Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін бағалау іскерлігін анықтау Бастауыш сынып оқушыларына төмендегідей тапсырмаларды ұсынуға болады:
Өзің орындаған жұмысты “бағалау“ деген нені білдіреді?
Қазақ тілінен диктантты, математикадан орындалған жұмысты, еңбек сабағында дайындалған бұйымды “бағалау“ деген не?
Егер мұғалім әр түрлі пәндерден орындаған жұмыстарды бағаламаса, сен өзіңнің қалай оқып жүргендігіңді білер ме едің? Неге, дәлелде?
Сенің орындаған үй жұмысыңды мұғалім қалай бағалайтындығын білесің бе? Неге?
Бастауыш сынып мұғалімдері сенің орындаған жұмысыңды бірдей немесе әр түрлі бағаласа, сондай жағдайда не ойлайсың? Неге?