Рейтинг немесе өзін-өзі бағалау әдістері Рейтинг – іс-әрекетті белгілі бір жақтарын құзырлы эксперттермен бағалауы. Эксперттерге қойылатын талаптар: құзыреттілігі, шығармашылық міндеттерді шешу қабілеттілігі, объективтілік, өзін-өзі сынау.
Бұл әдіс білікті қазылардың (сарапшылардың) іс-әрекеттің қандай да бір жақтарын бағалау кезінде пайдаланылады. Сарапшыларға белгілі талаптар қойылады: олар шығармашылық міндеттерді шешуге қабілетті, білікті болуға, сараптамаға оң қабақ танытуға, әділ, объективті, өзіне-өзі сыни тұрғыдан қарауға тиісті. Рейтинг үшін қарама-қарсы сауалнамалар пайдаланылуы мүмкін. Өзіндік бағалау әдісін де пайдаланған орынды.