Жаратылыстану география факультеті


Жанжалды сипаттағы төтенше жағдайларға



бет2/10
Дата20.09.2023
өлшемі1,72 Mb.
#181821
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ОБЖ РЕФЕРАТ

Жанжалды сипаттағы төтенше жағдайларға
- қарулы шабуыл;
- кейбір аймақтағы шабуыл;
- соғыс уақыттағы әскери әрекетерде қазіргі зақымдау тәсілдерді қолдану жатады.
Ведомстволы қатыстыгы бойынша төтенше жағдайлар мыналарға бөлінеді:
-құбылыста;
- өндірісте;
-халыққа үй-жайлылық және коммуналды-тұрмыстық қызмет көрсету саласында;
-көлікте;
-ауылшаруашылық;
- орман шаруашылығында; -көліктік байланыста (газөткізгіштер, мұнай өткізгіштер)
ЖЕР СІЛКІНУ
Жер сілкіну, жер сілкінісі— жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.

Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.


Жер сілкінуіне дейін:
Жағдайды көз алдыңызға елестетіңіз: қатты жер сілкінісі болған кезде егер сіз жұмыста, үйде, ал балаларыңыз сол кезде мектепте немесе балалар бақшасында болса? Өзіңіз бен отбасы мүшелерінің осындай жағдай бола қалған кезде жете зерттеңіз: тығылу үшін ең қауіпсіз жер қайда, жер сілкінісі біткеннен кейін қай жерде кездескен дұрыс т.б. Сіздің алдын-ала құрған «сценариіңіз» апат болған жағдайда көмекке келеді.


Алдын-ала дайын болыңыз:


• Рюкзак немесе сөмкеңізді құжаттар;
• Үш күнге жететін тамақ пен су;
• Алғашқы медициналық дәріханасы мен медикаменттер;
• Жылжымалы электр фонары мен сіріңке;
• Жылы киім мен аяқ киім.
Алғашқы жер сілкінісі кезінде :
• Есте сақтаңыз: жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және басқалардың да үрейленуіне жол бармеңіз;
• Газ, су және жарықты сөндіріңіз;
• Жер сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда қорықпаңыз, сол жерде тұрыңыз, яғни күтіңіз.
Егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үйдің ішінде болсаңыз (дүмпу күші бес және одан жоғары болса):
• Екінші және одан да жоғары қабатта болсаңыз ол жерден ешқайда кетпеңіз;
• Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына, ваннаға жатыңыз;
• Кереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды. Өзіңізді ауыр жиһаздар мен терезелерден аулақ ұстаңыз;
• Лифтіні пайдаланбаңыз.
Егер көшеде болсыңыз:
• Ғимараттар мен электр желілерінен алшақ, ашық алаңда тұрыңыз, үзілген электр желілерінен алшақ тұрыңыз;
• Ғимараттың алдың кесіп өтпеңіз және оған кірмеңіз.
Егер автокөліктің ішінде болсаңыз:
• Ашық алаңда қалыңыз жер сілкінісі біткенше көлік ішінде болыңыз

Есте болсын! Жер сілкінісі кезінде жер жарылып, адам өлімі сирек кездеседі. Жер сілкінісі кезінде мынадай жағдайларда бақытсыздық орын алады:
• Ғимараттардың кейбір бөліктерінің қирауы;
• Сынған терезелердің құлауы;
• Үзілген электр желілері;
• Пәтердегі ауыр заттардың құлауы;
• Өрт;
• Үрей кезінде бақылаусыз қалған адамдардың мінез-құлқы.
Егер сіз алдын-ала қауіпсіздік шараларын сақтасаңыз, құрбан болу саны аз болары сөзсіз.
Жер сілкінісен кейін:
• Қажет адамдарға алғашқы жәрдем көмегін көрсетіңіз;
• Зардап шеккендерді үйіндіден шығаруға көмектесіңіз;
• Радиоқабылдағышты қосыңыз;
• Суды, газды, жарықты мүмкіндік болса өшіріңіз;
• Ашық отты пайдаланбаңыз;
• Өте сақ болыңыз, ғимаратты тез арада босатыңыз, яғни басқа жаққа барыңыз
Су тасқын, сел

Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың жалжуы, теңіз суының жағаға ұруы, өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қар еруі ұзаққа созылғанда өте қауіпті.


Елді мекендерде су тасқыны боларда алдын-ала қауіпсіздік дайындығын жүргізу керек. Жергілікті елдің топографиясын, климаттық ерекшеліктерін және тарихын біле отырып, су тасқынының қалай болатынын дәлдікпен білу қиындық туғызбайды. Кішкентай су тасқыны шамамен 10-20 жылда бір рет, үлкен су тасқыны 20-25 жылда бір рет, одан да үлкен бүкіл өзендерді қамтитын 50-100 жылда бір рет және 100-200 жылда бір рет, бүкіл аумақты қамтитын үлкен апаттар болуы мүмкін.
Гидрологиялық алдын-ала бақылаудың мынадай жүйесі бар:
• Қысқа мерзімдік (10-12 тәулік)
• Ұзақ мерзімдік (2-3 айға дейін)
• Өте ұзақ мерзімдік (3 айдан жоғары)
Жағаға жақын облыстардың тұрғындары жақын уақытта не болатынына қызығушылық білдіріп жүруі керек.
Жеке адамның алдан-ала қауіпсіздік шаралары:
• алғашқы толқынның әсерінен құлатқанда;
• барлық отбасы мүшелерін жүзуге үйрету;
• қайықтың болуы (мүмкіндігінше екі қайық- біреуі кәдімгі, екіншісі-жел үрлеп толтырылған)
• жергілікті елді-мекендердің топографиясымен танысу;
• жақын маңда стихиялық жағдай болғанда хабарласу түрін білу.
Су тасқыны кезінде:
• үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;
• пештегі жанып жатқан отты өшіру;
• үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне немесе жоғары қабатқа шығару;
• бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен немесе фанермен қағып тастау;
• мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау.
Кездейсоқ су тасқанында өзіңізбен бірге жылы киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ және т.б. керекті нәрселерді алып, рельфтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса, қайық және т.б. дайындау қажет.
Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында, су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.
Қар көшкіні – таулы аймақтарда болатын қардың, тастың көшкіні. Бұл құбылыс көбіне көлдерде судың толуынан, мұздардың еруінен болады. Қар мен мұз еріп, олар төмен қарай ағады. Ағынның биіктігі 10-20 метрге дейін (кей жағдайларда 40-50 метрге дейін), ағу жылдамдығы 3-5 м/с. Көшкіннің астында қалғандардың тірі қалуы мүмкін емес, сондықтан абай болу қажет.
Республикамызда қауіпті 300 орын тіркеуге алынған, ол жерлерде 600-ден көп әртүрлі жағдайлар болған. Қар көшкіні жағдайлары шамамен 80%, мұз еруінен 15% және қар еруі мен жер сілкінісінен 5% болады.
Қазақстанның ең қауіпті таулы аймақтары болып Жоңғар, Талас, Іле Алатауы, сондай-ақ Қаратау, Кетмен, Тарбағатай таулары саналады.
Көшкін қаупі бар кезең – Қазақстанның таулы аймақтарында күн жылыған кезде болады (тамыз-қыркүйек айлары).
Көшкіннің болу белгілері:
• Көшкін қаупі бар аймақтары жаңбырдың үздіксіз жауу;
• Көшкін қаупі бар аймақтарында күннің жылуы;
• Көлде деңгейінің күрт төмендеуі немесе жоңғар жағында шұңқыр пайда болуы;
• Жер сілкінісі.
Көшкіннің жақындау қаупі және белгілері
• Көшкінге қауіпті арналарда судың тоқтап не болмаса күрт азайып кетуі;
• Көшкінге қаупі арналардың жоғары жағында қатты дыбыстың пайда болуы;
• Көшкін алып келген тастардың соққысынан болған қозғалыстар;
• Көшкін соққысынан болған шаңды бұлттардың пайда болуы;
• Судың лайлануынан пайда болған көшкін алдындағы себептер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет