Педагогикалық құбылыс немесе үдерісті тұтастай игеру принципі. Тұлғаның кез-келген сапасын оқу-тәрбие үдерісінде және жеке тұлғаны қалыптастыруда бірлікте тұтастықпен жүргізу керек, бірақ ғылым заңы бойынша тұтасты бөлікке бөлмей бүтіндей игеруге болмайды. Бұл принцип төмендегіні ұсынады:
- зерттеуде жүйелі қатынасты-максималды қалыптастыру;.
- игеретін құбылыс механизмін ашу;
- тұтас тәрбие барысында игерілетін педагогикалық үдеріс немесе құбылыстың нақты орнын анықтау.
Педагогикалық мәселені игерудегі зерттеу әдістерін комплексті түрде қолдану принципі. Көбінесе дәстүрлі бақылау мен сұхбат тәжірибелік пен эксперименттік жұмыс бірлігінде қолданылады. Зерттеуде 1-2 әдіс қолданған кезде зерттеу жұмыстарының дәл еместігі байқалады. Педагогикалық зерттеу әдістерін комплексті түрде қолдану қағидаларын талап етеді:
педагогикалық құбылысты игеруде көп мақсаттылығы;
зерттеу жұмысын жүргізуде барлық игеру әдісі;
әр түрлі зерттеу әдістері арқылы педагогикалық деректер зерттелінеді;
зерттеу нәтижесінде шынайы. "философиялық, логикалық және психологиялық, педагогикалық талдауды талап етеді.
Обьективті принцип - жалпы ғылыми принцип. Бұл педагогикада ең негізгі орынды алады. Субьективизмді жеңудегі ең алдымең өзінің ғылыми нәтижесіне негізделген талап қайта-қайта тексеру болу тиіс. Әсіресе өзінің идеясымен тиянақты қорытындыланады. Оның негізгі талаптары:
- баланы зерттеуде бірнеше әдістермен әр деректерді тексеру; .
- алынған дерек материалдарды тексеру, нақтылау;
- өзін-өзі тексеру, өзінің эмоциясын тексеру, бақылау;
- баланы тәрбиелеу мен оқытудың бірлігі;
Ұжым мен тұлғаны бір мезгілде игеруді зерттеу принципі Даму өзгерістеріндегі игеруді зерттеу принципі Кез-келген ғылымда тарихи принцип маңызды
Зерттелгелі отырған мәселе терең қарастыру принципі
- ғылымға сенімді қару мен өте сақ көзбен қараудың үйлесімділігі
Педагогикалық-тиімділік (эфективті) принципі Культурологиялық принцип мәдениет пен білім беруде оның мазмұнын құрайтын, табиғат, қоғам, әрекет жолдары, эмоциональды-еріктік және адамды қоршаған қоғамға, еңбекке және қарым-қатынасы ретінде көрінеді.
Культурологиялық принцип танымның нақты ғылыми әдіснамасы ретінде өзара байланысқан үш аспектіден тұрады: аксиологиялық, технологиялық, тұлғалық-шығармашылық.
Аксиологиялық (құндылықты) аспект жеке тұлғаның құндылықты бағдарын зерттеп, қалыптастыруды қамтамасыз ететін педагогикалық үдерісті ұйымдастыруды көздейді.
Технологияылқ аспект мәдениетті адамның іс-әрекетінің арнайы тәсілі деп түсінумен байланысты.
Тұлғалық-шығармашылық аспект индивид пен мәдениеттің объективті байланысымен түсіндіріледі. Ол мәдениет құндылықтары мен жеке тұлға мен шығармашылық іс-әрекетінің байланысын талап етеді.
Полисубъектік принцип адамның мазмұны оның іс-әрекетіне қарағанда жан жақты, бай және күрделілігінен келіп шығады. Осы принцип тұлғалық және іс-әрекеттік принциптермен бірігіп гуманистикалық педагогиканың әдіснамасын құрайды.
Этнопедагогикалық принцип культурологиялық принциптен өзгеріп келіп, сол трансформацияда жалпы адамды, ұлттық және жалқыі бірлікте көрінеді. Ұлттық мәдени білім беру мекемелерінің басыты ерекшелігі осы ортаны зерттеп, қалыптастыру және оның тәрбиелеу мүмкіндіктерін қолдану педагогтың басты міндеті болып саналады.
Антропологиялық принцип адам туралы барлық ғылымдардың деректерін жүйелі пайдалану; адамның тұтас табиғатын, оның мүмкіндіктері мен қажеттілігін ескере педагогикалық үдерісті құру және жүзеге асыру.
Антропологиялық принципті алғаш рет зерттеген К.Д. Ушинский. Оның пайымдауынша, адам туралы ғылымдарды жүйелі түрде тәрбиелеу пәні ретінде және оларды педагогикалық үдерісті құрастыру мен жүзеге асыруда ескеру қажет деді, өзінің объектісі мен оның пәні туралы мәлімет аз болған кезде, педагогика өзінің зерттелу үдерістерімен басқарудың конструктивті функцияларын атқара алмайды. Антропологиялық принцип педагогиканың психология, әлеуметтану және т.б. сынды ғылымдармен интеграциялауды қажет етеді.
Кез-келген педагогикалық зерттеуде әдіснама принциптерінің сапасы негізінде мыналарды көрсетуге болады:
Ғылым дамуы деңгейінің есебімен зерттеу мақсатын, тәжірибеге деген қажеттілікті, ғылыми ұжымдар мен ғалымдардың қоғамдық өзекті мүмкіндіктерін анықтайды.
Зерттеудегі барлық үдерістерді меңгеру олардың ішкі мен сыртқы дамуы. Мысалы, тәрбие – дамыту болмысы, қоғамның, мектептің, отбасы мен жас сәбидің өсуіндегі психикасының дамуымен түсіндіріледі. Жас сәбидің даму жүйесі, ол өзін-өзі тану мен дамытуда икемі бар, ішкі және сыртқы мұқтаждықтары мен қабілеттіліктеріне қатысты өзгере алады, ал педагог қойған мақсаттармен және т.б. өз әрекетін өзгертетін, әрқашан әрекет етуші маман болып табылады.
Адам туралы: социология, психология, антропология, физиология, генетика және т.б. ғылымдардың білім беру мен тәрбие мәселелерін барлық ғылымдар тұрғысынан қарастырады. Мұнда біз педагогиканың қазіргі адамзат білімін біріктіретін және оптималды педагогикалық жүйелерді дамыту қызығушылығында адамзат туралы барлық ғылыми ақпаратты қолданатын ғылым екенін көре аламыз.
Зерттеуде жүйелі келу бағыты (құрылымы, элементтер мен болмыстар ара-қатынасы, олардың бағынушылығы, даму динамикасы, тенденциясы, мәні мен негіздері, факторлары мен шарттары).
Оқыту мен тәрбие үдерісінде, ұжым мен жеке тұлғаның дамуында қарама-қайшылықты анықтау;
Теория мен тәжірибе қатынастарын өңдеу, жаңа ғылыми концепцияларға педагог бағдары, жаңа педагогикалық ойлардың алға шығуы.
Әдіснама дегеніміз ғылыми зерттеудің әдіснамалық қағидаларын қарастырар, зерттеу кезіндегі және нақты ғылымдардың мәселесін шешу теориясы. Қағидалардың ортақ дәрежелері әртүрлі. Тек ортақ қағидалар деп заңдар мен категорияларды айтуға болады. Бұлардың барлығы философиялық негізде, мұнда диалектика ғылыми танымның жалпы әдіснама ретінде қарастырылады.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет:
педагогикалық құбылыстардың шынайылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бәрі өзінің ішкі обьектив заңдары, қарама-қарсылықтары және себепті-салдарлы байланыстарына орай жасайды әрі дамиды;
құбылыстарды даму барысын зерттеу;
бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;
зерттеу үдерісінде қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін-бірі толықтырып отырушы көптеген әдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;
зерттеу әдістері зерттелетін құбылыстың мән-мағынасына сай келуі;
даму үдерісін
сол дамудың қозғаушы күші және даму көзі саналатын оның қарама-қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде қарастыру;
сынақталушыға, білім, тәрбие үдерісіне зиян келтіретін, адамгершілік, инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.