«жаратылыстану» институты



бет44/122
Дата07.02.2022
өлшемі1,58 Mb.
#90095
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   122
Байланысты:
umkd m-19-1m(1)

Жалпы теориялық:

  • Абстракция және нақтылау;

  • Талдау және жинақтау;

  • Салыстыру;

  • Қарама-қарсы қоюшылық;

  • Индукция және дедукция

әлеуметтік:

  • Анкетілеу;

  • Сұхбат алу;

  • Эксперттік сұрау;

  • Рейтинг;

әлеуметтік-психологиялық

  • Социометрия;

  • Тестілеу;

  • Тренинг,

Математикалық

  • Ранжирлеу;

  • Шкалалау;

  • Корреляция.

Теориялық

  • әдебиеттерді, архив материалдарын құжаттарды, қажет өнімдерді талдау;

  • ұғым- терминологиялық жүйені талдау;

  • болжам құру;

  • ойша эксперимент жүргізу;

  • алдын-ала болжау;

  • модельдеу.

Эмпирикалық

  • бақылау;

  • әңгіме;

  • педагогикалық консилиум;

  • жеке педагогикалық тәжірибені зерттеу;

  • педагогикалық эксперимент (жаһандық, локальдық және микроэксперимент);

  • ғылыми-педагогикалық эксперимент.

Зерттеу әдістері зерттеудің методологиялық негіздемесіне сәйкес таңдалып алынады.
Зерттеу әдістерін таңдауға қойылатын талаптар:

  1. Зерттеудің негізгі идеясын анықтау;

  2. Зерттеу әдістерін қолданудың нақтылы жағдайын ескеру;

  3. Зерттеушінің әдіснама және әдістемені меңгеру деңгейін ескеру.

Зерттеу әдістерін қолдануға қойылатын талаптар:



  1. Әдістерді бір-бірімен байланыстыра қолдану;

  2. Әдіснамалық білімнің жүйесі; жалпы негізі – философия әмбебап әдіс ретінде. Оның заңдары, принциптері, категорияларын зерттеудің стратегиялық және жалпы бағытын анықтайды.

  3. Кез-келген әдіс нақтылы жағдайға, зерттеу мақсатына, міндеттеріне, нысананың ерекшелігіне байланысты модификацияланады.

  4. Әрбір әдісті «басшылыққа ...» алу негізінде қолдану тиімді болады, деректер жинау шаблоны ретінде қолданбау.

Басқа ғылымдарға (физика, математика, химия және т.б ) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болады. Егер, бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, эксперименттің нәтижесі өзгермейді. Ал, педагогика ғылымы бойынша экспериментті қайталап жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, педагогикалық зерттеудің обьектісі – баланы тәрбиелеу.
Педагогикалық үдерісте сыртқы факторлар әсер етеді: әлеуметтік және микро ортада кездесетін түрлі жағдайлар.
Осы тұрғыдан қарағанда ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына зиян келтірмейтіндей және педагогикалық үдерістіжетілдіру бағытында қолданылуы қажет.
Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интер ғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлуі қабылданған.
Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді.
Интерғылыми әдістерге – экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады.
Жеке ғылыми әдістердің көптеген ғылыми топтары бар.
Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:
- талдау – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу;
- синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;
- абстракциялау – зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;
- жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;
- индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;
- дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;
- аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға мүмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б- классификация- зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері).
Зерттеу үдерісі барысында төмендегідей интер ғылыми әдістер қолданылады:

  • экстрополяция – ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы;

  • интерполяция – құбылыстардың динамикалық қатарында көрінбейтін, бірақ, осы қатар мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде параметрлерді, функцияларды, көрсеткіштерді табу;

  • модельдеу – шынайы түрде бар үдерістер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу – түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме-дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу; ретроспекция – объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу үшін зерттеу объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу;

  • эксперттік бағалау – эксперттің немесе эксперттердің тұжырымдары мен ойлары;

Күрделі құрылымды объектілерге анализ жасау үшін төмендегі әдістерді қолданады:

  • декомпозиция – үлкен жалпы бір мақсатты бірнеше топтарға бөлу;

  • селекция – зерттелуге келетін варианттарды іріктеп алып, маңызы жоқ фактілерді алып тастау;

  • агрегирование – жекелеген сипаттамаларды жалпы сипаттамаға біріктіру.

Егер объектінің құрылымы жүйесіз болса, оны талдау үшін дезагрегациялау, яғни жалпылаушы сипаттамаларды жеке сипаттамаларға жекелендіреді.
Жоғарыда айтылып өткен әдістердің немесе тәсілдің ешқайсысы да, дара түрде зерттеудің негізіділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті зерттеуде жоғары нәтижеге жету үшін олардың бірнеше түрінің жиынтығын пайдалану ғана тиімді бола алады.
Сонымен, ғылыми-зерттеу әдістері – құбылыстарды зерделеу және ғылыми зерттеулерді жүзеге асырудың (теориялық және эмпирикалық, жалпы ғылыми және нақты ғылымдар) әдістері.
Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістері тек қана ғалымдардың төл ісі болмай, барлық ұстаздардың игілігіне, қызметіне айналуы керек. Сонда ғана ұстаз өз деңгейіне көтеріле алады.
Жоғарыда аталған әдістер тобы педагогикалық құбылыстарды танудың эмпирикалық мақсатымен байланысты келеді, яғни жеке-дара ғылыми-педагогикалық деректерді жинақтауға арналады. Ал осы топталған алғашқы деректік материалдың мән-мағынасын ашып, заңдары мен заңдылықтарын анықтау зерттеудің теориялық талдау әдісімен орындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет