Жаратылыстану факультеті



бет32/34
Дата16.02.2023
өлшемі2,07 Mb.
#169066
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
МГҚА. 15 лекция.

Трансдукция деп геннің бір бактериялық штаммнан (донордан) басқа штаммға (реципиентке) бактериофагтың көмегімен тасымалдануын айтады. Трансдукцияны орташа фагтар ғана іске асыра алады. Бұл құбылысты 1951 ж. Дж. Ледерберг және оның шәкірті Н. Циндер ашты. Олар тәжірибеге сальмонелла бактериясының екі штамын алды: 22А— ауксотрофты (яғни триптофан амин қышқылын синтездей алмайды, олардың қалыпты тіршілігі үшін осы амин қышқылын өсу ортасына қосу қажет) және 2А—прототрофты (триптофанды синтездеуге қабілетті). Екі штамм U — тәрізді түтікшеге жеке егілді, олар бактериялық фильтр (сүзгі) арқылы бөлінгендіктен бір-бірімен қосыла алмайды (трансформация не конъюгация өтуі мүмкін емес). Оларды триптофансыз ортада өсіргенде 22А — штаммы жойылып кетуін күту керек еді, алайда олай болмай шықты: бактериялардың триптофан синтезіне қабілеттілігі байқалды. Келесі жете зерттеулер 22А штаммының фаг арқылы лизогенді екендігі анықталды. Фаг 22А — штаммынан босағаннан кейін бактериялық фильтрден өтіп кетеді де, 2А — штаммына еніп, оның генетикалық материалын өзінің ДНҚ-сына жалғайды. Фаг бактериялық фильтрден кері өтіп, 22А — штаммына (реципиентке) 2А — штаммының (донордың) генетикалық фрагментін (триптофанның синтезін коделейтін) береді, нәтижесінде 22А — штаммы жаңа генетикалық қасиетке ие болды, енді ол ауксотрофты емес, яғни триптофан амин қышқылын өзі синтездей алады.
Сальмонелла бактериясында аталган фаг —Р22 деп аталады, ал шигелла бактериясында трансдукцияны Р1 фагы, ал Е. Соlі бактериясында лямбда (λ) фаг пен Р1 фагы іске асырады. Бактерияның генетикалық материалын таситын фаг трансдукциялаушы фаг деп аталады. Трансдукциялаушы фагтар бацилдерде, актиномицеттерде және т. б. бактерияларда табылды.
Трансдукцияның үш түрі ажыратылады: жалпы, ерекше және абортивті. Жалпы трансдукцияда фаг бактериялық хромосоманың кез келген фрагментін үзіп, тасымалдайды. Мысалы, PI, P22 фагтары осындай. Кейбір профагтар донордан реципиентке бактериялық хромосоманың белгілі бөлігін ғана тасымалдайды. Мұны ерекше трансдукция деп атайды. Ерекше трансдукцияны іске асыратын фагтар әдетте, бірнеше генді, ал жалпы трансдукццялық фагтар бактерия геномының 1—2% бөлігін тасиды. Жасушаға енген донор фрагменті реципиент хромосомасымен байланыспай қалуы да мүмкін, сондықтан олар репликациялана алмайды. Бактериялар бөлінгенде мұндай фрагменттер бір ғана ұрпаққа беріледі. Мұны абортивті трансдукция деп атайды. Трансдукция құбылысының принциптері ген инженериясында маңызды рол атқарады.
Конъюгация деп бактерия жасушаларының тікелей жанасуы арқылы генетикалық материалдың донор жасушасынан реципиент жасушасына тасымалдануын айтады. Конъюгация бактериялардың жыныстық процесі деп те аталады. Бактериялардың коньюгация процесін Е. Соlі бактериясында 1946 ж. Дж. Ледерберг және Э. Тейтум ашты.
Трансформация және трансдукция процестерінің коньюгация құбылысынан айқын айырмашылығы бар, себебі онда генетикалық материалдың ұсақ фрагменттері тасымалданады. Трансформация мен трансдукцияның осы ерекшелігі бактериялық геномның жалпы ұйымдастырылуы туралы мәліметтерді жинауға қиындық туғызады. Бұл қиындық бактерияларда жыныстық процестің ашылуымен оңай шешілді, өйткені коньюгация кезеңіңде бір жасушадан екіншіге хромосоманың біршама бөлігі немесе түгелімен өте алады және де зигота түзілуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет