Аталым шәкілдері – ең «әлсіз» шәкілдер. Оларда сандар мен басқа да белгіленімдер таза символдық түрде пайдаланылады. Объектілердің аталымдарын білдіреді. Бірден-бір математикалық сипаттама объектілердің неге жататындығын анықтау. Мысалы: зерттеу объектісі сол сыныпқа жата ма, мамандықтар тізімі, оқушылар мінездемелерін саралау. Тәртіп шәкілдерінде шама тәртібі, «үлкен» мен «кішінің» қарым-қатынасы, жалпы иерархия белгіленеді. Оларды қолданудың мысалы ретінде «бойы сұңғақтау», «бесеуден көбірек», т.с.с. типтегі ранжирлеу қызмет етеді.
«Күшті» шәкілдер – арақашықтық және қарым-қатынас шәкілдері болып саналады. Арақашықтық шәкілі шәкілдегі жекелеген сандардың арасындағы белгілі бір арақашықтықты көздесе, ал қарым-қатынас шәкілінде нөлдік нүктенің өзі де анықталып қойылған. Мысалы: термометрлер, вольтметрлер шәкілдері және басқалар.