Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі



бет6/7
Дата07.02.2022
өлшемі214,21 Kb.
#93770
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мамлакатой

1.4 Зиянды сүтқоректілер.
Көбінесе кемірушілер отрядына жататындар зиянкес болып саналады. Әр түрлі дала тышқандары, саршүнақтар т.б. ауыл шаруашылық өсімдіктеріне үлкен зиян келтіреді. Олар егістік дақылдардың барлық стадиясына зиянын тигізеді. Себілген түқымды тасиды, өскінді қүртады, дэнін жейді, қойманы, үюлі түрған шөпті мекендеп бұлдіреді.
Жыртқыштардың ішінде зияндылары көп емес. Адамға пайдалы жануарларды жеп, ауыл шаруашылығына көбірек зиянын тигізетін қасқырлар. Бұлар эсіресе қой шаруашылығына үлкен зиян келтіреді, өйткені жеген малдарының 55 пайызы қой, ал 10 пайыздайы басқа жануарлар болады. Қасқырлар тундра жақта көбінесе бүғылармен қоректенеді, жеген азығының 50-60 пайызы бүғының еті. Сонымен қатар бұлар кэсіптік маңызы бар жабайы аңдарды да (бүғылар, киіктер, жабайы қояндар, ешкілер, шошқалар) жеп азайтады. Америкада қасқырлардың жылма-жыл келтіретін зияны 25 млн долларға жеткен. Қасқыр қүтыру сияқты жүқпалы ауырудың табиғаттағы таралу ошағы болып саналады. Сондықтан оларды қүрту жөнінде қазіргі кезде көптеген шаралар қолданылады.
Жыртқыш аңдардың басқа түрлерін зиянды емес деуге болмайды. Кейбір жерлерде жабайы мысықтар мен шиебөрілер, түлкілер және ұсақ күзендер қүстарды жеп, қүс өсіретін шаруашылыққа зиянын тигізеді. Бірақ бұл аңдар ауыл шаруашылығына зиян келтіретін кеміргіштерді қүртып, пайда да келтіреді. Кавказдың орман мысығының жеген азығының қүрамын зерттегенде, оның 94 пайызы тышқан тәрізділер болып, ал 8 пайыздайы ақ қүстар болып шыққан. Түлкінің қиын, қарнындағы тамақты тексергенде тышқан тэрізділер 60-100%, құстың қалдығы 8-35% болған.
Сүтқоректілердің жүқпалы ауру тарататын түрлері де бар. Бұларға саршүнақтар, қосаяқтар, үй тышқандары т.б. жатады. Олар жүқпалы ауруларды бойына сақтаушы, эрі таратушылар болып есептеледі. Жүқпалы аурудың қоздырғыш бактериялары адамға да және жануарларға да бірдей жүғады. Мүндай ауруларды-антропозооноз деп атайды. Антропозооноз ауруларына-сүзек, шешек, оба, қарасан, туляремия т.б. жүқпалы аурулар жатады. Оба ауруын қоздырғыш бактерия-жоғарыда көрсетілген аңдарды аулап, үстағанда адамды тістесе немесе оның эктопаразиті бүрге арқылы адамға жүғады. Маса, шыбын, бүрге, бит және кене, ішетін су арқылы немесе тікелей жанасу кезінде туляремия ауруының қоздырғыштары адамға жүғады. Микроб тасушылардың көпшілігі кемірушілер деуге болады. Әсіресе, су тышқандары, кәдімгі дала тышқандары, үй тышқандары, саршүнақтар және қояндар жатады.
Ауыл шаруашылығына зиян келтіретін және жүқпалы ауру тарататын кемірушілерді құрту үшін қазір көптеген шаралар белгіленген. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін олардың жыл сайын санының өзгеруін біліп отыру, табиғи жағдайда, адам мекендерінде орналасу ерекшеліктерін білу керек. Табиғат жағдайында кемірушілердің саны өте азайып кеткен жылдары, оларға қарсы қолданған шараның тиімді болатынын ескеру керек. Өйткені қиыншылық жылдары олар шағын жерге жиналады, сол жерде оларды жойып жіберуге жеңіл болады.
Қазіргі кезде зиянды кемірушілермен күресудің үш түрлі эдісі бар: биологиялық, механикалық және химиялық. Биологиялъщ әдгокемірушілермен қоректенетін сүтқоректілерді және жыртқыш қүстарды қорғауға негізделген. Мысалы, кейбір аудандарда жүқпалы ауру болғандықтан бағалы терілі түлкі, күзен сияқты аңдарды аулауға тыйым салынған. Зиянкестерге қарсы күрестің бұл эдісі оларды мүлде жойып жібермегенмен санының азаюына себепші болады.
Механикалыц здгс-кемірушілерді әр түрлі қүралмен үстауға негізделген. Саргпүнақтар мен аламандарды інінің аузына темірден жасалған № 0 және № 1 доға тэрізді қақпандарды қүрып үстайды. Кейде оларды ініне су қүйып та өлтіреді. Бірақ мүндай эдіс көктемде қар суы бар кезде қолданады.
Химиялъщ әд/ожануарларды газ тэрізді улармен немесе азыққа араластырып берген улармен улатып, өлтіруге негізделген. Оларды уландырып өлтіру үшін қүмға хлорпикрин қосып немесе мақтаға сіңіріп ініне тастап қояды. Мақтаның бір уысына 3 г у сіңіреді, уды індеріне енгізіп тастағаннан кейін, оның аузын топырақпен жауып кетеді.
Кеміргіштермен күресуде кейінгі кезде кеңінен қолданылып жүрген тәсілдердің бірі-алданыш тамақтарды: уландырылған бидайды, сүлыны, қара бидайды індерінің маңайына және жүретін жерлеріне шашып тастау. Алдандыратын дэндерді уландыратын зат есебінде мырыш фосфидін және барий фтороцетатын пайдаланады. Бір гектар жерге 200-300 г бидайдың уландырған дэнін қолмен сепкенде тышқандардың 70-80 пайызы қырылып қалады. Бау-бақшаға зиян келтіретін кемірушілерді қыру үшін де осы эдісті қолдануға болады. Суда ерімейтін үнтақ тэрізді уларды індеріне шаңдатып шашып жіберу арқылы да оларды қыруға болатын тәсілді де қолданады.
Сүтқоректілердің филогениясы турасында ғылымда көптеген көзқарастар болып келген, ал қазіргі кезде сүтқоректілер класына жататын аңдар бірнеше тектен шыққан деген пікірді (полифилетикалық) қуаттайды, яғни кластың ерте замандағы тіршілік еткен, бүтақтары аң тэрізді рептилилердің топтарынан пайда болған. Көп бүдырлы тістілерге жақын топтардан бір тесіктілер пайда болған деген пікірді дүрыс деуге болады. Қалталылар және плаценталылар мен пантотериялар бір түбірден шыққан, бір тектес өз алдына табиғи топ болып есептеледі. Пантотериялар ерте заманда өл in біткен және олар дан ешкандай үрпақ қалмаған. Жоғарғы жағдайды еске ала отырып, Симпсон (1959) сүтқоректілердің класына жататын нағыз осы топтар деп үйғарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет