Жоспарлауіскерлігін анықтау Бастауыш сынып оқушыларының оқу міндетін орындауда өз іс-әрекетін жоспарлау іскерлігін анықтау мақсатында төмендегідей тапсрмаларды ұсынуға болады:
- әңгіменің жоспарын құруда. математика сабағында есепті шығару жоспарын белгілегенде, сөзді құрамы жағынан талдау жоспарын анықтағанда сәйкестілік бар ма, егер болса, ата;
- кез келген тапсырманы орындаудың жоспарын жасау үшін, не істеу керек?
- математика сабағында есепті шығаруда өз әрекетіңнің жоспарын жазшы;
- мына тапсырманы орындаудың жоспарын құршы: мысалы,
18-6:2= ; 269-жаттығу (3-ші сынып, 15-бет). -амалдардың орындалуын реттілік қажетіне қарай белгіле. Мысалы, ”мұқаба жасау” қажет.
Оларды жинақтап желімдеу.
Дайындалған мұқабаның сыртын оюлармен әшекейлеу.
Жұмысқа керекті түсті қағаздар мен қатырма қағаздарды, мата қиындыларын және құрал-жабдықтарды дайындау.
Мұқабаға керекті бөлшектерді өлшеп қию. (Әр түрлі пәндерден осы бағыттағы тапсырмаларды беруге болады.)