Жаратылыстану-география факультетінің деканы



Дата18.02.2018
өлшемі256,44 Kb.
#37793
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті


Бекітемін

Жаратылыстану-география факультетінің деканы

__________Г.Н.Сулейменова
«___»__________ 2016 ж.

Жарытылыстану география факультеті

Биология және экология кафедрасы
6м060800-«Экология» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША «ЭКОЛОГИЯ» пәнінен мАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ емтиханЫНЫҢ бағдарламасы

Орал, 2016 ж.

Бағдарламаны құрастырғандар: б.ғ.д., проф. Дарбаева Т.Е., а.ш.ғ.к., доц. Альжанова Б.С., б.ғ.к.,доцент Бимагамбетова Г.А., аға оқытушы Булатова К.Б., аға оқытушы Кажымуратова Ж.С.

6М060800–«Экология» мамандығы бойынша «Экология» пәнінен магистратураға қабылдау емтиханының бағдарламасы биология және экология кафедрасының отырысында қарастырылып талқыланды.


«_____»_________________20___ ж., хаттама №_________

Кафедра меңгерушісі Бимагамбетова Г.А.


Жаратылыстану-географиялық факультетінің оқу-әдістемелік кеңес отырысында қарастырылды.


«_____»_________________20___ ж., хаттама №_________

ОӘК төрағасы Айманова Е.Е.



Түсіндірме жазба
Адам, қоғам және табиғат қарым-қатынастарын оңтайландыру көп жағдайда экология және табиғатты қорғау жайлы білімнің тиімділігіне, қоғамның барлық мүшелерінде экологиялық ойлауды дамыту және экологиялық сана мен мәдениетті қалыптастыруға байланысты. Жоғары экологиялық білімді жалпы қайта құру, жас мамандарды даярлау сапасын жоғарылату экологиялық және табиғатты қорғау жайлы білім деңгейіне қойылатын жаңа талаптар ұсынады. Қазіргі таңда экология биологиялық ғылымдардың ішіндегі ең өзекті ғылым болып отыр және қоғам мен табиғаттың өзара тиімді қарым-қатынасының теориялық негізі.

«Экология» пәнінен қабылдау емтихан бағдарламасы ҚР МЖМБС негізінде әзірленген және 6М060800 - «Экология» мамандығы бойынша білім мазмұнына және магистрлерді дайындау деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді.

«Экологиядан» кешенді емтихан мынадай пәндерден: әлеуметтік экология және тұрақты даму, биоэкология, экологиялық мониторинг, өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар алуантүрлілігі, өндірістік экология сияқты экологиялық білімнің негізін құрайтын пәндерден білімінің деңгейі мен оны меңгеру дәрежесін тексереді.

6М060800 - «Экология» мамандығы бойынша магистрант білуі тиіс:

- экожүйелер мен бүкіл биосфераның негізгі қызмет атқару заңдылықтарын;

- табиғи-антропогендік ландшафтардың типологиясы мен классификациясының негіздерін;

- экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі міндеттері мен принциптерін;

- негізгі жергілікті, аймақтық және глобальды экологиялық проблемаларды және экожүйелердің құрылымы мен қызметіндегі бұзылыстарды түзетудің ұтымды шараларын;

- экологиялық мониторинг пен оның негізгі бөлімдерінің мақсаты мен классификациясын;

- Қоршаған орта сапасын қадағалау, табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласын әлеуметтік реттеу, монополиялық баға түзуге жол бермеу жөніндегі ұлттық және халықаралық заңгершілік негіздерін;

-ластанулардың алдын алу және жою, қоршаған ортаны қалпына келтіру және қауіпті қалдықтарды ұқсату әдістерін;

- осы күнгі ақпараттық технология негіздерін;

- экологиялық мағлұматтарды жинау, сақтау және өңдеу тәсілдерін;

- экологиялық болжам жасаудың негізгі принциптерін;

6М060800 - «Экология» мамандығы бойынша магистрант түсінуі тиіс:

- экологиялық жүйелердің қызмет атқаруы мен эволюциясының негізгі принциптерін, биосфераның әлеуметтік-экономикалық факторлары мен компоненттерінің ролі мен мәнін;

6М060800 - «Экология» мамандығы бойынша магистрант атқара білуі тиіс:

- антропогендік әсерлерге және табиғи апаттарға байланысты экологиялық процесстердің динамикасын талдау;

- қоршаған ортаның жай-күйін бақылауы және талдауы;

- далалық және эксперименттік экологиялық зерттеулерді ұйымдастыруы және жүргізуі;

- қоршаған табиғи ортаның күйіне сараптамалық және аудиторлық баға беруді жүргізуі;

- эко-, геожүйелердің күйінің өзгеруінің болжамдық модельдерін жасауы;

- тұрғындардың арасында экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуі;

- экологиялық нормалау негіздерін пайдалануы;

- өндіріс орны мен ұйымның экологиялық іс-әрекетінің жекелеген практикалық шаруаларын кәсіби дәрежеде шеше білуі;

6М060800 - «Экология» мамандығы бойынша магистрант жетік білуі тиіс:

- жалпы және глобальды экология мәселелерін;

- экологияның қолданбалы аспектілерін;

- жаңа табиғат қорғау және қорларды үнемді пайдалану технологияларын;

- ғаламдық және аймақтың экологиялық проблемаларды;

- экологиялық қатерлерді бағалау, табиғи- антропогендік құбылыстардың пайда болуы және олардың алдын алу мәселелерін;

- экологиядағы қауіпсіздік және орнықты даму мәселелерін;

- табиғат қорғау саласындағы заңгершілік негіздерін;

- антропогенді әрекеттің зардаптарын кешенді экологиялық- экономикалық бағалау мәселелерін;


Әлеуметтік экология және тұрақты даму

Әлеуметтік экология пәні және міндеттері, қалыптасу тарихы.

Экологияның ғылым ретінде пайда болуы. Әлеуметтік экология пәні. Әлеуметтік экологияға ғылым саласы ретінде анықтама беру. Әлеуметтік экологияның пайда болуы. Зерттеу объектісі. Әлеуметтік экологияның басқа ғылымдармен байланысы: биология, география, әлеуметтану. Әлеуметтік экология ғылымының қалыптасуы. Әлеуметтік экологияның өзге гуманитарлық және жаратылыстану пәндерімен байланысы. Іргелі биологиялық пән ретіндегі экологияның әлеуметтік экологияны қалыптастырудағы ролі. Инвайронментальдық экологияның қазіргі дамуындағы осы күнгі тенденциялар. Әлеуметтік экологияны қалыптастырудағы адам экологиясының маңызы. Экологиялық проблемалар әлеуметтануының Чикаголық мектебі. Адамдардың кеңістіктік мезгілдік қарым қатынастарының тіршілік ету ортасына тәуелдігі жөніндегі Мак Кензил, Р.Парк, Ю.Берджес; А.Хоули, Г.Теодорсон және т.б. идеялары.



Әлеуметтік экологияның даму кезеңдері.

Эмпирикалық кезең: бақылаулар арқылы алынған мағлұматтарды жинақтау кезеңі; глобальды мониторинг және планетадағы экологиялық жағдайға баға беру. ДДТ препаратын қолданудың экологиялық зардаптарына талдау жасау. ДДТның тірі организмдерге және адамға көрсететін қатерлі әсері. Р.Карсонның «Меңіреу көктем» атты кітабы. Ғылыми техникалық прогрестің жағымсыз зардаптары және планетада қалыптасып отырған күйзелістік жағдай жөніндегі деректерді жинақтау кезеңінің басталуы.

Әлеуметтік экологияның дамуының модельдік кезеңі. «Рим клубы» халықаралық зерттеу орталығының құрылуы, оның міндеттері. «Рим клубының» құрылтайшылар жиналысының қорытындылары табиғат ресурстарының сарқылуы, материалдық прогрестің баяулауы, қоғамдық қақтығыстар, саяси күрес, халықтың кедейленуі. «Рим клубының» баяндамалры. Әлемнің алғашқы модельдері. Әлеуметтік экологиялық жүйелерді әлемдік және аймақтық дәрежеде зерттеудің перспективалары.

Әлеуметтік экологиның дамуындағы ғаламдық саяси кезең. Рио де Жанейро қаласында өткен қоршаған орта және даму жөніндегі Халықаралық конференция (1992 ж.).



Әлеуметтік экологияның заңдары.

«Қоғам табиғат» жүйесіндегі әсерлесудің негізгі заңдылықтары. Әлеуметтік экологияның ғылыми заңдарын тұжырымдау үшін «табиғат қоғам адам» жүйесі жөніндегі эмпирикалық білімдердің жеткіліктілік проблемасы. Қоғамды экологиялық жүйенің тармағы ретінде қарастыру негізінде әлеуметтік экологияның заңдарын тұжырымдау бағытындағы алғашқы талпыныстар (Бауэр, В.И.Вернадский). Н.Ф.Реймерс тұжырымдаған «адам табиғат» жүйесінің он заңы. Г. және Е.Одум заңдары. Коммонердің глобальдық экологиялық заңдары және олардың әлеуметтік ортада іске асырылуы. Данило Ж.Маркович тұжырымдаған әлеуметтік экологияның негізгі он заңы.



Цивилизация тарихында адам мен табиғаттың өзара қарым қатынасы.

Адамдарда ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейін экологиялық түсініктерінің пайда болуы.

Адам мен қоғамның қарым қатынасының этаптары. Аңшылық жинақтаушылық мәдениет. Аграрлық мәдениет. Индустриальды қоғам мәдениеті. Постиндустриальды кезең.

Әлеуметтік экологиялық өзара қарым қатынас және оның субъектілері.

Адам және қоғам әлеуметтік экологиялық қарым қатынастың субъектісі ретінде. Адамзат көп деңгейлі иерархиялық жүйе. Адамның әлеуметтік экологиялық өзара қарым қатынас субъектісі ретінде негізгі сипаттамалары: қажеттілік, бейімделу (адаптивтік), адаптация механизмі және бейімделушілікке бейімділік (адаптированность).



Қоршаған орта.

Әлеуметтік экологиядағы қоршаған орта ұғымы, қоршаған орта элементтерінің ара салмағы.

Қоршаған ортаның табиғи компоненті. Қоршаған орта элементтері: атмосфера, гидросфера, литосфера, өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер. Жанды және жансыз табиғи орталар., олардың өзара байланыстлығы. Экожүйе, биосфера.

Қоршаған ортаның әлеуметтік компоненті: қоғам, қоғамдық қатынастар, мәдениет. Еңбек сферасы – еңбек процесінің материалдық факторлары мен адамдар арасындағы қарым қатынастардың жиынтығы – қоршаған ортаның бір бөлігі. Қоршаған орта элементтерінің ара салмағы. Іргелі экологиялық заң минимум заңының әлеуметтік жүйеде әсер етуі. Адамның жасанды тіршілік ету ортасын құруы. «Өмір сүру сапасы» ұғымына анықтама беру. .



Тіршілік ортасының экологиясы.

Адамның тіршілік ортасының элементтері: әлеуметтік тұрмыстық орта (қала және тұрғын үй орталары), еңбек (өндірістік) орта, рекреациялық орта. Олардың сипаттамасы. Адамның оның тіршілік ортасымен өзара қарым қатынасы. Адам ортасы және оның элементтері. Адамды қоршаған орта компоненттерінің жіктелуі.



Табиғи ортаның қазіргі жағдайы.

Халық санының артуы. Материальды тұтыну артуы, қала агломерациясының ұлғаюы, қоршаған орта ластануы, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, халық құрылымының өзгеруі және оның шоғырлануы. Ресурстық кризис. Жер ресурстары. Минеральды ресурстар. Энергетикалық ресусртар. Микроорганизмдердің патогенділігі артуы. Генофонд өзгеруі. Орта агрессиясының артуы.



Экологиялық факторлардың адам дамуына әсері.

Адамның биосфераға әсері. Адамның биосфералық процесстердегі ролі. Қоғамның тұрақты дамуы туралы қазіргі кезеңдегі түсініктер. Климаттың өзгеруі. Ормандар, тіршілік ортасы және биоалуантүрлілік. Парник эффектісін туғызатын газдар. Кедейшілік және қоршаған орта. Дамыған және дамушы елдердің тұтынуындағы айырмашылықтар. Урбанизация қарқындылығы. Әлеуметтік экологиялық қарым қатынас және оның сипаттамалары.



Табиғи және әлеуметтік ортадағы адамның мінез құлқы.

Адамның мінез құлқы. Мінез құлықты реттеу деңгейлері: биохимиялық, биофизикалық, ақпараттық, психологиялық.

Мінез құлықтың фундаментальды құрамы ретінде активтілік пен реактивтілік. Қажеттілік тұлға белсенділігінің көзі ретінде. Қажеттілік топтары мен түрлері және оның сипаттамасы. Адамның экологиялық қажеттілігінің сипаттамасы. Адамның табиғи және әлеуметтік ортада бейімделушілігі. Бейімделушілік түрлері. Адамның табиғи ортада мінез құлқы. Ортаның адамға әсері туралы ғылыми теориялардың сипаттамасы. Табиғи және әлеуметтік ортада адамның мінез құлқы. Әлеуметтік ортада адамның мінез құлқы. Ұйымдастырушылық мінез құлық. Адамның критикалық және экстремальды ситуациядағы мінез құлқы.

Экологиялық этика элементтері.

Адам, қоғам және табиғаттың қарым қатынасының адамгершілік аспектілері. Экологиялық этика пәні. Табиғат құнды байлық ретінде. Антропоцентризм және натуроцентризм. Табиғатқа қатынастың субъектілі-этикалық типі. Күш көрсетпеу немесе әлім жеттік жасамау табиғатқа қатынас формасы және адамгершілік принципі ретінде. Адам, қоғам және табиғаттың өзара қатынасында күш көрсетпеу проблемасы түрлі діни танымдарда көрініс табуы (джайнизм, буддизм, индуизм, даосизм, ислам, христиан діндері).



Экологиялық психология элементтері.

Экологиялық психология және оның элементтерінің қалыптасукы және дамуы. Психологиялық экология және қоршаған орта экологиясының сипаттамасы. Табиғатқа және оның әр түрлігіне субъективтік көзқарас. Табиғатқа субъективтік көзқарастың базалық параметрлері.

Табиғатқа субъективтік көзқарастың модальдылығы және интенсивтілігі. Табиғатқа субъективтік көзқарастың типологиясы. Табиғат әлемін субъективті түсіну. Табиғи объектілердің субъектілігінің формасы мен көрініс табу тәсілдері (анимизм, антропоморфизм, персонификация, субъектификация). Экологиялық сана және оның құрылымы. Антропоцентрикалық және экоцентрикалық экологиялық сана құрылымы. Өскелең ұрпақтың экологиялық санасының қалыптасу проблемалары.

Экологиялық педагогика элементтері.

Жеке тұлғаның экологиялық мәдениеті түсінігі. Экологиялық мәдениет типтері. Оның пайда болуының педагогикалық жағдайлары. Тұлғаны экологиялық тәрбиелеу. Экологиялық білім берудің қазіргі заманғы мазмұны. Білім беруді экологияландыру. Шетелдерде білім беруді экологияландырудың сипаттамасы.



Тұрақты даму түсінігі және принциптері.

Тұрақты даму идеологиясының қалыптасу тарихы, экономикалық және әлеуметтік экологиялық алғы шарттары. Ұрпақтар арасындағы мүдделер тепе теңдігі принципінің бұзылуы. Дамудың философиялық түсініктемелері. Тұрақты даму түсінігі және принциптері. Тұрақты даму критерийлері. Тұрақты дамуға көшуді ұйымдастыру.



Қоғамның тұрақты даму индикаторлары.

Даму индикаторлары ұғымы. Өрлеуге баға беру процесіне индикаторлар енгізудің қажеттілігі. Индикаторларды таңдап алу критерийлері. Экономикалық индикаторлар. Доу Джонстың тұрақтылық индексі. Парақорлық индексі. Экологиялық индикаторлар. Экологиялық нәтижелілік. Биологиялық алуантүрлілік индексі. Әлеуметтік корпоративтік жауапкершіліктің арту көрсеткіші.



Қазақстанда Тұрақты даму бағдарламасы

Қазақстан Үкіметі және ПРООН (БҰҰ бағдарламасы) мен бірлескен бағдарламалары. Қоршаған ортаны басқару жүйесін тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында жетілдіру. Халықаралық табиғат қорғау конвенциясы саласында көп жақты келісімдер. Қазақстанның негізгі макроэкономикалық стратегиясы. Тұрақты даму жолындағы мемлекеттік инвестициялық бағдарламалардың басым секторлары.

Қазақстандағы адами даму. Қазақстандағы адами даму тұжырымдамасын таратудағы БҰҰ Даму бағдарламасының ролі. Қазақстандағы адами даму жөніндегі ұлттық есептерді дайындау. Адами даму деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштер және олардың Қазақстандағы динамикасы. Адами даму мен орнықты даму арасындағы байланыс.
Биоэкология

Орта және экологиялық факторлар.

Табиғи орта және адамды қоршаған ортаұғымдары, қоршаған орта сапасының стандарттары. Орта сапасын нормалау (ластануды нормалаудағы әртүрлі әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктері). Орта факторлары: абиотикалық, биотикалық және антропогендік факторлар және оларға организмдердің бейімделуінің мысалдары. Факторлардың өзара әсері. Экологиялық жіктеулер ұстанымдары. Шектеуші фактор туралы түсінік.



Негізгі экологиялық факторлар және организмдердің бейімделуі

Жарық экологиялық фактор ретінде. Жарық режимі: қарқындылығы, жарық құрамы, ұзақтығы. Бұл фактордың анатомо-морфологиялық және физиологиялық ролі. Жарық және биологиялық өнімділік. Өсімдік өміріндегі жарықтың маңызы және жарыққа байланысты өсімдіктердің экологиялық топтары мен бейімделушілік ерекшеліктері. Жануарлар өміріндегі жарықтың маңызы. Түрдің экологиясы мен эволюциялық дамуы, жануарлардың миграциясына байланысты көру мүшесінің дамуы және жарықтың астрономиялық көзіне байланысты бағдарлау.

Температура. Температура және оның тірі организмдер тіршілігіндегі ролі. Түбегейлі температуралық нүктелер. Температураға байланысты түрлердің экологиялық валенттілігі. Организмдердің тіршілік әрекетіне температураның әсері. Өсімдіктердің жылу режимі мен олардағы жылу алмасуды реттеудің негізгі жолдары. Жылу жетіспеушілік жағдайына бейімделу және ортаның микроклиматын жасаудағы оның ролі, Салқынқанды (пойкилометрия), жылықанды (гомойотермия) және гетеротермия (араласқанда). Өсімдіктердің және пойкилотермді жануарлардың дамуының тиімді температурасы. Жануарлар денесінің температурасын реттеу жолдары мен қабілеттері: физикалық, химиялық, мінез-құлықтық.

Су. Су табиғи дене ретінде. Су мен ылғалдықтың жер беті организмдері тіршілігіндегі ролі. Су ресурстарын бағалау, құрлықтағы оның негізгі көздері мен формалары. Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі су қабылдау және шығындау жолдары. Пойкилогидриялық және гомойогидриялық өсімідіктердің бейімделуі. Су режиміне байланысты өсімдіктердің құрылысы: гидрофилдер, мезофилдер және ксерофилдер. Жануарлардың су балансын реттеу жолдары: морфологиялық, физиологиялық, мінез-құлықтық. Биохимиялық реакциялар үшін су негізгі сутегі көзі. Өсімдіктер мен жануарлардың таралуындағы температура мен ылғалдықтың ролі.



Негізгі тіршілік орталары.

Негізгі төрт тіршілік ортасы: су, топырақ, тірі организм, жер беті-ауа тіршілік орталары. Су тіршілік ортасы және оның ерекшелігі. Тығыздығы мен қысымы және орларға бейімделу. Оттектік режимі. Оттегінің жетіспеушілігіне көндігу. Гидробионттардың су балансындағы ерекшілік. Пойкилосмостық және гомойосмостық түрлер. Мұхиттардың режиміне бейімделуі. Жануарлардың су ортасында бағдарлау әдістері. Биологиялық индикаторлар және биофильтрлердің экологиялық ролі. Мұхиттар мен құрлық су қоймаларының экологиялық зоналары. Планктон, нектон және бентостық формалардың бейімделуі. Литораль және терең су тіршілік иелерінің ерекшелігі.



Жер беті-ауа тіршілік ортасы.

Өсімдіктер мен жануарлардың құрлықтағы төмен ауа қысымы жағдайында тіршілікке бейімделуі. Жарық режимі, оның ерекшелігі. Жауын-шашын түрлері, олардың экологиялық ролі. Өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі эдафикалық факторлар.

Ауаның құрамы мен қозғалысы. Түрлердің экологиясындағы желдің маңызы. Ауа-райы және климат, географиялық, аймақтық және биіктік белдеулер.

Топырақ тіршілік ортасы. Биосфера мен адамның іс-әрекетіндегі топырақтың маңызы. Топырақ үш фазалы жүйе. Топырақ тұздалуының тереңдігі. Топырақпен байланыстылығына қарай топырақ организмдерін жіктеу: геобиоттар, геофилдер, геоксендер. Топырақтың микро-, мезо- және макрофазаларының ерекшеліктері. Топырақ тірі организмдердің тіршілік әрекетінің нәтижесінде пайда болған тіршілік ортасы. Топырақтың қасиеттеріне байланысты өсімдіктер типтері: псамифиттер, литофиттер, галофиттер, т.б. Өсімдіктердің индикаторлық ролі.

Тірі организм тіршілік ортасы. Ішкі паразиттердің тіршілік ету жағдайлары: ортаның химиялық тұрақтылығы, қоректің молдығы, кеңістіктің шектеулілігі, тыныс алу ерекшелігі. Ішкі паразиттердің экологиялық бейімделуі. Сыртқы паразиттердің экологиялық ерекшелігі.

Биологиялық ырғақтылық

Уақыт экологиялық фактор. Ағзалардың физиологиялық функцияларының кезеңділігі мен циклділігі. «Биологиялық сағат». Өсімдіктер мен жануарлардың тәуліктік және циркадтық ритмі. Тәуліктік белсенділігіне қарай жануарлардың экологиялық топтары. Өсімдіктер мен жануарлардың бейімделуі. Мұхиттардағы тасу және қайту ырғақтары. Өсімдіктер мен жануарлардың маусымдық қолайсыз жағдайларға бейімделуі. Фотопериодизм құбылысы.



Тіршілік формалары

Орта факторларының тірі ағзаларға форма түзуші әсері. Кейбір ағзалардың конвергенттік ұқсастығы. Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік формалары туралы түсінік. Эволюция процесі барысында тіршілік формаларында бейімделгіштік пайда болуының маңызы.



Биотикалық өзара байланыстар

Биотикалық байланыстар түрлері. Түрішілік және түраралық қарым-қатынастар. Жыртқыш-жемтік жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторлар. Функциональдық және сандық реакция. Түр саны реттелуінің маңызы, бәсекелестік. Бірге тіршілік ету және бәсекелестік ығыстыру ережесі. Гаузе тәжірибелері. Мутуалистік қарым-қатынастар. Симбиоз. Түрлердің тіршілігіндегі өзара тиімді қарым-қатынастар және оның маңызы. Комменсализм, аменсализм, нейтрализм.



Популяциялар

Экологиядағы популяция түсінігі. Популяцияның құрылымы. Түр ареалының шегіндегі популяциялардың өзара байланысы. Популяцияның жастық құрылымы бойынша өсу жылдамдығы. Популяция санының реттелуі. Өсімдіктер мен жануарлардың, отырықшы және көшпелі популяциялардың аумақтық қарым-қатынастары және оның ролі. Популяция саны мен құрылымын реттеудегі мінез-құлықтық факторлар. Жануарлардың отбасы, топ, үйір, колонияларға бірігуі. Популяцияның аумақтық құрылымы. Популяция динамикасы. Және биологиялық потенциалы. Туылу және өлім. Таралуы және миграция. Популяцияның өсу жылдамдығы. Популяцияның көпжылдық динамикасының негізгі типтері. Популяциядағы гомеостаз механизмі. Бәсекелестіктің қатаң формалары. Бәсекелес особьтардың жойылуы. Өсімдіктердіңөздігін сирету және жануарлардағы каннибализм. Метаболизм өнімдері арқылы езіп тастау жолдары. Тіршілік бәсекелестік, оның маңызы және табиғатта таралуы. Жануарлардағы физиологиялық өзгерістер популяция тығыздығының артуына рефлекс ретінде. Бунақденелілерде фазалық және сүтқоректілердегі стресс реакциялар. Миграция мен таралудың популяция тығыздығын реттудегі ролі. Адам іс-әрекетінің табиғи байланыстарды бұзуының салдары.



Биоценоздар

Биоценоз туралы түсінік, құрылымы, түрлік құрылымы, биоценоздағы түрлердің көлемдік ара-қатынастары. Экологиялық қуыстар, оның саны мен көп түрлілігі. Биоценоздың кеңістіктік және экологиялық құрылымдары. Индикатор-түрлер. Шекаралық эффект. Биоценоздағы организмдердің өзара қарым-қатынасы (жыртқыш-жемтік, паразит-қожа)



Экожүйелер

Экожүйелер, биогеоценоздар туралы түсінік, олардың құрамы мен құрылымы. Энергия ағыны. Экожүйелердегі динамикалық процестер. Биосфера туралы ілім. Биосфераның тірі заты, биосферадағы антропогендік процестер. Биосфераның геологиялық қабықтары: тропосфера, гидросфера, жоғары литосфера және олардың сипаттамалары. Энергияның биосфераға түсу жолдары. В.И. Вернадский-биосфера және ноосфера туралы ілімдердің негізін қалаушы. Биосфераны сақтаудың экологиялық, әлеуметтік және саяси алғы шарттары.

Биосферадағы биогеохимиялық циклдер. Газ тәрізді заттардың айналымы, шөгу циклі. Гидросфера. Дүниежүзілік су айналымы. Биосфераның тұрақтылық ұстанымы және оның динамикалық сипаты. Биосферадағы өзгерістердің негізгі көздері.

Қазіргі экологиялық проблемалар

Қазақстанның экологиялық проблемалары мен экологиялық саясаты. Адам экологиясы, оның мақсаты, даму тарихы, практикалық маңызы. Экологиялық қысылшаңдық және адам генофонды. Қазақстанның 2007-2024 жылдарға арналған орнықты даму бағдарламасы. Арал өңірінің экологиялық жағдайы.

Табиғи және әлеуметтік факторларға адамның бейімделуі. Бейімделушілік биологиялық қасиет ретінде және оның жалпы заңдылықтары. Қоршаған орта эволюцияның сыртқы экологиялық қозғаушы күші ретінде.

Денсаулықтың табиғи және әлеуметтік факторлары.

Климат және денсаулық. Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынастары. Экологиялық дағдарыс жағдайында адам денсаулығын сақтау.

Әлеуметтік экология заңдары.

Әлеуметтік экология және жеке социологиялар. Қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынастарының тарихи кезеңдері. Адамды қоршаған ортаның сапасы. Табиғатты тиімді пайдаланудың экологиялық негіздері. Орнықты даму концепциясы. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын экологизациялау. Табиғатты қорғау қызметі. Мәдениет экологиясы. Педагогикалық экология. Биосфераның болашағына адамзаттың жауапкершілігін тәрбиелеудегі экологиялық білімнің ролі.

Қоршаған ортаны қорғау туралы халықаралық байланыстар. Тіршілік қауіпсіздігін сақтау мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мектепте және мектептен тыс жұмыстар ұйымдастыру. Экологиялық ойлауды қалыптастырудағы мектептің міндеттері.

Қазақстандағы экологиялық білім мен тәрбие беру және үздіксіз экологиялық білім жүйесі.

Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер биоалуантүрлілігі

Өсімдік клеткасының құрылымдық ерекшеліктері. Клеткалық теория негіздері.

Саңырауқұлақтар әлемі. Шығу тегі, құрылысы, көбеюі және классификациясы.

Қыналар бөлімі, олардың құрылымдық компоненттері, көбею тәсілдері, классификациясы және табиғатта таралуы.

Өсімдіктер әлемінің жалпы сипаттамасы. Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің айырмашылықтары мен ұқсастықтары.

Балдырлардың морфологиялық әртүрлілігі, құрылысының типтері, көбеюі, экологиялық топтары.

Жасыл балдырлар бөлімі және оның филогенетикалық байланысы. Таралуы, экологиясы және табиғаттағы маңызы.

Қоңыр балдырлардың құрылысы және шығу тегі. Таралуы, экологиясы және табиғаттағы маңызы.

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жалпы сипаттамасы. Өсімдіктердің құрлық жағдайына бейімделуіне байланысты ұлпалар мен мүшелердің пайда болуы.

Даму циклінде гаметофиті басым жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктер.

Ашық тұқымдылардың шығу тегі және дамуының эволюциясы, таралуы мен экологиясы.

Жабық тұқымдылардың шығу тегі және дамуының эволюциясы, таралуы мен биосферадағы ролі.

Бұршақтар тұқымдасының биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері, ауыл шаруашылығындағы және табиғаттағы маңызы.

Астық (Қоңырбас) тұқымдасының биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері, ауыл шаруашылығындағы және табиғаттағы маңызы.

Паразиттік қарапайымдарға сипаттама, тіршілік циклі мен медициналық маңызы. Организмдер арасындағы қарым қатынастар.

Буылтық құрттардың морфологиясы мен биологиясы, филогениясы және топырақ түзушілер ретіндегі практикалық маңызы.

Насекомдардың биологиясы, экологиясы мен табиғатта және адамның шаруашылық жұмыстарындағы маңызы.

Қосмекенділер немесе амфибиялардың морфо-физиологиялық құрылысы, систематикасы, биоценоздағы орны мен маңызы.

Балықтардың морфофизиологиялық сипаттамасы, шығу тегі, систематикасы, экологиясы мен кәсіптік маңызы.

Бауырымен жорғалаушылар немесе рептилийлердің морфо-физиологиялық сипаттамасы, шығу тегі мен систематикасы. Қазақстан герпетофаунасы, сирек кездесетін және жойылуға жақын түрлерді қорғау мәселесі.

Құстардың шығу тегі, жалпы сипаттамасы, көбею және даму биологиясының ерекшеліктері. Құстардың экологиялық топтары.

Кеміргіштер құрылысының ерекшеліктері, олардың систематикасы, биологиясы, экологиясы және географиялық таралуы.

Сүтқоректілердің экологиялық топтары. Құрлық аңдарының тіршілік ету жағдайының алуан түрлілігі, жер асты және суда тіршілік ететін хайуандар.

Сүтқоректілер фаунасын қорғау және байыту шаралары.

Бактериялардың морфологиясы мен пішіндерінің алуан түрлілігі, көбеюі және биосферадағы ролі.

Вирустардың химиялық құрамы мен құрылысы. Иелерінің (хозяин) негізгі типтеріне қарай вирустардың таксономиялық топтары.


ЭКОЛОГИЯЛЫҚ мониторинг

Экологиялық мониторинг – биосфера мониторингі жүйесінің геофизикалық мониторинг жүргізілетін тармағы, интегралдык көрсеткіштерді, жалпылама сипаттамаларды өлшеу. Климаттық мониторинг – геофизикалық мониторингтің құрамдас бөлігі.

Қашықтан зондтаудың әдістері мен технологиясы. Жерді зондтаудың ғарыштық жүйесі. Жер серіктерінен төменірек биіктіктерен бақылаудың авиациялық құралдары, ғарыштан келген мағлұматтарды қабылдап, өңдейтін жер бетінде орналаскан жүйелер.

Ландшафттық индикаторлық әдіс, дешифрлаушы белгілер, ғылыми-зерттеушілік сынақ алаңдары.

Стационарлық бақылау әдістері, деректерді өңдеу әдістері және оларды бір жүйеге келтіру.

Қоршаған ортаның сапасын бағалау критерийлері. Қазақстан Республикасы жалпы мемлекеттік табиғи ортаның күйін қадағалау қызметі жүйесінің тармақтары.

Қазақстанның атмоссфераның шекаралар арқылы ағып өтетін өзендердің ластануына жол бермеу жөніндегі халақаралық конвенцияларға қатысуы.

Қоршаған ортаны ластайтын табиғи және антропогендік көздер.

Мониторингтің түрлері мен деңгейлері.

Қоршаған ортаның мониторингі, оны ұйымдастыру принциптері. Химияоық, физикалық және биологиялық мониторинг.

Локальдық немесе жергілікті мониторинг. Ластануды анықтау, уыттылық, оның дәрежесі және әсері.

Атмосфераның төменгі қабаттарындағы ауаның сапасы. Атмосфера ластануының кешенді индексі.

«Қышқыл жаңбыр» түзілуінің себептері және оның салдары. Судың сапасын нормалау және зиянды заттардың түрлері, олардың шектеулі рауалды мөлшері.

Топырақтың сапасын нормалау және зиянды заттардың түрлері, олардың шектеулі рауалды мөлшері. Импактілі мониторинг. Жүйелік геоэкологиялық мониторинг. Сукцессия сатылары.Геоэкологиялық мониторинг жүргізу әдістері.

Тыңайтқыштарды қолданудың мониторингі. Енгізілген элементтердің қозғалысы және оның табиғи ортаға әсері.

Пестицидтердің табиғи ортаға әсері. Пестицидтерді қолдануға қойылатын негізгі талаптар. Гляциологиялық мониторинг.Суарылатын топырақтардың экологиялық өзгерістерінің мониторингі. Қоршаған ортаның ластануын бағалау үшін топырақтың биологиялық белсенділігін пайдалану.

Ормандар мониторингі. Орманның қорғаныс сипаттары. Биосфераның ғаламдық өзгерісіндегі адамның ролі. Авиациялық және ғарыштық мониторинг.

Табиғи ортаны қорғау үшін қашықтағы мониторингтің ролі.

Жердің озон қабаты, оның қазіргі күйіне әсер етуші факторлар. Топырақтың органикалық заты және оның топырақ құнарлығына әсері. Топырақ құнарлығы азаюының экологиялық салдарлары. Табиғат ортасының жай күйінің мониторингі және экологиялық болжау. Экологиялық сараптама және аудит. Қазақстанның «Қызыл кітабы» туралы мәліметтер. Қызыл кітапқа енген Қазақстанның фаунасы мен флорасы.

Өндірістік экология

Табиғат ресурстары, олардың классификациясы. Табиғатты тиімді пайдалану әдістері.

Ресурстарды пайдаланудың масштабын анықтайтын негізгі факторлар.

Ластаушы заттар топтамасы (қатты, сұйық, газ тәріздес). Таралу көздері.

Қоршаған ортаның негізгі ластаушылары: өндіріс көздері. «Техногенез» терминінің түсінігі. Техногенездің экологиялық проблемалары. Техногендік авариялар мен апаттар, олардың экологиялық зардаптары.

Шикізатты қазып шығарудың жаңа әдіс-амалдары және жаңа энергия түрлері.

Халық денсаулығының жай-күйі мен мекен ортасының өзгерістері бағалаудың критерийлері.Табиғи ортаның өзгерістерінен болатын зардапты бағалау.

Өндіріс көздерінің табиғи ортаға тигізетін қауіпті әсерлер деңгейін азайтып, төмендету мүмкіндіктерінің негізгі бағыттары. Өндірістік шайынды суларды тазалау әдістері.

Қалдықсыз және жартылай қалдықсыз технологиялардың негізі бағыттары. Рекультивациялық жолдар (тау-техникалық және биологиялық рекультивация).

Экологиялық мөлшерлеу. Нормативтік және нормативтік емес көрсеткіштер. Санитарлық-гигиеналық нормативтер. Қоршаған ортаның радиациялық ластануы. Ядролық сынақтардың адамзатқа тигізетін зардаптары.

Шу, діріл және электромагниттік әсерлер.Қоршаған ортаның ластануы және қалдықтар проблемасы.

Қайта қалпына келетін ресурстарды пайдалану арқылы өндіріс көздерін экологизациялау. Экономикалық механизмдер және табиғатты пайдалануды басқару негіздері. Ғылыми-техникалық прогресс, оның мән мағынасы мен екі жақтылығы.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

Су, жер, атмосфералық ауа сипаттары. Радиоактивті ластану. Өндіріс көздерін экологизациялаудың негізгі бағыттары мен міндеттері. Өндіріс көздерін жақсартатын ресурстарды пайдалану арқылы экологизациялау. Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың құқықтық негіздері.

Мұхит, теңіз суларының ластану деңгейлеріне бақылау жүргізу. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау жолдары.

Экологиялық білім беру және дүниетану

Экологиялық білім беру және дүниетанымның негізгі мақсатымен міндеттері. Экологиялық білім компоненттері мен құрылымы.

Формалды және формалды емес экологиялық білім беру және тәрбие, оның мақсаты мен міндеттері.

Экологиялық этика элементтері. Адам, қоғам және табиғаттың өзара қарым қатынасының адамгершілік аспектілері. Антропоцентризм және натуроцентризм.

Үздіксіз экологиялық білімнің негізгі принциптері (философиялық-әдістемелік, әдістік-дидактикалық, педагогикалық-ұйымдастырушылық).

Экологиялық білім беру саласында жүргізілетін жұмыстардың негізгі әдістері мен тәсілдері. Экологиялық тәрбиеде жаппай хабар тарату құралдарының ролі.

Қазақстан Республикасында үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесінің құрылымы мен мазмұны, жүзеге асыру жолдары мен құралдары.

Тіршілік қауіпсіздігін сақтау мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мектепте және мектептен тыс жұмыстар ұйымдастыру. Экологиялық ойлауды қалыптастырудағы мектептің міндеттері.



ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Акимова Т. А., Хаскин В. В. Экология. — М., 1998.

  2. Бганба В.Р. Социальная экология. М.: Высшая школа, 2005.

  3. Горелов А.А. Социальная экология. М.: Флинта: МПСИ, 2008. – 608 c.

  4. Дандыбаев Б., Қасенов Қ.М., Дандыбаева Л.Б. Экология және табиғи ресурстарды, өнеркәсіптерді басқару. – А.: Экономика, 2013. – 347 б.

  5. Израэль Ю.А. экология и контроль состояния природной среды. 2 изд., М.,1984.

  6. Коробкин В.И., Предельский Л.В. Экология. Изд. 7-е. –Ростов н\Д «феникс», 2004. -576с.

  7. Марков Ю.Г. Социальная экология. Взаимодействие общества и природы. Уч.пособие. -2-е изд. Новосибирск: Сиб. Унив. Изд-во, 2004. -544с.

  8. Небел Б. Наука об окружающей среде. Как устроен мир. М., Мир,1993.

  9. Новиков Ю.В. Экология, окружающая среда и человек. М., 1998.

  10. Одум Ю. Экология. Т. 1-2. М., Мир, 1986

  11. Прохоров Б.Б. Экология человека: Учеб. Пособие. – М.: «Академия», 2003. -320с.

  12. Реймерс Н.Ф. Экология. Теории, законы, правила, принципы и гипотезы. М., 1994

  13. Ситаров В.А., Пустовойтов В.В. Социальная экология.: М., 2000. – 280 с.

  14. Стадницкий Г.В., Родионова А.И. Экология. Спб., 1996

  15. Степановских А.С. Прикладная экология: охрана окружающей среды. Учебник для ВУЗов. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005. – 751 с.

  16. Степановских А.С. Общая экология. Учебник для ВУЗов. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2005. – 687 с.

  17. Тонкопий М.С. Экология и экономика природопользования. Ччебник. Алматы. 2003.

  18. Человек и среда его обитания:Хрестоматия/Под ред. Г.В. Лисичкина и Н.Н. Чернова.-М.: Мир, 2003.-460с.

  19. Человеческое развитие в Казахстане. Под общ. ред. Мамырова Н.К. и Акчуры Ф. Алматы, 2003


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет