Тәуелсіз сипаттамалардыжалпылау әдісі – тұжырымдардың объективтілігін жоғарылатады. Әр түрлі ақпарат көздерінен түскен мәліметтерді өңдеу.
Статистикалық әдіс оның шеңберінде мынадай нақты әдістемелер қолданылады:
тіркеу – белгілі сыныптың белгілі бір сапасын анықтау және осы сапаның барлығын немесе жоқтығын сан бойынша білу;
ранжирлеу – жиналған деректердің белгілі бір жүйемен орналасуы, объектілердің осы қатардағы орындарын анықтау;
шәкілдеу – зерттеу сипаттамаларына балдар немесе басқа цифрлық көрсеткіштер беру.
Шәкілдердің негізгі орналасу реті: аталым шәкілдері (номиналды); тәртіп (немесе рангілік) шәкілдері; арақашықтық шәкілдері; қарым-қатынас шәкілдері;