Қорытынды Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Бейне біздің аспан Әлеміндегі қорғаушымыз сияқты. Сияқты емес солай да. Себебі көк аспан олардың туған мекені. Көкті құссыз, құсты көксіз елестету қиын. Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады. Біз көкке қарағанда көзіміз ең әуелі ұшқан құсқа түседі. Көп жағдайда күйкі тірлікпен олардың тыныс - тіршілігіне мән беріп, тіпті көкке көз тастап, бір де қарамаймыз. Ал, олардың көкте ұшқанын, жерге қонғанын зер салып, бақылап қарайтын болсаң, олар бейне бір жұмбақ құбылыс сияқты. Ешнәрсені ашып айта алмайды. Қуанышы да, реніші де ішінде сияқты. Бір құдіретті күшің болып, құстардың тілін меңгеріп алсаң, яғни құстардың тілін түсінер болсаң, тіпті басқаша әлемде өмір сүрген болар ма едік. Өзім солай ойлаймын, себебі, құс киелі жануар.
Орнитология - құстардың дамуы, физиологиясын, жер бетіне таралуын зерттейтін ғылым саласы. Олар зерттеген құстарын мынадай топтарға бөлген. Мысалы, жүгіретін құстар, ұшатын құстар, ашық далалы алқаптардағы құстар, жыл құстары, қыстап шығатын құстар, сұңқартәріздес, тырнатәріздес, жапалақтәріздестер, торғайтәріздестер деп бөлген.Құстарды адамдардың досы екенін жете сезінбейді. Ал құстардың адамдардың шаруашылық әрекетіне пайда келтіретін тұстарын көптеп келтіруге болады. Мысалы бір қарлығаш бүкіл жаз бойы 1 миллион құрт жейді екен. Қараторғайлардың бір тобы бүкіл балапандарымен 22 тонна шегірткені азық етеді екен. Ал шегірткеге келсек, олар біздің ең басты қас жауымыз. Олар біздің мал жейтін көк шөбімізді, жасыл өсімдіктерімізді баудай жайқалып тұрған егістігімізді отап - жеп көп зиян келтіреді.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы» атты кітабында былай деген екен: «Көктөбенің басында, алып көк теңіздің жағалауында өмір ағашы - Бәйтерек өседі екен. Жыл сайын Бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады екен. Бірақ жыл сайын айдаһар - жылан сол күн тәріздес жұмыртқаны жеп қояды екен. Бұл көрініс күн мен түннің, қыс пен жаздың ауасын, қайрымдылық пен зұлымдықтың, жарық пен қара түнектің күресін астарлы түрде бейнелейді. Аңыз бойынша Ер Төстік жыланды өлтіріп, Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман алып қалады, ал осыған разы болған құс оның жер асты патшалығынан шығуына көмектеседі. Киелі ағаш туралы аңыз - бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған жаңарған Қазақ елінің мақсатты көрінісі».