«жаратылыстану» институты



бет21/122
Дата07.02.2022
өлшемі1,58 Mb.
#90095
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   122
Байланысты:
umkd m-19-1m(1)

2.7 Мәдениет – адамды жасампаз, белсенді тұлға ретінде қалыптастыруға ықпал жасайтын қоғамдық, тарихи үдерістің мазмұны, адамзат тарихында жасалған және дамытылған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы.
Құндылық – танымның, белгілі бір обьектінің адам үшін, топ үшін, қоғам үшін пайдасы деп танылуы.
Мәдениеттің шын болмысы – адамдардың тікелей іс-әрекетті қарым-қатынасында қалыптасатын және көрінетін, іс-әрекеттің тәсілдерінде, құрал-саймандарында және еңбек нәтижелерінде жүзеге асатын құбылыс.
Мәдениет матреиалды және рухани болып екіге бөлінеді. Алғашқысына өндіргіш күштер мен адамдар еңбек дағдыларының күйі жатады. Екіншісіне, адамды қоғам өмірінің материалдық жағдайымен анықтайтын ағарту ісінің, ғылымның, өнердің және т.б. күйі. Рухани мәдениет белгілі бір дәуірге, халыққа, ұлтқа тән болады. Дегенмен, ол алда өткен ұрпақтар мәдениетіне негізделеді. Демек, құндылықтар шығу тегі мен жеке орындау қызметтеріне қарай даралық, материалдық-әлеуметтік, рухани-әлеуметтік, уақытқа байланысты кешегі, бүгінгі, болашақ деп жіктеледі екен.
Педагогикалық тұрғыдан құндылықтың білімге бағытталуын екі түрлі феномен арқылы көрсетеді: біріншісі, тұлғаның білім жүйесінің сатыларынан өтуі (емтихандардың бағасы, аттестат алу, оқу бітіру, оқуға түсу т.б). екіншісі, құндылыққа бағытталудың ерекше құрылымдық компоненті, оның мазмұндық мәндік сипаттамасының тасымалдаушысы, білімділік идеалы.
Педагогикалық әдебиетке «әдіснамалық мәдениет» ұғымы, ғылыми айналымға өткен ғасырдың 90 жылдарының басында ене бастады.
Әдіснамалық мәдениет педагог-зерттеушінің педагогикалық мәдениетінің негізі ретінде қарастырылады.
Зерттеушілер (В. В. Краевский, В. А. Сластенин, В. Э. Тамарин, Е. В. Бережнова, Ю. В. Сенько т.б.) «әдіснамалық мәдениет» ұғымы мазмұнына мұғалім – тәжірибешінің ғылыми іс-әрекет аппаратын меңгеруін, мақсатын анықтау біліктілігін, ұстанымдарды ұсыну мен әдістерді негіздеуін, операцияларды ой елегінен өткізуін, қалыптастыруын, педагогикалық міндеттерді шығармашылықпен шешуін, әдіснамалық рефлексияны енгізеді.
Б. С. Гершунский және Н. Д. Никандров әдіснамалық білімнің педагогикадағы мәнін және оның мұғалімнің тәжірибелік қызметіндегі рөлін аша отырып, әдіснамалық білімнің нысанасын нақтылайды:

  • педагогикалық тәжірибені зерттеу жолдары туралы білім, қажетті эмпирикалық деректерді жинастыру;

  • эмпирикалық деректерден теориялық жалпылауға шығу жолдары туралы білім;

  • теориялық ережелерді нақтылы әдістемелік ұсыныстарға аудару туралы білім;

  • ұсыныстарды тәжірибеге енгізу жолдары туралы білім, жоғары сапалы деңгейге жету.

Бұдан шығатын қорытынды, әдіснамалық білімнің мұғалім үшін қажеттілігі айдан айқын.
Педагогиканың әдіснамалық мәдениетінің қалыптасқандығының критерийі:

  • әдіснаманың рөлін сезіну;

  • педагогикалық қызметте шынайы қолдану дерегі;

  • ұстанымдар жүйесін, теориялық, сондай-ақ тәжірибелік іс-әрекетті ұйымдастыру жолдарын сезіну;

  • іс-әрекет жолдарын жүзеге асыру дерегі.

Мұғалімнің әдіснамалық мәдениеті мен педагог-зерттеушінің әдіснамалық мәдениетінің айырмашылығын ажырата білу қажет.
Педагог-зерттеуші бүгінгі күнде зерттеу қызметіне қойылатын талаптарды, зерттеуді қай тұрғыдан қарастыру керектігін білуі тиіс.
Әрекет тұрғысынан қарау. Жеке тұлға және адамның даралық ерекшеліктері әрекет барысында көрінеді әрі қалыптасады. Демек педагогикалық құбылыс және үрдістің компоненттерінде де біртұтас логикалық тұрғыдан қарастыру қажет. (қажеттілік, мотивтері, мақсаты, амалдар, операциялар, құралдарды реттеу, бақылау және нәтижені талдау).
Бұл тұрғыдан зерттеуді қарастыру оқу әрекетінің мұғалімнің кәсіби әрекетіне бағытталады. Олардың структурасын қалыптастыру жағдайларын, амалдардың бағыттылық негіздерінің типін анықтауға бағытталады. Сондай-ақ, жеке тұлғаның қасиетін және даралық қабілеттерін қалыптастыруының мүмкіндіктерін анықтауға негіз болады.
Жеке тұлға тұрғысынан қарау. Барлық сыртқы педагогикалық бақылаулардың орны ерекше, ол ішкі жағдайлармен ұштасқаны дұрыс (психикалық және тұлғалық қасиеттер), ол белсенділікке негізделеді( өзін-өзі тәрбиелеу, өзіндік даму, өзіндік ұйымдастыру, өз білімін көтеру, өзіндік реттеу, өзіндік басқару).
Бұл тұрғыдан қарау баланы адам ретінде құндылық қатынастарды қалыптастыруға бағыттайды. Ол адам ретінде қалыптастырудың жағдайын зерттеуге итермелейді, талап етеді. өзін-өзі көрсету, өзіндік даму, өзіндік реттеу, әлеуметтік қорғау, адамның әлеуметтік жағдайға бейімделуін, олардың қоғамдағы интеграциясы.
Жүйелілік тұрғыдан қарау (жүйелілік талап әдісі)
Барлық құбылыс пен үрдістердің өзара байланысуы негізде қарастыруды талап етеді. Педагогикалық құбылыстарды жүйе, қатынас, байланыс, өзара әрекет тұрғысынан қарастыруын қажет етеді.
Байланыс жалпылықты анықтау. Не оларды біріктіреді?
2.8 Ғылыми-педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы
1-кезең. Зерттеу проблемасымен жалпы танысу, оның көкейкестілігін негіздеу, зерттеу деңгейі, зерттеу тақырыбын, нысанын және зерттеу пәнін анықтау. Зерттеудің жалпы және аралық мақсатын анықтау, міндеттерін белгілеу.
2-кезең. Әдіснаманы таңдау – бастапқы тұжырымдама, тірек-теориялық ережелер.
3-кезең. Зерттеу болжамын құру – теориялық конструкция, дәлелдерді қажет ететін шындық.
4-кезең. Зерттеу әдістерін таңдау. Анықтаушы экспериментті жүргізу. Мақсаты - бастапқы зерттеу пәнінің жай-күйін анықтау.
5-кезең. Қалыптастырушы экспериментті ұйымдастыру және өткізу.
6-кезең. Зерттеу нәтижесін талдау, талқылау және зерттеу нәтижесін безендіру (өңдеу).
7-кезең. Тәжірибелік ұсыныстар дайындау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет