Практикалық сабақтар мазмұны: №2 Зерттеу мәселесі мен тақырыбын анықтау – ғылыми ізденістің басы
Мақсаты: Зерттеу жұмысы мәселені анықтаудан басталғандығын дәлелдеу.
Жоспары
Мәселе (проблема) туралы түсінік.
Мәселенің шығу көздері
Тақырып, оны негіздеу
Тақырыпқа қойылатын талаптар
Тапсырма. Мәселенің шығу көздеріне байланысты, белгіленген қайшылықтың зерттеу тақырыбында бейнеленуіне сүйене отырып, өзіңіздің болашақтағы курстық және дипломдық жұмысыңыздың тақырыбын анықтап, негіздеңіз.
Әдістемелік нұсқау Педагогика, психология сөздіктерінен мәселені (проблеманы) қалай түсіндіретінін анықтап алыңыз. Дәріс материалдарына сүйене отырып, тапсырманы орындаңыз.
2.1 Ғылыми зерттеудің стихиялы-эмпирикалық зерттеуден айырмашылығы Ғылым аймағындағы іс-әрекет – ғылыми зерттеу таным үдерісінің ерекше формасы екені белгілі. Белгілі бір нысананы мақсатты зерттеуге бағытталады, оның барысында ғылым құралдары мен әдістері қолданылады. Нәтижесінде зерттеу нысаны туралы білім алынады.
Танымның тағы бір формасы – стихиялы-эмпирикалық. Педагогикада танымның осы екі түрінің айырмашылығы нақтылы көрсетіле бермейді. Болашақ мұғалімдердің оның ерекшеліктерін білгендері жөн. Педагог-тәжірибеші алдына арнайы мақсат қоймай-ақ, ғылыми танымның құралдарын қолданбастан зерттеуші жағдайында болуы мүмкін. Осы тұрғыдан қарастырғанда ғылыми білімді тәжірибелік педагогикалық іс-әрекет процесінде алуға болатындығы алға тартылады. Бірақ бұл тұжырым дұрыс емес. Ғылыми танымдық деген ерекше үдеріс. Ол адамдардың танымдық іс-әрекетінен, таным құралдарынан, оның нысаны мен білімдерінен құрастырылады.
Стихиялы-эмпирикалық білім әруақытта алғашқылардың қатарынан табылады Стихиялы-эмпирикалық білімнің көзі – адамдардың нысаны мен сан алуан тәжірибелік іс-әрекеттері. Адамдар өз тәжірибесі арқылы осы нысананың қасиеттерін біледі, онымен әрекет жасау жолдарын үйренеді. Стихиялы-эмпирикалық білім адамдардың көп ғасырлық тәжірибесіне негізделеді. Педагогика саласында стихиялы-эмпирикалық білім көзі халықтық педагогикада ғасырлар бойы тәжірибеден өткен педагогикалық құндылықтар қалдырды. Мысалы, мақал-мәтел, тәрбие ережелері т.б. оларда белгілі бір педагогикалық заңдылықтар бейнеленген. Мұғалім де тәжірибелік педагогикалық үдеріс барысында білімін толықтыра түседі.
Ғылымдағы танымдық іс-әрекетті арнайы дайындығы бар адамдар тобы жүзеге асырады.
Ғылыми-зерттеу танымдық құралдар, ғылыми зерттеу әдістерін өмірге әкеледі және зерттеуде қолданылады, ал стихиялы-эмпирикалық танымда бұл көрінбейді. Мысалы, ғылыми-танымдық құралдарына модельдеу, теория жасау, болжау, эксперименттеу жатады.
Ғылыми танымның стихиялы-эмпирикалық таным үдерісінен ерекшелігінің бірі тәжірибеде кездесетін мәселелерді ғана зерттеумен шектелмей, сонымен қатар, ғылым дамуы барысындағы анықталған мәселелерді де зерттейді. Сондай-ақ ғылыми білімді стихиялы-эмпирикалық білімнен ажырату мақсатында критерийлер дайындалады. Стихиялы-эмпирикалық таным әруақытта табиғи тілмен берілсе, ғылыми білім табиғи тілмен қатар арнайы символикалық және логикалық құралдарды пайдаланады.
Ғылыми танымның стихиялы-эмпирикалық танымнан ерекше айырмашылығы оның жүйелі және мақсатты сипаты, мәселені шешуге бағытталуы.
2.2 Педагогикалық зерттеулердің деңгейлері әдістемелік, шығармашылық, эмпирикалық болып үшке бөлінеді. Әдістемелік – тәжірибелік және теориялық зерттеулер негізінде педагогикалық құбылыстарды зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістері, теория құрылымы қалыптастырылады.
Әдістемелік белгілері:
Әдістемелер машықтандыру (практикалық) жұмыстарға керекті әдістемелік оқу құралдарын, нұсқаулар, әдістемелік нұсқаулар, құралдар т.б. беруге бағытталған.
Әдістемелік зерттеу – зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізуге бағытталған.
Эмпирикалық - педагогика ғылымында жаңа деректер белгіленіп, соның негізінде заңдылықтар анықталады. Практикалық зерттеудің алынған педагогикалық деректерін жинақтау, таңдау, салыстыру, ойша талдау және жинақтау, сандық және сапалық тұрғыдан өңдеу.
Шығармашылық субьекті мәселені өзі талқылап, өзі шешеді. Мәселені шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылыс. Кейбір зерттеушілер шығармашылықты –интуитивтік процесс, екіншілері – алгоритм идеялары, үшіншілері – эвристикалық көрініс ретінде түсіндіреді.
Интуиция – алдын-ала сезу, әрекет нәтижесін білу, алған білімі мен тәжірибе негізінде жаңаны табу, шындықты білу қасиеті.
интуиция:
орасан зор білім қорының жиналуы;
білімді меңгерудегі сезімдік «дайындығы»;
стандартты емес тапсырмаларды шешу білігінің нәтижесі ретінде көрінеді.
Алгоритм – берілген мәліметтерді пайдаланып көздеген нәтижеге жеткізетін әрекеттер тізбегін көрсететеін ереже. Алгоритм ғылыми ізденісте статистикалық және динамикалық сипаттамаларды талдауда, модельдеуде, зерттеу пәні мен құбылыс жүйесін дұрыс бағалауда қолданылады.
Зерттеуші ғылыми ізденісте өзінің әрекетін жалпы эвристикалық ізденіс ережелерімен сәйкес құрып, мынадай элементтерді енгізеді:
педагогикалық жағдайға талдау (диагноз);
бастапқы мәліметтерді нәтижемен салыстыра отырып жобалау, болжау;
Мұндай эвристикалық ойды қалыптастыру үшін ғылыми теориялар, идеялар мен ұстанымдар негізінде жасалатын соңғы ғылыми білім жүйесін игеруі тиіс.
В. Бурцеляның пікірінше, ғылыми-нәтижелі ізденіс мынадай белгілер бойынша сипатталады:
ізденімпаздық, шығармашылық;
болашақ мамандығына ғылыми тұрғыдан жақындығы;
білімін тереңдетуге және жеке дамуына мән беру.
Ғылыми қызығушылық көбінесе ғылыми білікке құмарлық, ғылыми еңбектен қанағат алу немесе «жаңалық ашуға ұмтылуға» байланысты.
Шығармашылық тынымсыз ізденістің нәтижесі. Шығармашылық дербестік, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және өз кезегінде шығармашылық, тәжірибелік сипаттағы әр түрлі тапсырмаларды орындау процесінде қалыптасады.
Шығармашылық шаралар (процедура):
бұрын меңгерілген білімін және білігін жаңа жағдайға бейімдеу;