турлаев. Қазіргі Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004ж.

  10. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Алматы, «Жеті Жарғы» 2006 ж.


Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері-лекциялық және практикалық сабақтар; интрактивті әдістер - шағын топтарда жұмыс, презентация, пікір-талас, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану. Лекциялық курс құқық негіздерінің машықтарын игеру үшін іскерлік ойындар, ситуациялық семинарлар, практикалық тапсырмалар түрінде өтетін семинар сабақтардың негізі болып табылады.

Компьютер арқылы тапсырылатын тестілеу студенттерге өз білімдерін тексеруге мүмкіншілік береді және қосымша тренинг та болады.

Практикалық сабақтарды өткізу әдістемесі және компьютерлік тестілер қазіргі құқықтық білім беру талаптарына сай келеді.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орыс топтарына орысша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Өміртіршілігі қауіпсіздігінің негіздері және еңбекті қорғау

Пәннің коды: Okn 2101

Пәннің типі: Жалпы білім беретін пәндер, таңдау пән

Оқу жылы: 2- оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 1

Дәріс беруші: Аяхметов А. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: Адам өмірі қауіпсіздігі негіздері және еңбекті қорғау» пәнінің міндеті студенттерге Азаматтық қорғаныстың төмендегі негізгі іс-шараларын үйрету:

- Төтенше жағдай кезінде халықты қорғауды, кезек күттіруге болмайтын жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастырудың негіздерін үйрету;

- Студенттерді жарақаттану зардаптарының белгісін анықтауды, ерекше қауіпті жұқпалы ауруларды білуді және алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету;

- Өз мамандығына сәйкес саласындағы өндірістердің тұрақты жұмыс істеуін ұйымдастыруды және олардың жұмыстарының тұрақтылығын жақсарту шараларын оқып-үйрету;



- Қауіпсіз және зиянсыз шарттарын және өндіріс бөлімшелерінде өртке қарсы қауіпсіздік шараларының тәртіптерін меңгеруі керек.

Деректемелері/Пререквизиттері: «Әлеуметтану», «Саясаттану», «Экология», «Құқық негіздері».

Курстың/пәннің мазмұны: «Адам өмірі қауіпсіздігі негіздері және еңбекті қорғау» курсының негізгі мазмұны студенттерді тіршілік қауіпсіздігінің негізгі құрылымдарымен таныстыру, төтенше жағдайлар классификациясымен таныстыру және одан қорғану тәсілдерін оқыту, еңбекті қорғаудағы құрылыс алаңдарында орын алуы мүмкін қайғылы оқиғалар көрсеткіштеріне талдау жасауға үйрету, құрылысшыларды еңбек барысында жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету шарттарымен таныстыру, құрылыс нысандарындағы зиянды және қауіпті факторларды оқытып-үйрету және құрылыс алаңдарындағы техникалардың қауіпсіздік талаптарын сақтауды оқыту болып табылады.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Арпабеков С. Өмір-тіршілік қауіпсіздігі. Алматы 2004.

  2. Аманбаев Д.А., Смагулов З.И., Обухов Ю.Д. Основы охрана труда на производстве. Алматы. 2002 г.

  3. Тіршілік қауіпсіздігі.1 кітабы. 2003ж-Алматы.

  4. Тіршілік қауіпсіздігі. 2 кітабы. 2003ж-Алматы.

  5. Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятильности. Алматы 2004.

  6. Золотницкий Н.Д. и др. Лабораторный практикум по Охране труда –М:Высшая школа 1979г.

  7. Кузнецов Ю.М. Охрана труда. Справочник. М: Транспорт. 1990 г.

Сабақ беру әдістері: СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, көрнекілік әдісі.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орыс топтарына орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары, зертханалық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, т.б.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Педагогика

Пәннің коды: Ped 1(2)202

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 1

Дәріс беруші: Табулова А.Б.- академиялық профессор, п.ғ.к.

Курстың мақсаты: болашақ мұғалімдердің теориялық-әдіснамалық даярлығын қалыптастыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: Педагогикалық мамандыққа кіріспе

Курстың/пәннің мазмұны: Педагогикалық процестердің методикалық негіздері мен заңдылықтары; Қазақстандағы білім беру жүйесінің дамуы, перспективасы; оқу процесін ұйымдастыру және басқару формалары; тұлғаның қалыптасуы; дидактика принциптері, тедагогика тарихы және этнопедагогика; оқу мен тәрбие жұмысындағы дәстүрлердің мәнділігі.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Балабақшаларда оқыту және тәрбиелеу программасы. Алматы: Мектеп,1992

2. Жұмабаев М.. Педагогика. Алматы,1994-280 бет.

3. Логина В.И., Саморукова В.Г Дошкольная педагогика.М.1988

4. Меңжанова А.Мектепке дейінгі педагогика. А.:Раушан,1992.-207б.

5. Ядэшко В.И.., Сохин Ф.А. Мектепке дейінгі педагогика. А., Мектеп-1982.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет