Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі



бет11/16
Дата07.02.2022
өлшемі60,68 Kb.
#94186
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
кустар

Жапалақтәріздестер
Жапалақтәріздестерден тек үкі ғана Қызыл кітапқа тіркелген. Халқымызда үкі - ерекше құрметке бөленген құс. Қолда ұстап, қауырсынын (үкісін) қадірлеп, бас киімге, домбыраға, үйге, бесікке іліп қою дәстүрі бар.
Торғайтәріздестердің түрлері көп және кеңінен таралған. Қазақстанда жорға торғай, көкқұс, үлкен қаралай сирек кездеседі. Жорға торғай еліміздің шөлейтті алқабында мекендейді. Сексеуіл ағаштарының арасында (Іле, Балқаш өңірінде), жер бетінде жылдам жүгіретіндіктен «жорға торғай» деп аталған. Сирек кездесетін құстар қорықтарда, қорықшаларда арнайы қорғауға алынған.
Құстарды топқа бөлудің әр түрлі жолдары бар. Дене құрылымы, тіршілік әрекетіне байланысты қыртөссіздер, жүзгіш құстар, қыртөстілер деп бөлінеді. Ал тіршілік орта жағдайларын байланысты экологиялық топқа да топтастырылады. Экологиялық мынадай топтар бар: сулы, батпақты жерлердің құстары, орман құстары, ашық далалы алқаптардағы құстар, жыл құстары, көшпелі құстар, қыстал шығатын құстар. Қыстал шығатын құстар жыл бойы бір аймақта өмір сүріп, ешқайда орын ауыстырмайды, яғни жылыстамайды. Қазіргі заманда тіршілік ететін құстар түрі 35-40 отрядқа топтастырылған. Зоолог ғалымдардың пайымдауы бойынша құстар бұдан 180 млн жыл бұрын пайда болды деп есептеледі.[2] Бірқазан құсында кейде адамдарға жұқпалы ауру түрі де кездеседі. Оны және де адамдарды сақтап қалу үшін құс дәрігерлері оларға операция жасайды. Ал кейде оны емдеу үшін мақта пайдаланылады. ол үшін мақтаны оның тағамына қосып беру керек. Бұл әдісті тек құс асырайтын адамдар мен құс дәрігерлері ғана пайдаға асырады. алайда оны жай үй шаруашылығында қолдану өте қауіпті.
Бірақ құстар біздің жанымыз қалайтын, түсімізде болмаса өңімізде қолымыздан келмейтін бір нәрсені істей алады: олар ұшады. Бүркіттер күш жұмсамастан жылы ауа ағынымен көкке самғаса, колибрилер ауада қалқып тұра алады. Калифорния бөденелері лезде пыр ете түседі. Бәрін қоса алғанда, құстардың ұшатын жолдары ғаламшарды 100 миллиард рет орайды: бір ағаштан – екіншісіне, бір континенттен – келесісіне. Көбейгеннен кейін сұр қарлығаш бір жылдай әуеде ұшып жүреді. Ол Африканың Сахарадан төменгі бөлігіне барып-қайту «әуе саяхатында» жерге түспей қоректенеді, түлейді және ұйықтайды. Жас альбатростар ашық мұхитты 10 жылға дейін шарлап жүре береді. Жағалау құстарына жататын құмдауықтар Отты жер аралы мен канадалық Арктика арасында жылда әрлі-берлі ұшып жүреді. Аяғына В95 деп белгі салынған құмдауық Жер мен Ай арасындағы қашықтықтан да ұзақ ұшқан.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет