1.1 Жер асты суткөректілері Жер бетін мекендейтіндер. Жер шарында қүрлықтың барлығында кездесетін сүтқоректілердің үлкен тобы. Олардың алуан түрлі болуы кеңінен таралып, түрліше тіршілік жағдайларына бейімделуіне байланысты. Бұл топқа жажатын жануарларды орманды мекендейтін және ашық кеңістікті мекендейтін деп екіге бөледі.
Орманды және ірі бүталы жерді мекендейтін жануарлардың тіршілік жағдайына байланысты формасы да түрліше болады. Бұл жерлер өсімдігінің қалыңдығы, жануарлар мекендерінің түрақты және түрлерінің көп болуына әсер етеді. Өрісінің кеңдігі мен өсімдігінің бітік болуы қорегінің де алуан түрлі болуына әсерін тигізбей қоймайды.
а) Нағыз маманданған тобына ағашқа өрмелеп шығатын жануарлар жатады. Олар өмірінің көпшілігін ағашта өткізеді. Қорегін ағаш басынан табады, көбею және дем алу үшін ү_я жасайды, жауларынан қорғанады. Бұл топтың өкілдері әр түрлі систематикалық отрядқа жататын жануарлар. Мысалы, насеком жемділерден-оңтүстік азиялық тупайлар; кемірушілерден-тиіндер, үшарлар; жыртқыштардан-кейбір аюлар мен сусарлар; мүкі тістілерден-жалқаулар, кейбір. күмырсқа жегіштер, одан басқа лемурлар, маймылдардың көптеген түрлері т.б. жатады.
Ағашта тіршілік етуге эр түрлі икемделген көптеген жануарлар ағашқа шыққанда өткір тырнағын пайдаланады. Оған тиіндер, аюлар, сусарлар, қүмырсқа жегіштер жатады. Лемурлар мен маймылдар ұзын, жақсы жетілген саусақтарының көмегімен шығады. Оңтүстік Американың көптеген маймылдарында, орман қүмырсқа жегіштерінде, қалталылардан-опссумда қармалағыш қүйрық болады.
Көптеген түрлері-гиббондар мен өрмекші тәрізді маймылдар ағаштан-ағашқа секіруге икемделген. Кейбір түрлері-үшарлар мен жүн қанаттылар бірсыпыра жерге қалықтап үшып бара алады.
Бұл топқа жататын жануарлар өсімдікпен қоректенеді. Кейбір түрі өсімдіктің белгілі бір түрімен ғана қоректенеді, мысалы, тиіндер қылқан жапырақты ағаштардың түқымын ғана пайдаланады, кейбір маймылдар көбінесе жемістермен қоректенеді. Орман аюлары эр түрлі тамақты: етті, жемісті, бұлдіргенді, өсімдіктің вегетативтік мүшелерін пайдаланады. Жыртқыш жануарларды да жейді. Мүндай жануарлар (тиіндер, үшарлар) балалау немесе дем алу үшін ағашқа бүтақтан үя жасайды немесе ағаш қуысын мекендейді.
б) Орман жануарларының ішінде жартылай ағашта, жартылай жер бетінде тіршілік ететін көптеген түрлері бар. Олар тамағының бірсыпырасын ағаштан тауып, үясын кезкелген жерге салады. Мысалы, бұлғын тамағының көпшілігі тышқан тэрізді кемірушілерді (20-50%) жерден тапса, 30-60 пайызға дейін жаңғақ пен бұлдірген, оған қосымша 5-10% қүстарды, 1-15% тиіндерді ұстап қоректенеді. Бұлғын биік ағаштардың қуысында, қүлаған ағаштың шіріген қуысында, тамырының астына үялайды. Қиыр Шығыстық қара аюлар жемістермен, кемірушілермен, бунақденелілермен және араның балымен қоректенеді. Бұлар ағашқа өрмелеп шығуға жақсы бейімделген, сондықтан да өзінің үясын ағаштың жоғарғы бүтақтарының арасына салады. Қысқы үйқысын ағаштың түбіндегі үйгірлерінде өткізеді.
Кемірушілерден бұл айтылған топқа шүбар тышқан жатады. Шұбар тышқан уақытының көбін жерде өткізеді. Бұлдіргенмен, дэнді дақылдармен, бұршақтың түқымымен және саңырауқүлақпен қоректенеді. Ағашқы жақсы өрмелеп шыға алады, бірақ тиіндер сияқты ағаштан ағашқа секіре алмайды. Қүйрығы қысқа, аса жүндісінде болмайды. ¥ясын ағаштардың тамырының астына, қүлаған ағаштың қуысына салады.
Жоғарыда көрсетілген жануарлар нағыз орман жануарлары болып саналады. Сонымен қатар көп уақытын жерде де өткізеді.
В) Орманда тараған көптеген түрлер бар, алайда олар жер бетінде тіршілік етеді. Оларға қоңыр аюлар, росомахалар, бұландар, күзендер, бүғылар, еліктер тағы басқа түрлері жатады. Қоректі заттарын жер бетінен табады. Ағашқа шықпайды. Балаларын інде (күзендер, жанаттар т.б.) немесе жер бетінде (бұғылар, бөкендер, еліктер т.б.) балалайды. Бұл жануарлар үшін орман-паналайтын ағашты алқап және қорек ретінде пайдаланатын табиғат байлығы.
2. Ашық кеңістікті мекендейтін- сүтқоректілердің түрлері де сан жағынан көп деуге болады. Бұлардың тіршілік ету жағдайларының мынандай ерекшеліктері бар. Бірінішіден-мекендейтін жерлерінде паналайтын табиғи бекіністер аз, ол жануарларды олардың жауларына-жыртқыштарға алыстан байқауына мүмкіндік береді; екіншіден-өсімдік тектес тамақтық заттар жеткілікті болады. Бұл экологиялық топқа эр түрлі отрядтың өкілдері қалталылар, насеком жемділер, кемірушілер, жыртқыштар және түяқтылар жатады. Осының негізінде олар өсімдікпен қоректенетін-кемірушілер мен түяқтыларды қүрайды.
а) Түлқтыларға өсімдікпен қоректенетін сүтқоректілердің ірі түрлері жатады. Сондықтан олар көп уақытын жайылуға жібереді де, үзап жайылым қуып кетеді. Жайылым кезінде тез және ұзақ уақытқа өріс ауыстыруы дал алы және шөл жерлерде өте сирек кездесетін су көздерін іздеуге және жауларынан қашып қүтылу қажеттігіне байланысты.
Кейбір түрлерінің максимальдық жылдамдығы, мысалы, бизондарда бір сағатта 40-45 км, жирафтар-45-50, жабайы есектер-50-55, құландар-65 км жер жүгіреді. Ал жыртқыштардың кейбір түрлері мысалы қасқыр бір сағатта 45-60 км, жолбарыс-80, леопардтар-112 км жер жүреді.
Басқа сүтқоректілерден айырмашалаға түяқтылар түрақты немесе тынығу үшін мекендейтін бекіністер салмайды. Тез жүгіруден басқа, көзі өткір, бойы биік, үзын мойыны арқылы басы жоғары көтеріледі. Көптеген түрі (суға) шөлге өте шыдамды келеді.
б) Қосаяқтарға-аз кездесетін және өсімдігі сирек тақырлау жерді мекендейтін ұсақ жануарлар жатады. Өзіне қоректік зат іздеп, олар тез және көп уақыт жүгіреді. Бұлардың жылдам қозғалуына өте ұзын болатын артқы аяғы себепші болады. Артқы аяғының көмегімен секіріп, өте тез қозғалады. Осы тэсілмен күм тышқандары да, солтүстік Американың кегуру тәрізділері де, Африканың үзын сирақтылары да, Африканың насеком жемді секіргіш қосаяқтарымен, Австралияның ұсақ қалталылары да осы лай жүреді.
Алдыңғы топтарға жататын жануарлардан айырмашылығы тек қана шөппен қоректеніп қана қоймай, шырынды тамыр түйіндерімен, түйнек тамырмен, ал кейбір түрлері-бунакденелілермен қоректенеді. Олар ешқашанда суды пайдаланбай-ақ қорегінің қүрамындағы сумен қанағаттанады.
Екінші бір ерекшелігі бұлардың паналайтын түрақты және уақытша іні болады. Осындай сенімді паналайтын орындары болғандықтан аз көтеріп, өте нэзік бала туады.
в) Саршүнақтарға-далалы, шөлейт және өсімдігі қалың таулы жерді мекендейтін дене мөлшері кішілеу және орташа кемірушілер жатады. Олар шөппен және оның түқымымен қоректенеді. Қалың өсімдікті жерді мекендеуіне байланысты, олар өзі тұрған мекенінен үзамайды. Түрақты іні болады, сол жерде дем алып, көбейеді. Көпшілігі жазғы және қысқы үйқыға жатады. Жайылып шыққанында тасалайтын уақытша іні болады. Жай жүгіреді, сопақша денесі іннің ішінде қозғалуына жақсы икемделген. Бұлардың баласы да элсіз, көзі соқыр болып туады. Бұл топқа сарпгүнақтардан басқа суырлар, аламандар жатады.
г) Жоғарыда айтылған топтардың ешқайсысына жатқызуға болмайтын түрлері де бар. Бұл кеңінен таралған, эр түрлі тіршілік жағдайында тіршілік ететін жануарлар. Оларға көптеген жыртқыштар (қасқыр, түлкі, борсық), жабайы шошқалар жатады. Мысалы, қасқыр, түлкі тундрада, тоғайлы, далалы жерде, шөлде және таулы-тасты жерде мекендейді. Жыртқыштардың көбеюі, қоректік азықтарының қүрамы және оларды іздеп табу тәсілдері түрған орталығының жағдайларына байланысты. Мысалы, тоғайлы жерде қасқыр жер бетіндегі тттүңқырға күшіктейді, ал шөлде және тундрада кейде ін қазады..