Тауықтәріздестерге жататын алтай ұлары биік таулы алқаптарда кездеседі. «Ұлы тауға шықтың ба, ұлар етін же дің бе?» деген мәтел ұлардың таулы өңірле таралғанын аңғартады. Ұлар да киелі құс, олар шағын топ құрып тіршілік етеді. Еті де дәмді. Тауықтәріздес құстардың тұмсықтары қысқа әрі доғалданып келеді. Тырнақтары да доғал, жіліншігінің артқы жағында мүйізді өскіні бар. Оны тепкі деп атайды, қорғаныштық қызмет атқарады.
Тырнатәріздестер
Тырнатәріздестер: ақ, сұр, ақбас тырна сулы, батпақты жерлерде таралған. Дуадақ - ірі құс, оның салмағы кейде 16 килограмға жетеді. Оны кейде «тоқтыбалақ» немесе «қозыбалақ» деп те атайды. Ертеде далалы өңірле көптеп ауланған.
Тарғақ, орақтұмсық және реликті шағалалар (қарамойнақ, көнекөз шағала) Қызыл кітап тізімін де бар. Реликті тазала Қазақстанда Алакөл көлінде ғана таралған. Қорғау мақсатында Алакөл қорығы (1998) ұйымдастырылды.