Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі


Кіріспе I Сүтқоректілердің жалпы сипаттамасы



бет2/7
Дата07.02.2022
өлшемі214,21 Kb.
#93770
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мамлакатой

Кіріспе


I Сүтқоректілердің жалпы сипаттамасы
Сүтқоректілер өте кең тараған жануарлар тек қана Антрактикалық материкте ғана кездеспейді. Мүзды мұхиттың солтүстігіндегі аралдарда жер бетінде тіршілік ететін сүтқоректілердің бірнеше түрі кездесетіндігі байқалған. Материктен мүлдем бөлінген Мүзды мұхиттың ортасындағы арал, мысалы, Уединениенің өзінен (Карск теңізі) Сібір түлкісі мен солтүстік бүғыларының тіршілік ететіндігін бірнеше рет байқаған.
Сүтқоректілердің аспанмен таласқан тауларда тіршілік ететін көптеген түрі бар. Мысалы, Орталық Тянь-Шань тауының теңіз деңгейінен 3000-4000 м биіктігінде көптеген найза күйрық сүр тышқандардың, суырлардың, жабайы ешкілердің, тау текелердің және барыстың тіршілік ететіні белгілі. Гималайдың 6000 м биіктігіне дейін жабайы қойлар таралған.
Сүтқоректілер класының өкілдері-алуан түрлі тіршіліктік ортаға тараған. Мысалы, жер бетінде, ауада, тіпті судан өмір бойы шықпайтын нағыз су жануарлары және топырақтың астыңғы қабатында тіршілік ететін түрлері аз емес. Бұл кластың өкілдерінің барлығына тэн ерекшелік, басқа кластың өкілдеріне қарағанда. алуан түрлі тіршілік жағдайларына барынша бейімделген ағзалар екендігі.
Сүтқоректілердің бірнешеуі адамның мекен еткен жерінің маңайында жүреді-мысалы, үй тышқандары, егеуқүйрықтар, сүртышқандар, кейде қасқыр, түлкі т.б.
Тек қана барынша жоғары және бір қалыпты температура жағдайында маймылдардың көптеген түрлері, эсіресе адам тэрізді маймылдар, сол сияқты бегемоттар, мүйіз түмсықтар, тапирлар т.б. тіршілік етеді.
Сонымен қатар сүтқоректілердің көптеген түрлері эр түрлі температура жағдайында да тіршілік ете алады. Ондай жануарларға Еуропалық бөлікте тіршілік ететін ақ қоян. Якутия жағдайындағы түлкілер, Мүзды мұхиттың жағалауынан Оңтүстік Азияға дейін таралған қасқырлар мысал бола алады.
Ауа дымқылдығы сүтқоректілердің таралуына жанама фактор болса да әсері бар. Құрғақшылықтан тек қана жүні жоқ тақыр терілі аздаған жануарлар ғана азап шегеді. Ондай сүтқоректілер бегемоттар мен буйволдар-ылғалдығы мол тропиктік облыстарда тараған.
Ауа дымқылдығының және жауын-шашынның сүтқоректілердің тіршілігіне өзіндік үлкен әсері бар. Мысалы, Формозовтың (1946) мэліметі бойынша, 90 сантиметрден қалың қар жауған жерлерде бұландар болмайды. Еліктер қардың қалыңдығы 50 см, жабайы шошқалар 30-40 см болғанда тіршілігі қиындайды.
Сүтқоректілердің негізгі сезім мүшелері-есіту және иіс мүшелері болып саналады. Сондықтан күн сәулесінің (жарықтағы немесе қараңғылығы) олардың мінез-құлқының өзгеруіне, қүстарға әсер еткендей әсері болмайды. Сүтқоректілердің ішінде іңірде және түнде тіршілік ететін көптеген түрлері бар. Мысалы, Арктика жағдайында, түн жануарлары жаздағы «мэңгі» жарыққа тез үйреніп кетеді. Сол сияқты Арктиканың мэңгі қараңғылығы күндізгі жануарлардың тіршілігіне нүқсан келтірмейді.
Көпшілік сүтқоректілер топырақ түрін және оның қатты немесе жүмсақтығын талғағыш келеді. Қосаяқтардың кейбір түрі тек қана сусымалы қүмда тіршілік етеді, сондай жерді шанышқы қүйрық саршүнақ тышқандар да мекендейді, ал үлкен қосаяқтар топырағы жүмсақ жерлерде жиі кездеседі. Өйткені топырағы қатты жерден ін қаза алмайды. Қойдың түрлері рельефі эр түрлі горизонты кең жайылымдарды мекендейді. Ешкілер рельеф жағдайына тіпті талап қойғыш келеді. Олар жартасты ланшафтыда таралған. Жабайы шошқаларға тамағын таба алатын жүмсақ, сазды жер керек. Керісінше, жылқылар, ақбөкендер, түйелер сазды жерлерде болмайды.
Жалпы сүтқоректілердің таралуы орта жағдайымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, бұл байланыстың төменгі сатыдағы қүрлықтық түрлеріне қарағанда жоғары сатыдағыларында өте күрделі екенін атап өтуге болады. Өйткені олардың климаттық факторларға байланысы шамалы. Олардың бейімделуі көбінесе жоғары дамыған орталық жүйке жүйесінің қызметіне байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет