Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі



бет6/16
Дата07.02.2022
өлшемі60,68 Kb.
#94186
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
кустар

Қыртөсті (ұшатын) құстар


Қазіргі кездегі құстардың ең түрі көп тобы. Төссүйекте жақсы жетілген қыр болады. Қанаттары да ұзын, сүйірлен келеді. Қаңқа сүйектері жеңіл. Үшатын құстар тіршілік ететін орта жағдайларын байланысты бірнеше топтарға бөлінеді. Сулы, батпақты жерлердегі құстар құрылысына тән белгілері - саусақтарының арасында жүзу жарғағы бар. Жақсы жүзіп, жақсы сүңгиді. Көпшілігінің тұмсықтары жалпақ және тұмсығының жиектерінде араның тісі тәрізді майда «тісшелері» болады. «Тісшелер» негізінен қоректі сүзіл ұстау қызметін атқарады, оны үйрек, қаз тұмсықтарынан айқын көреміз. Дауылпаздар, шағалалар, сщсырлар су құстарына жатады. Олардың қорегі - ұсақ су жануарлары. Қаздар, бірқазандар, дегелектер, қоқиқаздар, тырналар - су жағалауы мен батпақты жерлерді мекендейтін құстар. Олардың кейбір түрлері өсімдіктермен де, жануарлармен де қоректене береді. Орман құстарының денелері көбіне шағын, қанаттары сүйірленіп келеді. Орман құстарына тоқылдақтар, көкектер, тотықұстар, жапалақтар, торғайлардың көпшілігі жатады. Тоқылдақтар тікелей ағашта өрмелеп тіршілік етуге бейімделген. Тұмсықтары мықты, үшкір. Саусақтары қысқа, тырнақтары имек. Ағаш діңіне қонып отырғанда екі саусағы алға, екі сау сағы артқа қарай бағытта ла ды. Құйрық қауырсындары қатты. Ол тірек қызметін атқарады. Үзын, үшкір тілінің көмегімен ағаш қабығының астындағы жәндіктермен қоректенеді. Кейде қылқан жапырақты ағаштардың түқымдарын да қорек етеді. Қазақстанда қара, шұбар, кіші тоқылдақ кездеседі. Орман құстары зиянды бунақденелілермен қоректеніп, үлкен пайда келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет