Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі


Ашық далалы алқаптардағы құстар



бет7/16
Дата07.02.2022
өлшемі60,68 Kb.
#94186
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
кустар

Ашық далалы алқаптардағы құстар


Қанаттары кең, қалықтап үшуға бейім болады. Кейбір түрлерінің аяқтары жақсы жетілген. Сондықтан олар жылдам жүгіре де алады. Түмсықтары қысқа, доғал, кейде иіліп келген өткір. Бұлар (тазқара, бүркіт, жұртты) - күндізгі жыртқыш құстар. Тауық тәріздестерге: бөдене, кекілік, ұлар, қырғауыл; дуадақтарға: безгелдек, жорға дуадақ жатады. Бұлдырықтар, бозторғайлар да шөлейтті, ашық далалы алқаптарда кездеседі. Құстардың тіршілігінде жыл маусымдарының алмасуының да ерекше маңызы зор. Осыған байланысты құстар тіршілігінде елеулі өзгерістер (көбею, жылыстау, т.б.) байқалады. Құстарды жыл құстары, көшпелі құстар жөне қыстай шығатын құстар (отырықшы құстар) деп үш топқа бөледі. Құстардың жылыстауын аяқтарына сақина салу арқылы анықтайды. Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі (Жамбыл облысы, Жуалы ауданында) Шақпақтас асуында құстарға сақина салу орталығы бар.
Жыл құстары Жыл құстары күзде оңтүстіктегі жылы аймақтарға жылыстап, көктемде елімізге қайтадан оралады. Жұп құрып, ұя салып, жұмыртқадан балапан өргізіл, көбейеді. Көктемнің алғашқы айында жауған соңғы қарлы құс қанатының ызғары деп есептейді. Жылы жақтан ең алғаш қараторғайлар, «тыраулап»тырналар оралады. Көшпелі құстар (полюстік үкі, кейбір жыртқыш құстар және т.б.) күзде, қыста ауа райының қолайсыздығынан солтүстіктен оңтүстікке жылыстайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет