Жаратылыстану география факультеті



бет7/10
Дата20.09.2023
өлшемі1,72 Mb.
#181821
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ОБЖ РЕФЕРАТ

Апаттық тасқын - қирау мен құрбандыққа алып келетін, көлемі жағынан көрнекті, қайталануы жағынан сирек тасқын. Апаттық тасқын түсінігі, сондай — ақ салдары қиратуға алып келген су тасуға да қатысты қолданылады.
Цунами – су асты және жағалаулардағы жер сілкінісі кезінде пайда болатын теңіз толқындары. Қазақстан үшін орын алуы екіталай құбылыс, алайда Каспий теңізі айлағында орын алу мүмкіндігін естен шығаруға болмайды.
Қар көшкіні – адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға шығын келтіретін, жылдам әрі кенеттен болатын қардың және (немесе) мұздың таудың тік баурайымен қозғалуы.
Қар көшкіні қауіпі бар аймақ – адамдардың өмірі мен денсаулығына, экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін немесе келтіруі мүмкін қар көшкіні қауіпі бар таулы аймақ. Қар көшкінінің тууына ықпал ететін маңызды факторлар қалың қар мен таудың тік баурайлары болып табылады.
Қар көшкініне қарсы қорғаныс — қар көшкіні тектес процесстердің тууының алдын алуға бағытталған, сондай-ақ атқарушы билік немесе өзін -өзі басқару органдарын және халықты қар көшкіні қаупі туралы дер кезінде хабарлаңдыруға бағытталған күзету – шектеулі және инженерлі - техникалық іс – шаралардың жиынтығы.
Қауіпті метеорологиялық құбылыстар мен процестер. Қауіпті метеорологиялық құбылыстар –адамдарға, ауылшаруашылық малдармен және өсімдіктерге , экономика нысандарына және қоршаған табиғи ортаға зақым келтіретін немесе келтіруі мүмкін атмосферада әртүрлі табиғи факторлардың немесе олардың қосындысының ықпалынан туындайтын табиғи процесстер мен құбылыстар.
Дауыл– жылдамдығы 32 м/с асатын (115 км/с аса), айтарлықтай ұзақтығы мен қираткыш күші бар жел.
Теңіз дауылыұзақ уақытты, 20м/с аса жылдамдықпен соғатын өте күшті, теңізде қатты толқын және құрғақ жерде қирату тудыратын жел.
Дауыл (кенеттен соққан) - жел бағытының өзгерісімен қоса жүретін конвекциялық процестермен байланысты 20-30 м/с жылдамдықпен соғатын желдің кенеттен қысқа мерзімді күшеюі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет