Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі



бет5/7
Дата07.02.2022
өлшемі214,21 Kb.
#93770
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мамлакатой

1.3 Қоректенуі, көбеюі
Қоректену. Сүтқоректілердің тамағының қүрамы алуан түрлі болады. Олар тамақтану үшін алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктерді пайдаланады. Оны жануарлар эр түрлі тіршілік орталықтарынан табады. Осы жағдай сүтқоректілердің түрінің коп болуына және кеңінен таралуына себепші болған. Қоректенетін тамағының түріне байланысты сүтқоректілерді-өсімдікпен қоректенетіндер және жануарлармен қоректенетіндер деп екі топқа бөлуге болады. Бұлай бөлу шартты түрде алынбаған, өйткені бірыңғай жануармен немесе өсімдікпен қоректенетін сүтқоректілердің түрлері өте аз. Жалпы сүтқоректілердің көпшілігі аралас тамақпен де қоректенеді. Тамақтың қандай түрінің басым болатыны тіршілік еткен жерінің жағдайына, жыл маусымына тағы басқа себептерге байланысты.
Мезозой дәуіріндегі қүрылысы қарапайым сүтқоректілер көбінесе қүрлықта, аздап та болса насекомдармен, моллюскалармен, қүрттармен, ұсақ амфибилермен және рептилилермен қоректенген. Осындай қоректені тәсілі қазіргі қүрылысы өте қарапайым топтарда: насеком жемділердің көптеген түрлерінде (жер тесерлерде, тенректерде, кірпілерде) және көп күрек тісті қалталылардың кейбір түрінде сақталған. Олар қорегін жер бетінен іздеп тауып, таяз індерге жияды.
Жоғарыда айтылған топтармен қатар қоректенуі бойынша насеком жемділердің өте маманданған бүтағы пайда болған. Бүған насекомдарды ауадан үстайтын жарқанаттар, қүмырсқалармен, термиттермен және олардың дернәсілдерімен .қоректенетін-қүмырсқа жеушілер, түтік тістілер, ал біртесіктілерден-ехидналар жатады. Қүрт-қүмырсқаны үстауға бейімделген түмсығы үзын, желімді тілі, мықты тырнақтары болады. Мүндай маманданған насеком жемділерге көртышқандар жатады, өйткені олар өзінің қоректік затын топырақтың қалың қабатынан тауып жейді. Оның қорегі көбінесе жауын қүрттары, қоңыздар, моллюскалар, көп аяқтылар болып саналады.
Биологиялық жыртқыштарға-жыртқыштар, ескек аяқтылар және кит тэрізділер отрядына топтасатын жануарлардың түрлері жатады. Филогенетикалық жағынан олар насеком жемділерге жақын, жылы қанды омыртқалылар сияқты ірі жануарлармен қоректенуге көшкен бір жалпы түбірдің бүтағы болып саналады. Талдау жасалып отырған топтың аздаған түрлері ғана тек жануарлармен қоректенеді. Оларға: мысықтар, ақ аюлар жатады. Көпшілігі азды-көпті болса да өсімдікпен, ал жыртқыштар көбінесе тышқан тэрізді кеміргіштермен, қояндармен, насеком жемділермен, өлекселермен, қүстармен, бунакденелілермен және өсімдіктермен қоректенеді.
Су жануарларының көпшілігі жануар тектес тамақпен, мысалы тісті киттер тек қана балықтармен және теңіз сүтқоректілерімен (тюленьдермен, ұсақ мүртты киттермен), қоректенеді. Мүртты киттер шаян тэрізділермен, аздап та болса балықтармен қоректенеді. Су аңдарының бір азғана түрі су түбіндегі омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. Оған ескек аяқтылардан-теңіз қояндары, тісті киттерден-кашалоттар жатады.
Өсімдік пен қоректенетін жануарлар өте көп. Бүған маймылдардың, жартылай маймылдардың көпшлігі, мүкі тістілерден-жалқаулар, кемірушілердің көпшілігі, түяқтылар, екі күрек тістілер, қалталылар, кейбір жарқанаттар, ал теңіз аңдарынан-сирендер жатады. Тамағының сипатына қарай бұларды шөп жеушілер, дән жеушілер және жеміс жеушілер деп белуге болады. Бү_л шартты бөлу емес, өйткені орта жағдайына байланысты олар қайсысымен болса да қоректене береді. Нағыз шөп жеушілерге-жылқылар, сиырлар, ешкілер, қойлар, кейбір бүғылар және көптеген кемірушілер жатады. Шөппен қоректенетін түяқтылардың жақтар мен тілдері өте жақсы жетілген және қозғалмалы болады. Ac қорыту мүшесі де күрделенген . Жүмсақ шөппен қоректенуіне байланысты жүп түяқтылардың күрек тістері жойылып кеткен. Далалы және шөлді жерде жайылатын, барынша қатты шөппен қоректенетін жылқылардың жоғарғы күрек тістері сақталған. Кемірушілер, түяқтылар секілді, шөпті ерінімен қамтымай, күрек тістерімен жүлады (ондатралар, сүр тышқандар т.б.). Сондықтан олардың күрек тістері ерекше жетілген. Шөп жеушілердің бэріне тэн бір ерекшелік ішектері үзын-күйіс қайыратындарында қарнының күрделі болуында. Кемірушілердің бүйені өте жақсы жетілген.
Бүғылар, пілдер, қояндар, жалқау аңдар, қүндыздар, жирафтар, бөкендер, бұландар-ағаштың бүтағымен, қабығымен, жапырағымен қоректенеді. Қыста ағаштың бүтағы мен жапырағын жиі пайдаланады.
Өсімдік жеуші жануарлардың көпшілігі тек қана өсімдік түқымымен қоректенеді. Мысалы, тиіндер қылқан жапырақты ағаштардың түқымымен, ал шұбар тышқан осымен қатар, дәнді дақылдың және бүршақтың түқымын да пайдаланады. Тұқыммен қоректенетін жануарлардың тіршілігі түқым беретін өсімдіктердің өніміне байланысты. Егер олардың өнімі болмаса жануарлардың жер аударуына немесе қырылып қалуына себепші болады. Мысалы, біздің тиіндер қылқан жапырақтыларда дәні болмай қалған жылдары смоласы көп түйіндерімен қоректенеді.
Жеміспен ғана қоректенуге маманданған сүтқоректілер. Оған маймылдар, жартылай маймылдар, итбас жарғанаттар крыландар, кемірушілерден-найза қүйрықтылар жатады. Өсімдіктердің шірнеліктерімен тропиктегі кейбір жарқанаттар қоректенеді.
Солтүстік бүғылар, ақ қояндар және жанат тәрізді иттер сияқты аңдардың көптеген түрлері жыл мерзімінің, климат жағдайының және азық қорының өзгеруіне сэйкес бейімделеді. Мысалы, жанат тэрізді иттер Қиыр Шығыста жазда амфибилермен, моллюскалармен, бунақденелілермен қоректенсе, қыста балықты, тышқан тэрізділерді, жемісті және өсімдік тектес басқа азықтарды көбірек пайдаланады.
Көбеюі. Сүтқоректілердің көбею кезіндегі жалпы белгілері: 1) іште үрықтану, 2) тірі туу (бірлі жарым түрлерінен басқасы), 3) оларды сақтау үшін арнаулы үя-үйшік жасау, 4) жаңа туған жас балаларын сүтімен қоректендіріп, көп уақытқа дейін қамқорлық жасау. Көрсетілген белгілердің ішінде екінші мен төртінші нағыз сүтқоректілерге тэн белгі, ал бірінші мен үшінші басқа да жер бетінде тіршілік ететін.омыртқалыларда кездесе береді.
Көбею биологиясының көрсетілген белгілері қазіргі кездегі сүтқоректілердің бэріне бірдей тэн бола бермейді. Сондықтан сүтқоректілерді төрт биологиялық топқа белуге болады.
1. Үрықтанған жүмыртқа туып, оны басып бала шығаратындар мысалы, үйректүмсықтар.
2. Үрықтанған жүмыртқа туатын кезінде аналығының құрсақ бөлімінде пайда болатын тері қалтаға салып алатындар. Осы қалтада жүмыртқадан шыққан жас ағза сүт безінен бөлінетін сүтпен қоректеніп, ересек ағзаға айналады. Бұл ехидналарға тән көбею болып саналады.
3. Шала тірі туатындар. Олардың бал асы жатында, нағыз плацента пайда болмай-ақ жетіледі. Жаңа туған өте элсіз баласын, көбею кезінде анасының қүрсағында пайда болатын қалтаға салып, аузынан емшек шығып кетпейтіндей етіп қысып қояды. Ол өз бетінше еме алмайды, анасы аузына қарай шашыратқан сүтті жүтып, осы қалтада жетіледі. Мүндай тэсілмен қалталылар көбейеді.
4. Өз бетінше қозғалып, еміп кете алатын толық жетілген бала туатындар. Толық жетілген бала туу плацентаның пайда болуымен байланысты. Сондықтан бұл топқа жататын жануарларды - плацентарлы сүтцоректілер деп атайды.
Жануарлардың бұл топтарының көбеюінде айырмашылық болумен қатар, жүмыртқаларының сипатында да айырмашылық болады. Жүмыртқа туатындарының жүмыртқасы ірі (10-20 мм), сары уызға бай, жақсы жетілген белокты қабаты, сыртында тығыз пергамент тэрізді қабығы болады.
Қалталылардың жүмыртқасы ұсақ 10,2-0,4 мм), ал плаценталылардікі оданда ұсақ (0,05-0,2 мм) болады.
Сүтқоректілердің буаз болу мерзімі де, соған байланысты баласының жетілу дэрежесі де түрліше болады. Бұл бала туатын жағдайға байланысты. Кемірушілердің көптеген түрлері балаларын арнаулы етіп жасаған үяларда, немесе індерде туады. Олардың балалары азды-көпті болса да климаттың, зиянды факторларынан және жыртқыштардан қорғалады. Бұлар баласын аз уақыт көтереді, сондықтан олар дәрменсіз, қызылшақа және соқыр болып туады. Мысалы, сүр аламан 11-13 күн, үй тышцандары 18-24 күн, сүр дала тышцаны 16-23 күн, ірі ондатралар 25-26 күн, тиіндер 35-40 күн, цара бурыл түлкілер 52-53 күн көтереді.
Қарапайым үяларда немесе жай үңгірлерде балалайтындардың буаз болу уақыты үзағырақ болады. Леопардтардың, барыстардың және тағы да сол сияқты мысық түқымдастардың буаз болу мерзімі 90-133 күнге дейін созылады. Балаларын жер бетіне туатын және туысымен енесіне ілесіп жүріп кететін сүтқоректілердің буаз болу уақыты оданда үзағыраққа созылады. Мысалы, бүғылардың буаз болу мерзімі 8-9 айға, ешкі мен қойлардікі 5-6, жылқылардікі, есектердікі және қүландардікі 10-11 айға созылады.
Сүтқоректілердің көбею жылдамдығы, яғни өсімталдығы олардың жыныстық жетілуіне, алғашқы баласымен соңғы баласын көтеру уақытына, соңында жануарлардың дене мөлшеріне байланысты болады. Ірі жануарлардың жыныстық жетілуі кешірек орындалады. Мысалы, пілдерде 10-15, мүйіз түмсықтарда 12-20, бүғыларда 2-4, аюлар мен жолбарыстарда 3-4 жасында жыныстық жағынан толығады. Тезірек ержетіп, екі жасқа толғанда көбею дәрежесіне жететін иттердің және сусарлардың түрлері. Әсіресе тез ержететіндер-кемірушілер және қоян тэрізділер, қояндардың ірі түрлері бір жасқа жетпей-ақ көбею дэрежесіне жетеді, ал ондатралар 5 айлық кезінде күшіктей бастайды. Тіпті тез ержететін ұсақ тышқан тэрізді кеміргіштер-үй тышқандары 2-5 айлығында, дала және орман тышқандары 3 айлығында, ал кішкене сү_р тышқан 2 айлығында көбейе береді.
Сүтқоректілердің баласының дене мөлшері, туу жиілігі эр түрлі болады. Пілдер, мүртты киттер, жолбарыстар 2-3 жылда бір рет балалап, бір-ақ бала туады. Қуыс мүйізділер, бүғылар, дельфиндер жылма-жыл көтеріп бір ғана бала туады. Ит тэрізділер мен мысық тэрізділер жылына бір рет қана балалағанымен бірнеше бала туады. Мысалы, күзендер 2-8-ге дейін, қасқырлар мен түлкілер 3-10-ға дейін, қара бурыл түлкілер 4-18-ге дейін күшік туады.
Әсіресе кемірушілер мен қоян тәрізділер өсімтал келеді. Қояндар бір жылда 2-3 рет көбейіп, эрбір көжектегенде 3-12-ден көжек туады. Тиіндер жылына 2-3 рет балалап, әрбір балалағанда 2-10-ға дейін, тышқандар жылына 3-7 рет балалап, эрбір балалаған сайын 2-10-дан көжек туады.
Көбею жылдамдығы сүтқоректілердің өмірінің ұзақтығына және оның түрлерінің өлу жылдамдығына байланысты. Жалпы ереже бойынша ұзақ жасайтындар өте баяу көбейеді. Мысалы, пілдер 70-80 жыл, аюлар мен ірі мысықтар 30-40 жыл, иттер 10-15 жыл, тышқан тэрізді кеміргіштер 1-3 жылға дейін өмір сүреді.
Тіршілік жағдайының өзгеруіне байланысты көбею жылдамдығы да жыл сайын өзгеріп отырады. Бұл эсіресе, өсімтал түрлерден айқын байқалады. Мысалы, ауа райы жақсы тамақтық зат мол болған жылдары тиіндер үш рет балалап, эрбір балалағанда 6-10-ға дейін көжек туады, ал ауыр жылдары үрғашылары ашығып, арықтап жылына 1-2 рет балалап, 2-3-ке дейін ғана көжек туады. Туатын үрғашыларының саны азаяды, сөйтіп жылдамдығы күрт төмендеп кетеді. Бұл сияқты жағдайлар барлық аңдарда да кездеседі.
Сүтқоректілердің ішінде моногамды және полигамды түрлері болады. Моногамдыларында бір көбею мезгілінде еркегі мен үрғашысы жүл қүрайды. Мүндай жануарларға қасқырлар, қара бурыл түлкілер, түлкілер мен қүндыздар жатады. Ал, маймылдардың жүбы көп жылға дейін ажырамайды. Моногамды түрлерде балаларын өсіруге үрғашысы да, еркегі де қатысады. Кейбір нағыз тюленьдер шағылысу кезінде ғана жүп қүрайды да, кейін еркегі кетіп қалады.
Полигамдарға-бұғылар, есектер, жылқылар, шошқалар, ешкілер, сиырлар, қойлар жатады. Сүтқоректілердің бұл түрлері, яғни жылқылар, бүғылар, есектер бірнеше үрғашыларының басын қосып, «үйір» қүрады. Бір үйірде бір ғана еркегі және жиырмадан отызға дейін үрғашылары болады. Қүлақты тюленьдердің еркегі үйірге түскенде маңына 15-80-ге дейін үрғашыларын жиып, үйір қүрады. Кемірушілер мен насеком жемділердің де көпшілігі полигамдарға жатады. Бірақ бұлар «үйір» қүрмайды.
Сүтқоректілердің эрбір түрінің шағылысу мерзімі түрліше уақытта орындалады. Қасқырлар мен түлкілер қыстың аяқ шенінде, күзендер мен қояндар көктемнің басында, бұлғындар, сусарлар жаздың ортасында, ал түяқтылардың көпшілігі күзде шағылысады. Әрбір түрдің өзіне қолайлы және баласын сақтай алатын жыл маусымында балалауы эвалюциялық дамудың нэтижесінде пайда болған. Осы жағдайға байланысты сүтқоректілерге жататын түрлердің буаз болу мерзімі түрліше болатыны жоғарыда айтылған болатын, мысалы, қасқырлардың буаз болу мерзімі 60 күн балса, ал бұлғындардікі 230-280 күндей болады.
Сүтқоректілердегі биологиялық қүбылыс, олардың ағзасының күйі, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасы маусымдық заңдылыққа бағынады. Басқа жануарлар сияқты бұлардың да тіршілік циклі бірнеше периодтардан немесе фазалардан түрады. Осыған сәйкес тіршіліктің жылдық циклінің өте қарапайым схемасын үсынуға бодады.
1. Көбеюге дайындық-сүтқоректілердің көбейер алдында мінез-күлқында елеулі өзгерістер болады. Бұл мезгілде полигамдар «үйір» қүрады. «Үйір» қүру үшін еркектері бірімен-бірі таласып, маңына үрғашыларын көбірек жинауға тырысады (бұғылар, теңіз мысығы, жылқылар т.б.). Болашақта балалауына қолайлы жағдай таңдауына байланысты шағылыс кезінде мекен еткен жерін тез ауыстырады. Мысалы, теңіз мысықтары қү-рғақ аралдарға кетеді. Ашық жерлерді мекендейтін қара бурыл түлкілер, түлкілер бұл кезде қалың шөпті, бүталы немесе тасты жерлерге ауысып, ін қазып, тиіндер, саршүнақтар, ондатраларда ескі індерін жаңартып, немесе жаңадан ін қазады.
2. Балалау және төлдерін тәрбиелеу-мерзімінде аңдар көбінесе тасалы жерде болып, жасырын тіршілік етеді. Мүндай жағдай эсіресе балаларын ашық немесе шүңқыр жерге туатын жануарларға тән (түяқтылар, мысықтардың ірі түрлері, қасқырлар және т.б.). Осы кезде аңдар індерінің маңайынан ешқайда алыстап кетпейді. Тіпті мекенін жиі ауыстыратын жануарлардың өзі де отырықшы болып қалады. Балалары жетіліп тамақтық зат көбірек қажет болғанда, қоректік зат мол жерге ауысады. Тиіндер мен түлкілер сияқты көбею үшін уақытша ін қазған сүтқоректілердің түрлері балалары ержеткен соң інін тастап, қорегі мол жерге кетеді. Түрақты індерінде болатын суыр, саршүнақтар мекенін ауыстырмайды.
Сүтқоректілердің балаларын сүтімен асырау мерзімі де бірдей болмайды. Қасқырлар күшіктерін 4-6 жүмадай емізеді, қара бурыл түлкілер 6-8 жүмадай, ондатралар 4 жүмадай, қоңыр аюлар 5 айдай, ақ аюлар 1 жылдай, солтүстік бүғылары 4-5 ай, тау қойлары 5-7 ай емізеді. Жоғарыдағы өзгешелік эр түрлі жағдайларға: тамақтың сипатына, оны табу жағдайына, ата-анасы мен баласының мінез-құлқына, сүтінің химиялық қүрамына байланысты жас ағзаның өсу жылдамдығы да эртүрлі болады. Мысалы, Гренландия тюленьдерінің сүтінің қүрамындағы су-44%, белок-12%, май-43 пайызға жетеді, ал қант болмайды, минералдық заттар 1%, жасыл киттердің сүтінің қүрамында 47% су, 14% белок, 1% минералдық заттар, 38% май, солтүстік бүғыларының сүтінде-65% су, 11% белок, 20% май, 1% минералдық зат, 3% қант болады.
Жануарларда ата-енелерінің үрпақтарымен бірігіп түруы бір жылдан аспайды. Сарнгүнақтың балалары бір айдан соң ажырап кетеді, тиіндердің және қояндардың көжектері де осы шамадан аспайды. Түлкінің күшіктері 3-4 айлық, қасқырдікі 9-11 айлық кезінде, жолбарыстікі 2-3 жылдан соң ата-енесінен бөлініп, өз бетінше тіршілік етеді.
3. Қысқа дайындалу-мерзімінде аңдар түлеп, ескі жүнін тастап жақсы семіреді.
Түрақты мекені жоқ жануарлар бір жерден екінші жерге қоректік зат іздеп, мекен ауыстырады. Жануарлардың семіруі-қысқы табиғат жағдайына байланысты өзіндік бейімделушілігі. Мысалы, саршүнақ көктемде 90-120 г болса, ал жаз ортасында олардың салмағы 400-500 г жетеді.
Қысқа дайындық эрқашанда миграциямен байланысты. Күзде тіршілік жағдайы нашарлай бастағанда қара бурыл түлкілердің көпшілігі оңтүстікке орманды тундраға және орманды зонаның солтүстік бөлігіне ауысады. Солтүстік бүғылары күзде оңтүстікке барады, ал көктемде қайтып тундраға келеді. Бүғылармен бірге қасқырлар және росомахалар миграция жасайды. Тундраның солтүстік бөлігінде тіршілік ететін ақ қояндардың күзде оңтүстікке өріс аударып, ал көктемде қайтадан тундраға оралатыны анықталған. Тау жануарларының көптеген түрі жазда шөбі бітік, қансорғыш бунақденелілері аз, биік тау жайылымдарына шығып кетеді, ал қыста қары жүқа және шөбі мол тау етегіне ауысады (жабайы шошқалар, бүғылар, жабайы қойлар, ешкілер, маралдар т.б.). Шөлді жерді мекендейтін түлқтылар күзде жайылымы жақсы тау етегіне келеді де, ал көктемде қайтадан шөлге оралады. Қүстармен, балықтармен салыстырғанда сүтқоректілердің миграциясы айтарлықтай емес. Миграция процесі айқын байқалатындарға теңіз сүтқоректілері, жарқанаттар және түяқтылар жатады.
4. Қыстап шығу-кезіндегі негізгі қиыншылық-тамақ табу жағдайының қиындап кетуі, тамақтың азаюы, тамақтың сапасының нашарлауы. Мүндай қиыншылықтан қүтылудың ең қарапайым жолы тамақ іздеуде қозғалыс жылдамдығын арттырып, көп аймақты аралау. Осындай ерекшелікті көптеген жануарлардан-қасқырлар, түлкілер, жолбарыстар, барыстар; кемірушілерден -тиіндер, қояндар және түяқтылардың бірнеше түрлерінен байқауға болады. Сүтқоректілердің кейбір түрлері қоректік азық іздеп, миграция жасамайды, олар қыстың қиыншылығын үйқыда жатып өткізеді немесе қажетті тамақ қорын жинап алады.
Қысқы үйқы сүтқоректілерде кең таралған күбылыс, бірақ ол кейбір отрядтардың өкіліне ғана тэн ерекшелік. Қысқы үйқыға клоакалылар, қалталылар, насеком жемділер, қол қанаттылар, мүкі тістілер, жыртқыштар, кемірушілер отрядының өкілдері жатады.
Жануарлардың санының жыл сайын ауытқып тұруы көбею қабілетіне, тіршілік жағдайына және тарауы, жыртқыштардың санының өсуі, қоректік азықтың мөлшері және ауа райының түрақсыздығы т.б.
Барлық жануарлар түрлерінің ауытқып түруы негізінен-қоректік затқа байланысты. Алайда қояндар санының жыл сайын өзгеріп отыруы басқа себептерге байланысты. Өйткені олардың тамақтық қоры жыл сайын өзгермей бір қалыпты болады. Сол сияқты басқа жануарлардың (ондатралар, бүғылар, бұландар) саны да жыл сайын өзгеріп отырады.
Жануарлардың санының өзгеруіне екінші себеп олардың арасында жиі жүқпалы аурулардың таралуынан. Бұл аурулар қоректік заттары (мысалы, ақ қояндардың, қосаяқтардың, ондатралардың, су тышқандарының) арасында жиі кездеседі.
Жүқпалы аурулардың табиғаты әр түрлі. Жануарларда кеңінен таралған аурулар-туляремия, кокцидиоз т.б. Жүқпалы аурулардың бірнеше түрді бірден қамтитыны табиғатта жиі кездеседі.
Кейбір түрлердің санының өзгеруіне себепші болатын ауа райының қолайсыздығы. Қар қалың түскен жылы жабайы шошқалар, киіктер, жабайы қойлар, ешкілер, қояндар және тағы солар сияқты дала аңдары мүлдем қырылып қалады. 1942 жылы Қазақстанда қар қалың түскенде ақ бөкендер Каспий теңізінің жағасына ауып барғаны байқалған (Формозов, 1946 ж.).
Қар қалың түскен жылдары түлкі, ңарсақтар да қырылып қалады.
Жануарлардың санының өзгеруіне жыртқыштардың да әсері болады. Өте коп болатын түрлер үшін, олардың санын өзгертуде жыртқыштардың әсері байқалмайды. Олар ондай популяцияның басқа себептерден болған өлімін тездетеді. Ал, өте баяу көбейетін түяқтылар үшін, жыртқыштардың келтіретін әсерінің үлкен маңызы бар.
Кэсіптік аңдар саны өзгеруінің үлкен практикалық маңызы бар. Ол кәсіптік жануарларды аулауды жоспарлауға, одан өнім даярлауға, дер кезінде оларды үйымдастыру шараларын іске асыруға нүқсан келтіреді. Кейбір зцянкес жануарлардың шамадан тыс көбейіп кетуі ауыл шаруашылығына және денсаулық үшін үлкен зиянын тигізеді. Өйткені кемірушілердің көптеген түрі жүқпалы ауруларды таратушы болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет