Қорытынды Қорытындылай келе, Төтенше жағдай – белгілі бір аумақтағы апаттан адамдардың өлімі, олардың денсаулығына тигізген әсері қоршаған ортаға және халық шаруашылығы объектісі мен материалдық шығын және елді-мекен жағдайының нашарлауы (ҚР Азаматтық қорғаныс Заңының табиғи және техногендік характері 1 бап).
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргiзушi объектiлердi қорғаудың негiзгi принциптерi мыналар: - жариялылық және халық пен ұйымдарды болжанып отырған және пайда болған төтенше жағдайлар, олардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шаралар туралы хабардар ету;
- егер ұйымдар мен азаматтардың қызметi ықтимал қауiп туғызатын болса, оның қатер төндiру және зиян келтiру деңгейiн алдын ала анықтау, халықты қорғаныс әдiстерiне үйрету және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын жүзеге асыру;
- төтенше жағдайларды жою жөнiндегi құтқару, авариялық-қалпына келтiру және басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу мiндеттiлiгi, шұғыл медициналық жәрдем көрсету, халықты және зардап шеккен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, төтенше жағдайлар салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкiне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргiзушi объектiлерге келген зиянды өтеу болып табылады.
Пайдаланылған әдебиет: Интернет желісінен