Жаратылыстану ғылымдары факультеті


-жұмыс. Тамырдың бой конусы



бет2/3
Дата09.06.2017
өлшемі0,49 Mb.
#18300
1   2   3

3-жұмыс. Тамырдың бой конусы.

Өсімдік тамырларының бой конусын бидай немесе жүгері тамырынан даяр препараттан көруге болады. Препаратты микроскоптың кіші объективімен қараған кезде тамырдың бой конусын оймақ сияқты қаптап тұрады. Оны тамыроймақшасы деп атайды.

Калиптроген клеткаларынан өсімдік сабағындағы дерматоген клеткалары бөлініп щығады да, бұлардан эпиблема деп аталатын алғашқы жабындық ұлпа пайда болады. Бұл пішіндері цилиндр тәрізді, бір клеткадан тұратын эпиблеманың өскіншесі болып табылады. Тамырлардың осы түк өсіп шыққан жерін сору аймағы дейді.

Промеристемалық клеткалардың екінші ярусы әрі қарай өсе келе периблемаға айналады. Олардан өсімдік тамырының келешектегі алғашқы қабығы шығады. Бой конусының үшінші ярусының клеткалары плеромаға айналады.


6 –тақырып.

1- жұмыс. Алғашқы жабындық ұлпалар және түктер мен қабыршақтар

Сабаққа қажетті объектілер мен құрал- жабдықтар: 1. Жыланқияқтың ( Jris germanica ), жүгерінің ( Lea mays), қазтамақтың (Pelargonium Zonale ), алманың (Malus domestica), өсірілген немесе нықтандырылған жапырақтары және темекі сабағы (Nicotiana rustica). 2. Реактивтер: хлор – цинк - йод, судан 3- флороглюцин және тұз қышқылы.3. Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті құрал – жабдықтар. 4. Кестелер.



Тапсырма.

1. Дара жарнақты өсімдіктердің эпидермасын жүгері, жыланқияк жапырағынан, ал қос жарнақты өсімдіктердің эпидермасын қазтамақ, алма өсімдіктерінің жапырағынан препарат жасап зерттендер.

2. Осы препараттардан устьице аппаратының құралысын қарандар.

 3. Дара жарнақты өсімдіктердің эпидермасы мен қос жарнақты өсімдіктер эпидермасының негізгі ұқсастығы мен айырмашылықтарына көңіл бөліңдер.

4. Картоп, алма, аққұлақ, темекі және қалақай өсімдіктері эпидермасы бетіндегі түктер және жиде қабыршағынан препараттар дайындап, олардың құрылыстары мен түрлеріне көңіл аударындар.

5. Суреттерін салып тиісті белгілерін жасандар.


2 –жұмыс. Дара жарнақты өсімдіктердің эпидермасы дайын препарат.

Дара жарнақты өсімдіктердің эпидерасын жыланқияқ жапырағынан зерттеуге болады. Егер сындырылған эпидерма тым ұзын болса, оның мөлдір жерінен 5-6 мм-ге дейін кесіп алып, бір тамшы суы бар зат әйнегіне салады да үстіне жабын әйнекпен жабады, содан кейін оны кіші объективпен қарайды. Осы прпаратты йодтың ерітіндісімен бояп (бояудың, жуудың тәртібі – өткендегі сабақтардағы сияқты), үлкен объективпен қарағанда цитоплазма мен ядроның қоңырқай тартқаны байқалады, ал жанаспалы клеткаларда болатын хлорофилл дәндерінің ішіндегі ассимиляциялық крахмал дәндері көк түске боялады. Микроскоппен қараған кезде көретініміз: 1) кутикула, ол эпидерманы сырт жағынан қаптап жатады. 2) эпидерма клеткалары барлық жағынан бірдей болып көрінеді. 3) устьицедегі жанспалы клеткалар эпидерманың басқа клеткаларына қарағанда ұсақ, ішінде хлорофилл дәндері бар, әрі өзара беттескен жағындағы клетка қабықшасының керегелері қалың келеді.


3- жұмыс. Қос жарнақты өсімдіктердің эпидермасы дайын преперат.

Бұл эпидерманы зерттеу үшін күні бұрын өсірілген қазтамақ, бұршақ жапырақтарының бірі алынады. Қазтамақ жапырағы эпидермасының клетка құрылысында жыланқиятікі сияқты дұрыс пішін болмайда, қабықша керегелері иір иір келеді және устьице саңлауларының барлығы ашық. Себебі жарық сәулесінен жасыл жапырақ клеткаларында фотосинтездің үздіксіз жүруінен глюкозаның жанспалы клеткаларда тургор қысымы пайда болады.


4- жұмыс. Эпидерма бетіндегі түктермен қабыршықтар. Түктер эпидерманың қорғынштық қызмет атқарады.

Аюқұлақтың түктері де өлі келеді, бірақ олардың құрылысы күрделі. Онда саны 2-5 клеткадан тұратын бірінші өсте бір клеткалы бірнеше қатар түктер шоқтанып орналасады.

Жиденің қабыршағын жапырағының астыңғы бетінен сапты инемен немесе қандауырмен қырып алып қарағанда, оның пішінінің жұлдыз тәрізді екнін көреміз.

Қалақай түгінің құрылысымен танысу үшін препаратты жапырағының астыңғы бетінен жүйке эпидермасын қандауырмен немесе сапты инемен сындырып алып дайындаймыз. Сонда қалақай эпидерамсында болатын жай және бездеуіт түктердің арасынан ірілері көзге түседі.


7-тақырып. Соңғы жабындық ұлпалар

Сабаққа қажетті объектілер мен құрал– жабдықтар: 1) Картоп түйнегі, талдың, ырғайдың бір жылдық бұтақтары, қарағай, шырша, қарағаш бұтақтары. 2) Ырғай немесе жөке ағашы сабағының көлденең кесіндісінен жасалған дайын преператтар: бөтелкенің мүжілмеген тығыны. 3) Реактивтер: хлор-цинк- йод, судан 3, спирт, глицерин. 4) Микроскоп және оған қажетті лабораториялық құрал – жабдықтар. 5) Кестелер.



Тапсырма:

1) Картоп түйнегінің кесіндісінен және тал, қайын, терек т.б сүректі өсімдіктердің бір жылдық бұтағынан препарат дайындап, тоз қабатын зерттеу.

2. Ырғай және жөке ағашы сабағының көлденең кесіндісінен жасалған дайын препараттарды пайдаланып, тоз қабаты мен жасымықша клеткаларының құрылысын байқау.

3. Осы жасаған препараттармен қатар емен, қарағай ағаштары сабақтарының көлденең кесінділерінен қыртыты қарау.

4. Тоз қабаттары қыртыс пен жасымықшаның суреттерін салып, тиісті белгілермен белгілеу.

5. Қысқаша қорытынды.


1- жұмыс. Картоп түйнегінің тоз қабаты.

Микроскоппен қарау барысында картоп түйнегінің сырт жағында орналасқан қоңырқай – сарғыш түсті тоз қабаты көрінеді. Ол көрінген – феллема.


2- жұмыс. Жөке сабағының тоз қабаты дайын препарат.

Микроскоптың үлкен объективімен қараса, бірте- бірте пайда болған тоз қабаттары( феллема, феллоген, феллодема) және оның бұтақтарының ішіндегі негізгі бөліктері көрінеді. Олар: 1) қабық бөлігі- түсі сарғыштау келеді де мұның құрамында эпидерма, тоз( пердерма) және аздап тірі ұлпалар болады; 2) ішкі бөлігі – мұның түсі бозғылттау, құрлысы ірілі– ұсақты келіп болып көрінеді. Препаратты үлкен объективпен қарап феллогеннің, феллодерманың, колленхиманың және алғашқы қабықтың клетка қабықшалары күлгін көк түске, кутикула эпидерма клеткалары қабықшасының ішкі керегесі және тоз қабатының сртқы қаббатарының клетка керегелері сарғыш түске, ал тірі клеткалардың протопластары сары түске, крахиал дәндері қара көк немесе көк түске боялғанын көруге болады.



8- тақырып. Механикалық ұлпалар

Сабаққа қажетті объектілер мен құрал- жабдықтар: 1. Асқабақтың (Cucurbita pepo) немесе қиярдың ( Cucumis sativus) сабағы, бегония( Begonia rex) жапырағының сабағы. 2. Осы аталған өсңмдіктердің тірі даналары немесе нықтандырылған сабағы, жапырағы және жемісі. 3. Зығыр немесе кендір сабағының көлденеңінен және ұзын бойғы кесіндісінен жасалған дайын препараттар. 4. Хлор- цинк- йод, спиртке ертілген фолроглюцин, тұз қышқылы, суға ерітілген күкірт қышқылы анилин. 5. Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар. 6. Кестелер.



Тапсырма:

1. Бегоня немесе қызылша жапырақтары сағағының көлденең кесіндісінен препарат дайындап, бұрышты коленхиманы зерттеу.

2. Зығыр немесе кендір сағағының дайын препаратының көлденең және ұзын бойғы кесіндісінен жасалған дайын препараттан скеренхима талшықтарын көру.

3. Шала піскен алмұрттың жұмсағынан препарат дайындап, қиыршық клеткалар немесе склереиданы табу.

4. Дайындаған препараттардан колленхима, склеренхима және склереида клеткаларының құрылысын зерттеу.

5. Зерттелеген механикалық ұлпалардың 2-3 клеткасының суреттерін салып, белгілерін көрсету.


1- жұмыс. Колленхима.

Колленхиманың клетка қабықшаларының қалындауы барлық өсімдік мүшелерінде бірдей болмайды. Осы тұрғыдан алып қарағанда колленхима клеткалары үш түрлі болады. Олар: бұрышты колленхима, тақталы колленхима және бұрышты-тақталы колленхима. Бұрышты колленхиманың құрылысына сәйкес изодиаметрлі көп қырлы келеді де, олардың бұрыштары қалыңдап, бұрыштарының екі арасындағы жазық беттері қалындамай (таза клетчатка күйінде) қала береді.


2-жұмыс. Склеренхима.

Склеренхима клеткаларының дайын препараттарының түзілісімен танысып, оны зерттеу үшін зығыр немесе кендір өсімдігі сабағының көлденеңінен және ұзынынан кесілген тілімдерінен екі түрлі препарат жасалады. Олардың екеуінде флороглюцинмен, тұз қышқылымен немесе күкірт қышқылды анилиннің ерітіндісімен бояймыз. Сонда склеренхима клеткаларының сүректеніп өзгерген қабықшалары күкірт қышқылды анилин әсерінен сарғайып ( флороглюцин мен тұз қышқылының әсерінен ) қызыл күрең түске боялады. Егер препаратты хлор-цинк-йод ерітіндісімен бояса, клетка қабықшасы сарғаяды да, оның ішіндегі крахмал дәндері көк түске енеді.


3-жұмыс. Склереида.

Склереиданың қиыршық клеткаларының құрылысымен танысу үшін алмұрттың жемісін алуға болады.

Шала піскен алмұрт жемісін пышақпен қақ жарғанда, оның ішкі жұмсақ етінде көптеген бозғылт нүктелер жай көзге де көрінеді. Сол нүктелердің бір екі данасын сапты иненің ұшымен шұқып алып, оны су тамызылған зат әйнегінің үстіне қоямыз да, қандауырдың ұшымен ептеп басып, ондағы клеткаларды бір бірінен ажыратамыз. Ажыраған клеткалардың үстіне бір тамшы тұз қышқылын тамызса, оның біразы алқызыл түске боялып, біразы боялмайды. Микроскоптың үлкен объективімен қараған кезде алқызыл түске боялған склереида сүректеніп кеткенін, ал боялмағандары таза клетчатка қалпында қалған клетка қабырғалары екендігін анық байқаймыз.
9-тақырып.Өткізгіш ұлпалар

Сабаққа қажетті объектілер мен құрал–жабдықтар: 1. Ақжелек, күнбағыс, қыранот, қияр, асқабақ, тал, үйеңкі, терек, қараған, қытай райхангүлі, т.б. сүректі өсімдіктердің тірі өркені (бұларды сабағынан кесіп алып, ішінен күлгін сия тамызылған суға 6-7 күн бұрын салып, жарық және жылы жерге қойған жөн ). 2. Осы аталған өсімдіктердің тұрақты дайын препараттары. 3. Реактивтер: 10% сода (сілті ) немесе 50% хром қышқылы, флороглюцин ерітіндісі, тұз қышқылы, хлор-цинк-йод. 4. Микроскоп және онымен жұмыс жасау үшін қажетті лабораториялық құрал-жабдықтар. 5. Кестелер.



Тапсырма:

1. Ақжелек тамырын мацерациялап, олардың түтіктеріндегі және клетка қабырғаларындағы қарапайым, жиекті пораларын қарау.

2. Асқабақ сабағы өткізгіш шоғының кесіндісінен ксилема мен флоэма элементтерін бақылау.

3. Қыранот (орляк ) папоротнигі тамыр сабағының ұзын кесіндісінен сатылы түтіктерді қарау.

4. Қарағай сүрегінің ұзын кесіндісінен жиекті поралы трахеидтерді көру.

5. Ксилема және флоэма элементтерінің суреттерін салып, тиісті белгілермен белгілеу.

6. Қысқаша қорытынды.
1-жұмыс. Жоғары ағыс жолы (ксилема ) дайын препарат.

Жоғарғы ағыс жолы түтіктерінің клеткаларымен танысу үшін ақжелек немесе асқабақ сабағынан ұзындығы 2-3 см етіп кесіп алып, оны бірнеше рет тіліп, бұл тілімділерді шыны түтіктің ішіне саламыз. Микроскоппен қараған кезде трахея мен трахеиданың қызыл түске боялған сақиналы, спиральды, баспалдақты, нүктелі (торлы ) т.б. сосудтарын көруге болады.




2-жұмыс.Төменгі ағыс жолы.

Препаратқа зер салып қараса, оның ішінде қысқарақ сүзгілі түтіктер көрінеді.Бұлар ұштары келте келген паренхималық клеткалар. Сүзгілі түтіктің осы сияқты паренхималық клеткалары тік бағытта орналасып,бір-бірімен өзара ұштасып жалғасады. Екеуінің ұштасқан беттері кәдімгі сүзгінің түбі сияқты, тесік-тесік болып торланып бітеді, сондықтан оның серік клеткалары. Сүзгілі түтік пен серік клеткаларың жанасқан беттерінде поралар болады, солар арқылы сүзгілі түтік пен серік клеткалар бірімен бірі қатынасады. Бір сүзгілі түтіктің серік клеткасының саны екеу не үшеу болуы мүмкін.



10-тақырып.Өткізгіш шоқтар

Сабаққа қажетті объектілер мен құрал-жабдықтар: 1. Жүгерінің (Zea mays) жас сабағы, плаунның ( Lycopodium hioppuris ), сүйелшөптің (Chelidonium majus ) тамырсабақтары. 2. Осы аталған өсімдіктердің дайын препараттары. 3. Реактивтер: глицерин, хлор-цинк–йод, флороглюцинерітіндісі, тұз қышқылы, суға ерңтңлген анилин немесе метал көгі, суға ерітілген абсолюттік спирт. 4.Микроскоп және онымен жұмыс жасау үшін қажетті лабораториялық құрал-жабдықтар. 5. Кестелер.



Тапсырма:

1. Қырлы шөп (кунена), жүгерінің қара бидай сабақтарының бойлық және көлденең кесінділерінен тұйық коллатеральды шоқты, беде, күнбағыс сабағынан ашық коллатеральды шоқты қарау.

2. Асқабақ сабағының көлденең кесіндісінен биколлатеральды шоқты көру.

3. Плаун сабағы, жыланқияқ тамыр сабағының көлденең кесіндісінен сәулелі (радиальды) шоқты қарау.

4. Інжугүл және аталық папоротник тамыр сабақтарының көлденең кесінділерінен шеңберлі (концентрлі) шоқты қарау.

5. Жоғарыда көрген шоқтардағы өткізгіш ұлпа элементтерінің орналасу ретін анықтау.


1-жұмыс. Коллатералды шоқ.

Коллатералды шоқтың екі түрі бар: тұйық және ашық коллатералды. Прокамбий клеткаларының бөлінуін пайда болған жас клеткалар өзара жіктеле келіп, іш (өзек ) жағындағылары ксилема бөліміне айналып кетеді, бұлардың екі арасында меристемалық қасиетін сақтайтын прокамбий клеткалары қалмайды. Бұл тұйық шоқ деп аталады.

Коллатералды түтік-талшық шоғы типінің екінші бір түрі-ашық коллатералды шоқ.

Прокамбийдің көбінесе тангентальды жолмен бөлініп келіп, оның сырт жағына қарай флоэма бөлімінің элементтері (сүзгілі түтік пен оның серік клеткалары ), ал ішіне қарай ксилема бөлімінің элементтері (түтіктер мен трахеидалар ) ығысып, бұл екі бөлімніңарасында прокамбийдің клеткалары сақталып қалады. Бұл камбий деп аталады.


2-жұмыс. Биколлатералды шоқ.

Биколлатералды шоқ қос жарнақты өсімдіктердің көптеген түрлерінің сабағында бар.

Препаратқа зейін салып қарасақ, ондағы шоқтар бірден көрінеді. Өйткені бұл біркелкі паренхималық клеткалардың ішінде топ топ болып, шоғырланып жатады. Ең алдымен көзге шалынатыны ксилеманың ірі элементтері түтікшелер. Мұның сырт жақтағы бүйірінде флоэманың екінші тобы орналасқан. Флоэманың бұл екі тобында да сүзгілі түтіктер мен олардың серік клеткалары болады.

Препаратты флороглюцин мен тұз қышықылына салып, оның қай бөлімінің қандай түске боялатындығын анықтап, қорытындысы жасалады.


3- жұмыс. Радиальды немесесәулелі шоқ.

Радиальды шоқ көбінесе өсімдіктердің тамырына тән, ол кейбір өсімдіктердің сабақтарында да кездесуі мүмкін,мысалы, платунның сабағынан атбұршақ тамырынан препарат жасауға болады. Препаратты жасау мен оны бояудың тәсілдері коллатералды және биколлатералды шоқтардағы сияқты.

Егер препарат гематоксиленмен болса, ол кезде таза клетка қабықшалары көкшіл күлгін, қалындап, қызыл күлгін түске боялады. Препараттардан клисеманың радиус бойлап, флоэмамен кезектесіп орналасуын байқаймыз.
4-жұмыс. Концентрлі шоқ.

Даяр препарат. Концентрлі шоқты зерттеу үшін інжугүл немесе қыранот өсімдіктерінің тамырсабақтарын пайдаланамыз,

Микроскоптың үлкен объективімен қарап, зерттеген кезде концентрлі шоқтың дәл орталығында орналасқан флоэманы және оны айнала қоршап жатқан ксилема бөліктерін көрсетуге болады.

11-тақырып. Тамырдың морфологиялық және анатомиялық құрылысы.

Сабаққа қажетті объектілер мен құрал – жабдықтар: 1. Көрнекі морфологиялық гербарий «Тамыр және тамыр жүйелерінің типтері». 2. Кәдімгі үрмебұршақ (Phaseolus vulgaris), кәдімгі асқабақ (Cucurbita pepo), жүгері (Zea mays) әр түрлі мерзімде өсірілген өскіндері. 3. Тамыр ұшының тұрақты препараты. 4. «Тамырдың құрылысы және өсуі» инофильмімен «Жас тамыр ұшының құрылысы» деген үзінді келтіру. 5. Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар. 6. Тақырыптың соңындағы қайталау сұрақтарына жауап қайтару.



Тапсырма:

1. Көрнекі морфологиялықгербарий, және жүгері, үрмебұршақ, тамыр жүйелерінің түрлерімен танысу.

2. Осы аталған өсімдіктердің өскіндерінен дара жарнақтылар мен қосжарнақтылар тамыр жүйесінің қалыптасу ерекшеліктеріне талдау жасау.

3. Жоғарыда аталған өсімдіктер өскіндерінің тамыр ұшынан препараттар дайындау. Микроскоп арқылы қарап, тамыр оймақшасын, бөліну, өсу, сору және өткізу аймақтарын табу.

4. Тамыр жіне тамыр жүйелері типтерінің суреттерін салып, тиісті белгілерін жазу.

5. Жас тамыр ұшының суретін салып, тамыр аймақтарын белгілеу.

6. Қысқаша қорытынды жазу, тамырдың типтері мен тамыр жүйелеріне жеке-жеке қысқаша тоқталып, түсінік беру.
1-жұмыс. Тамыр және тамыр жүйелері.

Гербарийлерден студеттер тамырлардыңшығу тегіне қарай тамырлардың: негізгі, жанама және қосалқы түрлерін ажыратады.


2- жұмыс. Дара және қос жарнақты өсімдіктерде тамыр жүйелерінің жіктелуі.

Дара жарнақтылардың тамыр жүйесінің жетілуіне бақылау жұмысын жүргізу үшін бидайдың, жүгерінің өскінін алған қолайлы. Петри табақшасының екі бетіне сорғыш қаңаздың дымқыл 2-3 қабатын салып оған жүгері тұқымдарын орналастырып, сабаққа дейін, 5-6 күн бұрын жылы жерге қоямыз.Одан кейін өскіндерді бетін жауып дөңгелек етіп, картон несмесе тығыз жасалған қақпақтармен жабылған стакандарға аударамыз. Әрбір қақпақтың ортасын тесіп, оған өскінді, тұқым және оның өсіп келе жатқан өркен бөлімін суға батпайтындай орналастырамыз.

Тамыр оймақшасының іш жағында тқбе меристемасынан тұратын бөліну аймағы орналасқан. Бұл аймақ ұзына бой қатар түзеп орналасқан майда изодиаметрлі меристемелық клеткалардан тұрады. Аталмыш аймақта жоғары өсу аймағы жатыр. Өсу аймағының клеткалары көлемін ұзына бойымен созыла ұлғайтқан. Аймақтың орталық күңгірттеу бөлімі– плерома, ал оның сырт жағындағы ашық бөлімі– периблема, клеткалардың ең сыртқы қабаты дерматоген деп аталады.
3- жұмыс. Тамырдың анатомиялық құрылысы.

Сабаққа қажетті объектілер мен құрал-жабдықтар: 1. Герман құртқашашы (Jris germanica) немесе кәдімгі қырлы шөп (Poliygonatuv officinale) және кәдімгі асқабақтың(Cucurbita pepo) жас немесе нықтандырылған тамырлары.2. Осы аталған өсімдіктер тамырларының көлденең кесіндісінің тұрақты микропрепараттары. 3. «Тамырдың құрылысы және өсуі» деген кинофильм. 4. Флороглюцин және тұз қышқылы, судан -3. 5. Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар.


4-жұмыс. Тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысы.

Даяр препарат.Тамырдың анатомиялық алғашқы құрылысын тамырдың сору аймағынан қараймыз.

Ризодермадан төмен тірі паренхималық клеткалары бар қабықтың қалың қабатын байқаймыз. Оның сыртқы қабаты– экзодерма тығыз орналасқан көп бұрышты клеткалардан тұрады. Экзодерма клетка қабықшалары тозданады және қорғаныштық қызмет атқарады. Қабық паренхимасының орталық қабаты борпылдақ орналасқан ірі паренхималық клеткалардан тұрады. Қабық орталық цилиндрден бірқатарклеткалардан тұратын ішкі қабаты эндодерма арқылы бөлінеді. Эндодерма клеткаларының бүйірлік және ішкі қабықшалары қалыңдайды, тозданады, кейде сүректеніп те кетеді.

Орталық цилиндрдің сыртқы қабаты –бірқатар тірі паренхималық клеткалардан тұратын перицикл.

Орталық цилиндрдің орталық бөлігі радиальды өткізгіш шоқ алып жатыр. Шоқта ксилема радиус бойлап сәулеленіп орналасады да олардың қолтығында флоэма бөліктері жатады.
5-жұмыс. Тамырдың анатомиялық соңғы құрылысы.

Қос жарнақтылардың көбінде тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысы ұзақ сақталмайды. Камбийдің пайда болып, қызыметінің басталуына байланысты тамырдың алғашқы құрылысы соңғы құрылысына ауысып, тамыр жуандап өсе бастайды.

Камбийдің пайда болуына байланысты қзгерістерді үрмебұршақ, асқабақ т.б. қос жарнақтылардың жас тамырларының көлденең кесіндісінен уақытша немесе тұрақты препарат дайындап көреді.

12- тақырып. Өркен және оның негізгі элементтері

Сабаққа қажетті объектілер мен құрал-жабдықтар: 1. Қандағаш (Alnus), терек (Populus ), алма (Malus), алмұрт (Pyrus), қарағай (Pinus), шырша (Pisea), жөке ағашы (Filia), плаун (Lycopodium), қырықбуын (Eguiselum), арша (Juniperus) өркендерінің өсіп тұрған немесе гербарий даналары, сол сияқты қызыл және қоңыр балдырлардың гербарийі. 2. «Өркендердің өсуі және дамуы» кинофильмі. 3. Микроскоп және оны мен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар. 4. Сызғыш немесе миллиметргебөлінген қағаз, қол лупасы, ұстара, қаңдауыр, сапты ине, екі түсті әйнек.



Тапсырма:

1. Серігүл, терек, қандағаш және т.б. сүректі өсімдіктердің бір жылдық жапырақты және жапырақсыз бұтақтарынан өркеннің морфологиялық құрылысын қарастыру. Жапырақты бұтақтардан өркеннің буынын, буын аралығын, төбе және қолтық бүршіктерін, жабын жапырақтары мен жапырақ қолтығын, ал жапырақсыз бұтақтардан жапырақ дағы, жапырақ ізі, бүршік сақинасы және бұйыққан бүршіктерді табу.

2. Көктерек, алма, терек, алмұрт және т.б. сүректі өсімдіктердің ұзарған жіне қысқарған өркендерімен танысу. Олардың еренкшеліктеріне көңіл аудару.

3. Шабдалы, қайың, олеандр,риян, өркендерінен жапырақтың орналасу типтерін қарастыру.

4. Плаун немесе қоңыр балдырлар талломы, арша, қарағай немесе шырша, шие немесе алмұрт, серігүл немесе қара үйеңкі т.б. өсімдіктер өркендерін қарастырып, бұтақтану типтерін ажырату.

5.Бүршіктің құрылысы мен және әр түрлі өсімдік бүршіктерінің орналасуына, атқаратын қызметтеріне байланысты түрлерімен танысу.


1-жұмыс.Сүректі өсімдіктер өркеннің морфологиясы.

Сүректі өсімдіктер өркенінің морфологиялық құрылысы әр түрлі ағаштар мен бұталы өсімдіктердің гербарий материалдарын қарастыруға болады.



2-жұмыс. Қысқарған және ұзарған өркендер.

Көктерек, алма, алмұрт, терек т.б.сүректі өсімдіктердің қыстық өркендерін пайдаланамыз. Қыста өркендерде жапырақтар мен бүршіктердің орынында жапырақ дағы және бүршік сақинасы қалады, бұлар өркеннің буыны. Сол дақтардың арасын өлшеп ұзарған өркен мен қысқарған өркенді бір-бірінен ажыратамыз. Бір бұтақтың буынаралықтары өте жақын болып келеді, мұндай өркендерді жылына бірнеше миллиметрге ғана ұзарады, копшілік жағдайда бұтақтанбайды. Бұлар қысқарған өркендер.


3-жұмыс. Өркенде жапырақтың орналасуы.

Өркендегі жапырақ әр түрлі орналасады. Жапырақтың күрделі түрде кезектесіп орналасуын қайың, шабдалы, алмұрт, мойыл т.б. өсімдіктердің жапырақты бұтақтарынан қарап көреміз. Өркеннің өстік айнала серіппе түзе орналасады. Бұларды зерттеу барысында мыналарды анықтау қажет.

1.Тұспа-тұс орналасқан жапырақтарды қосатын ортостиха түзу сызығын жүргізіп, жапырақ циклін анықтау; 2.бір жапырақ цикліндегі серіппенің айналым саны және жоғарыда аталған өсімдіктер жапырақтарының орналасу түрлерін бөлшекпен жазу.
4-жұмыс. Өркеннің бұтақтануы.

Бұтақтанудың көне және түрі дихотомды бұтақтануды қарастыру үшін төменгі сатыдағы талломды өсімдіктерден қызыл және қоңыр балдырлардың, жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктерден плаунның, кейбір мүк тәрізділер мен папоротник тәрізділердің гербарий материалдарын пайдаланамыз. Ашаланған бұтақтардың әрқайсында өсу нүктесі пайда болатындықтан, дихотомды бұтақтанатын өсімдіктерде негізгіөс айқын байқалмайды.

Моноподийлі бұтақтанумен қылқан жапырақтылардың (қарағай, шырша, самырсын, балқарағай т.б. ), сүректі жабық тұқымдылардың (үйеңкі, емен, шағын, көктерек т.б. ) және шөптесін өсімдіктердің (қызылбас беде, жол желкен, қоңырау гүл т.б. ) гербарий материалдарынан танысамыз.

Симподийлі бұтақтануды қарастыру үшін жөке, алма, шие, шабдалы және өсімдіктерден картоп, бүлдірген т.б. гербарий маериалдарын пайдалануға болады.Бұл өсімдіктерге тән симподийлі бұтақтануды моноподийлі бұтақтанумен салыстырсақ, оларда негізгі өс емес, алғашқысын соңғылары жалғастырып, сатыланып жетілген бұтақтар жүйесі байқалады.



13- тақырып. Жапырақтың морфологиялық және анатомиялық құрылысы

Сабаққа қажетті объектілер мен құрал – жабдықтар: 1. Дала практикасы кезінде студенттер құрастырған көрнекі гербарий «Жапырақ морфологиясы». 2. Бөлме өсімдіктері. 3. «Жапырақтардың құрылысы және алуан түрлілігі» диапозитиві. 4. Стереомикроскоп, лупалар, сапты инелер.



Тапсырма:

1. Жапырақ бөліктерімен және жапырақтың сабаққа бекіну тәсілімен танысу.

2.Жай жапырақтардың пішініне, тақтасының жиегіне қарай алуан түрлі болып келуін, жүйкеленуін қарстыру.

3. Күрделі жапырақ түрлерімен танысу.

4.Қарастырылған объектілірдің суреттерін салып, тиісті белгілерін жасау.

5.Тапсырманы орындау барысында тақырып соңындағы сұрақтарға жауап дайындау.


1-жұмыс. Жапырақ бөліктері.

Лаборатоиялық жұмыстың келесі бөлімі жапырақтың сабаққа бекіну тәсілдерін талдаудан басталады . Бұл бөлімде жоғарыда аталған материалды пайдаланып, студенттер жапырақтың сабаққа бекінуінің төмендегідей тәсілдерін ажыратады:

1. Сабаққа сағағы арқылы бекінетін сағақты жапырақ. 2. Сағағы жоқ, сабаққа жапырақ тақтасы арқылы бекінетін қондырмалы жапырақ. қондырмалы жапырақ. 3. Қынапты жапырақ. Қынаптың пайда болуын( негізінен жапырақ тақтасынан) және оның тұйықталмаған және тұйық( жабық) деп аталатын екі түрін бір-бірінен ажырату. Тұйықталмаған қынапта-жапырақ тақтасының негізгі сабақтың буын аралығын жиектері арқылы орап тұрады. Мысалы, мұны қара бидайдан көруге юолады. Ал тұйық қынапта-қынап жиектері бір-бірімен қусыра қйылысып кірігеді де, түтік пайда болады. Бұл арпабас жәнет.б. көптеген астық тұқымдардан байкалады. 4. Қобылы жапырақ өзінің қобысы арқылы бекінеді, мұны балдырған, сасыр жәнет.б. шатытшагүлділерден байқауға болады.5. Сабақты жартылай ораған жапырақ. Сабақ айналымының жапырақ тақтасының негізі арқылы шамамен жартысына дейін орап бекейді (бөдене шөп). 6. Сабақты ораған жапырақ. Мұнда жапырақ тақтасының негізі сабақты айеала толық орайды немесе жиектері арқылы қарама-қарсы бағытқа айқаса еніп барып бекйді(бақша қалуені, парнассия, кәді). 7. Шаншылған жапырақ. Жапырақ тақтасының сабақты ораған негізі қарсы бағытта жиектері арқылы кірігеді, сондықтан сабақ жапырақты жарып өткен немесе жапырақты сабаққа шаншып қойған тәрізіді болып көрінеді (дөңгелек жапырақты володушка). 8. Жанасқан жапырақ. Жапырақ тақтасының созылыңқы келген негізі арқылы сабақтың буын аралығының біраз жеріне дейін жанасып өсіп бекиді (түйе-тікен, батпақ сарықалуені, аю құлақ). 9. Кіріккен жапырақ. Қарама-қарсы орналасқан екі жапырақ негізінің жиектері өзара кірігеді (жұпар ұшқат).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет