|
|
бет | 12/122 | Дата | 07.02.2022 | өлшемі | 1,58 Mb. | | #90095 |
| Байланысты: umkd m-19-1m(1)1-тапсырма
Сұрақтарға жауап дайындаңыз:
Ғылым ұғымын сипаттаңыз.
Ғылымның үш құрамдас бөліміне сипаттама беріңіз.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесінің нысанасы не?
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесінің пәні не?
Ғылым дамуының механизмі не?
Ғылыми-педагогикалық зерттеу нәтижесіне қойылатын талаптарды атаңыз.
Қазіргі заманғы ғылымның ерекшеліктері қандай?
2-тапсырма
Ғылымға үстемдік жүргізуге болмайды, әйтпесе, ол ғылым болудан қалады. (Н. И. Вавилов). мағынасын түсіндіріп беріңіз.
3-тапсырма
Ғылымның өз ұлтына тигізетін пайдасы оны байыта түсетін жаңа білімдердің ауқымымен өлшенеді (Д.К. Максвелл) дегенді қалай түсінесіңдер?
4-тапсырма
Венн диаграммасын қолдану арқылы ғылымдағы таным үрдісі мен студенттердің танымдық үрдісіндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз.
5-тапсырма
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының түрлері және оның негізгі нәтижелерін сызба түрінде бейнелеңіз.
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
Ғылым дамуының механизмі не?
Оқу
Оқыту
Зерттеу
Білім алу
Ғылым дегеніміз – бұл:
ғылым – адам, табиғат, қоғам жөнінде жаңа білім алуға бағытталған зерттеу әрекетінің сферасы;
тыңдауға, білімді қабылдауға студенттерді әзірлеу;
еңбек етуге керекті білім беру
адамзат қоғамының бай тәжірибесін меңгеру.
Ғылыми-педагогикалық шығармашылық дегеніміз не?
білім, іскерлік, дағдыны шығармашылықпен меңгеру
оқыту әдістемесін меңгеруі
пәнін жетік білуі
педагогикалық ғылым мен тәжірибені дамытуға арналған құнды жаңа педагогикалық білімді іздестіру және оны алу.
Педагогикалық зерттеулерге қойылатын талап:
ғылымда жинақталған білімдерді білуі
жаңа ғылыми жаңалықтардың өмірге келуі
оқу бағдарламасын терең меңгеру
белгілі бір жағдайда жақсы жұмыс істеу
Ғылымының жекелеген саласы:
театр
педагогика
кітап
өнер
Таным үрдісінің ғылымдағы нысанасы бұл:
белгісіз құбылыстар
өзіндік жұмыс
жаңа материал
дұрыс жауабы жоқ
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының түрі:
эксперимент
сауалнама
дипломдық жұмыс
ақпарат
Ғылыми жұмыс – бұл:
бұрын зерттелінген еңбектерге негізделеді
затты тікелей қабылдауға негізделеді
шығармашылық еңбекке негізделеді
дұрыс жауабы жоқ
Зерттеу жұмысының кейбір нәтижелері беріледі:
оқу пәндерінде
сабақта
ғылыми мақалада
дәрісте
Инновация дегеніміз не?
ізгілік
жаңа
дамыту
оң өзгерістер
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|