«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі



бет24/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62
Байланысты:
Физика лекция

Жеке дара сұрауды оқушылардың бірі тақтада физикалық құбылысты, заң немесе құрылғыны, прибордың жұмыс істеу принципін, есептің шешуін жүйелеп түсіндіреді, тәжірибе жасайды. Басқа оқушылар тыңдайды.
Сұрау тәртібі мынадай болуы мүмкін. Мұғалім бүкіл сыныпқа сұрақ қояды және керек болса жауаптың жоспарын немесе нұсқауын береді, мысалы сызба салу, тізбек құру, тәжірибені демонстрациялау. Сұрақ қойылғаннан кейін оқытушы жауаптын мазмұны мен жоспарын ойластыруға сыныпқа 1-2 минут уақыт беріп, сонан соң оқушылардың бірін тақтаға шақырады. Сұрақтарды мұғалім логикалы айқын, оқушыларға түсінікті формада, оны тұжырымдай айтуы тиіс.
Бір мезгілде 2-3 оқушыдан сұрау. Мұнда сұрақ қойылғаннан кейін тақтаға 2-3 оқушы бірден шақырылып, әрқайсысы өзіне берілген тапсырманы орындайды. Мұндай сұрақ-тапсырмалар жаңа материалды оқып үйренгеннен кейін схемалар мен сызбалар сызуда, тәжірибелерді жасауда қолданылады. Дайын болған оқушылар бірінен кейін бірі жауап бере бастайды.
Ауызша сұраудың мұндай тәсілінде сұрақты негізгі және қосымша деп бөлуге болады. Негізгі сұраққа жауапты толық беруді қажет етеді. Оқушы негізгі сұраққа жауап беруге қиналған сәтте, қосымша сұрақтар қойылады.
Жаппай сұрауды сабақтың кез келген кезеңінде өткізуге болады. Материалды қайталағанда, жаңа материалды оқып үйрену үрдісінде, өзіндік жұмыстың түрліше формаларында. Бірақ оқушылардың білімдерін тексерудің тек жаппай сұрау формасымен әуестенуге болмайды. Себебі оқушылар мұнда ұсақ-түйек сұрақтарға жауап беруге дағдыланады да, толық жауап беруге келгенде қиналады.
Жаппай сұрау кезінде оқушыға бағаны сұрау аяқталғанда, сондай-ақ сабақтың аяғында қояды.
Зачет алу оқушылардың бір бөлімдегі немесе бірнеше тараулардан алған білімдерін тексеру үшін тоқсанның аяғында өткізіледі. Бұл көбінесе 10-11 сыныптарда қолданылады.



  1. Оқушылардың білімін тексерудің жазбаша тәсілі және түрлері

Білімдерді тексерудің жазбаша тәсілі бақылау жұмыстары, тест, физикалық диктант, эксперименттік бақылау жұмыстарын өткізу жолымен жүзеге асырылады. Бақылау жұмысында бақылау функциясы бірінші, тәрбиелеу функциясы шамалау, оқыту функциясы іс жүзінде байқалмайды, ал дамытушылық функциясы маңызды роль атқарады.


Шынында да, бақылау жұмысы біршама қысқа уақыттың ішінде оқушылардың көлемі едәуір кең мәселелері бойынша білімін тексеріп шығуға мүмкіндік беретін тексерудің өте тиімді формасы. Ауызша тексеруде шамадан тыс, қысылғандықтан кейбір оқушылар қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бере алмай қалады, бұл тексерудің осы түрінің кемшілігі болып табылады. Ал, бақылау жұмысы кезінде сынып алдында жауап бергенде мазасызданатын, сасып-сасқалақтайтын оқушылар бақылау жұмысы кезінде ойлануға уақыты жеткілікті болады және байсалдылықпен жұмыс істей отырып, жақсы нәтиже көрсетеді. Жұмыстың ұзақтығы түрліше болуы мүмкін 10-15 минуттан бір сабақ бойына дейін. Физикадан жазбаша бақылау жұмысын өткізудің негізгі мақсаты – оқушылардың білімдерін айқындау және оларды нақты есептерді шығаруға қолдана білуі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет