«Жаратылыстану» факультеті «Экология және химия» кафедрасы



бет3/3
Дата07.04.2022
өлшемі56,63 Kb.
#138297
1   2   3
Байланысты:
Туздар гидролизи

Қысқаша теориялық мағлұмат

Еріген заттың сумен алмасу реакциясына түсіп ерітіндінің рН өзгерте ыдырауын гидролиз деп атайды. Гидролизге тұздар және әр түрлі органикалық қосылыстар белоктар, майлар, қанттар ұшырайды.


Біздің қарастыратынымыз тұздар гидролизі.
Гидролиз- өте күрделі процесс. Тұздағы электртерістігі үлкен элемент немесе топ сутегі ионымен, ал электртерістігі аз элемент немесе топ ОН- ионымен байланысады.
Тұздардың табиғатына және сыртқы жағдайға қарай гидролиз сатылап әр түрлі жылдамдықпен жүреді.
Тұздарды түзілу тегіне қарай төрт топқа бөлуге болады.
1) күшті қышқыл мен күшті негіздің тұздары гидролизге ұшырамайды ( NaCl, KNO3, NaClO4 , KBr, KF)
2) күшті қышқыл мен әлсіз негіздің тұздары (CuCl2, NH4Cl, Al2(SO4)3, SnCl2, AlCl3, NH4NO3) гидролизге ұшырайды. Гидролиз катион арқылы жүреді, орта қышқылдық рН < 7. Гидролиздің молекулалық реакциясы:
Бір зарядты катион үшін:

NH4NO3 + H2O = NH4OH + HNO3


реакцияның иондық түрі:

NH4+ +NO3- + HOН = NH4ОH + H++NO3-


қысқартылған иондық реакция:


NH4+ + HOН = NH4ОH + H+ (pH<7)


Көп зарядты катион үшін:


AlCl3 + HOH = AlOHCl + HСl


І саты: Al3+ + HOH = AlOH2+ + H+


ІІ саты: AlOH2+ + HOH = Al(OH)2+ + H+
ІІІ саты: Al(OH)2+ + HOH = Al(OH)3 + H+

Түзілген Н+ -иондар гидролиздің аяғына дейін жүруіне кедергі жасайды. Сондықтан бұл гидролиз ІІ-ші сатыда тоқтайды.


3) Әлсіз қышқыл мен күшті негіздің тұздары: (СН3СООNa, Na2CO3, KCN, Na2SO3, KNO2.) гидролизге ұшырайды.


Гидролиз анион арқылы жүреді. Бір зарядты анион үшін:
Молекулалық реакция:

KCN + HOH = HCN + KOH


иондық реакция:


K+ + CN- + HOH = HCN + K+ + OH-


қысқартылған иондық реакция:


CN- + HOH = HCN + OH- рН > 7, орта негіздік


Көп зарядты анион үшін:


Na2CO3 + HOH = NaHCO3 + NaOH


І саты: CO3 2-+ HOH= HCO3- + OH -
ІІ саты: HCO3 -+ HOH = H2CO3- + OH-
Түзілген ОН- иондар қайтадан көмір қышқылымен әрекеттеседі, сондықтан гидролиз І-ші сатыда тоқтайды.

4) Әлсіз қышқыл мен әлсіз негіздің тұздары толық гидролизденеді: (СН3СООNH4, Fe(CH3COO)3, (NH4)2S, Al2S3, PCl3, Cr2S3, BeSO4):


СН3СООNH4 + HOH = СН3СООH + NH4OH


иондық түрі


СН3СОО- + NH4++ HOH = СН3СООH + NH4OH


Егер және болса рН =7

Көп зарядты катион үшін


Fe(CH3COO)3 +HOH = Fe(OH)(CH3COO)2 + CH3COOH


негіздік тұз

иондық түрі:


Fe3++3(CH3COO) -+HOH= FeOH2++2 CH3COO -+ CH3COOH


Көп зарядты анион үшін


(NH4)2S + HOH = NH4OH + NH4HS


2NH4+ +S2- + HOH = NH4OH + NH4+ +HS-

Әлсіз негіз бен қышқылдық тұз түзіледі. Өте әлсіз қышқыл мен өте әлсіз негіздің тұздары аяғына дейін гидролизденеді:


Al2S3 + 6НОН = 2Al(OH)3 + +3H2S




Гидролиз константасы және гидролиз дәрежесі


Гидролиз дәрежесі (г) деп гидролизденген молекулалардың саны мен ерітіндідегі молекулалардың санының арақатынасын айтады.



г - гидролиздену дәрежесі
nгидр - гидролизденген молекулалар саны
nжалпы -молекулалардың жалпы саны

Гидролиз дәрежесі (г) еріген заттың табиғатына, концентрациясына, температураға тәуелді.


Гидролиз константасы деп гидролиз процесінің қаншалықты терең жүретінін көрсететін шаманы айтады. Кг - неғұрлым үлкен болса, гидролиз соғұрлым терең жүреді.
Гидролиз константасын есептеу жолдары:



KW - судың иондық көбейтіндісі
KHA - әлсіз қышқылдың диссоциациялану константасы



KKtOH -әлсіз негіздің диссоциациялану константасы.
Әлсіз қышқыл және элсіз негізден құралған тұз болса

Гидролиз константасы және гидролиз дәрежесін байланыстыратын формула:




KГ = С2 ,

с онда  = KГ / С




Бақылау сұрақтары


  1. Тұздар гидролизі.

  2. Гидролиздің типтік түрлері: а) күшті негізбен әлсіз қышқылдан түзген тұз гидролизі. б) әлсіз негізбен күшті қышқылдан түзген тұз гидролизі. в) әлсіз негізбен әлсіз қышқылдан түзген тұз гидролизі.

  3. Гидролиз дәрежесі мен гидролиз константасы.



Жаттығулар мен есептер


  1. Төменде көрсетілген тұздардың қайсысы гидролизге ұшырайды? Гидролиз теңдеулерін толық және қысқартылған түрде жазып көрсетіңіздер: а) NaClO, б) NaCl, в) KF, г) Al2S3, д) Fe(NO3)3, е) NaNO2, ж) FeCl3.

  2. Мына тұздардың а) Li2CO3, б) Na3PO4, в) (NH4)2SO4 бірінші сатысы бойынша толық және қысқартылған иондық теңдеуін жазыңыздар.

  3. Қай тұз ерітіндісінің рН мәні 7-ден үлкен а) Ca(CN)2, б) Zn(NO3)2, в) NH4Cl, г) KCl, д) Na2CO3.

  4. 0,1 М ерітіндідегі калий ацетатының гидролиздену дәрежесін анықтаңыздар.

  5. Натрий ацетатының гидролиздену константасын есептеңіздер.

  6. 0,2 М ерітіндідегі натрий карбонатының 1-саты бойынша гидролиздену дәрежесін анықтаңыздар.



Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:

  1. Нұрсейітов Ш.Ш., Баймағанбетов Қ.Б. Бейорганикалық химия, - Алматы : Эпиграф, 2014. - 188 б.

  2. Бейорганикалық химия 2. Екі томдық: Оқулық. Алматы: 2012. -687б. Д.Шрайвер, П.Эткинс.Ауд. Р.Т.Рысқалиев, А.И.Ниязбаева.

  3. Нұрділлаева Р.Н., Жылысбаева Г.Н. Бейорганикалық химия лабораториялық практикумы. Oқу құралы, Шымкент: «Әлем», 2014. – 108 б.

  4. Жалпы және бейорганикалық химия пәні бойынша есептер мен жаттығулар жинағы. Алматы : Қазақ ун-ті, 2017. - 274 с. Құраст.: Б.Д. Балғышева, Г.С.Қуанышева

  5. Асанов Н., Әбеу Н.Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын жіктеу: оқу-әдістемелік құралы .2015– 44 б.

  6. Романова С.М., Ниязбаева Гидрохимия және бейорганикалық химия бойынша тесттер мен жаттығулар жинағы. 2018.– 180 б.

  7. Асанов Н., Әбеу Н Химиялық реакция теңдеулерін теңестіру әдістері: оқу-әдістемелік құралы. 2015 – 44 б.

  8. Баешова А.К., Сулейменова О.Я..Химия: оқу-әдістемелік құрaлы - 136 б.2016.

  9. Мырзахметова Н.О. Бейорганикалық химия практикумы. Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2015. - эл. опт. диск (CD-ROM). 



Қосымша әдебиеттер:

  1. К.С. Кулажанов, М.Ш. Сулейменова Неорганическая химия. Алматы. 2012.-600с.

  2. Н. Л. Глинка, С. С. Бабкина. Общая химия, 2 том, 2015, -164с.

  3. М.Р.Танашева, О.И. Пономаренко, С.М. Романова. Лабораторный практикум по общей химии. Алматы: Қазақ университеті .2016.-194с.

  4. Неорганическая химия : учебно – методическое пособие . 2016- 210 с. Пономаренко О.И,Бейсембаева Л.К.,Ламеко М.А.

  5. Абилхаиров К.Х., Нигметуллин Н.Б. Неорганическая химия, Уральск, 2016. - эл. опт.диск (CD-ROM). 



WEB САЙТТАР
1. http://chemteq.ru/library/inorganic/2039.html
2. http://www.chem.msu.ru/rus/books/1991-2000/spitsyn/welcome.html

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет