Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институты 5В011200-«Химия» Оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже


Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау



бет13/25
Дата29.03.2017
өлшемі5,42 Mb.
#12685
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25



Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазақстан тарихы

Пәннің коды: KT 1101

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 1

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: : Жүсіпов С. – доцент, т.ғ.к.

Курстың мақсаты: Қазақстан дамуының тарихи кезеңдеріне сипаттама, қазақ халқының қалыптасуы, «қазақ» этнонимінің пайда болуы туралы мағлұматтар беру; жаңа замандағы, қазіргі кездегі және тәуелсіз Қазақстанның тарихынан мәліметтер бере отырып, алған білімін жан-жақты меңгерту.

Деректемелері/Пререквизиттері: Жалпы дүниежүзілік тарих және Қазақстан тарихының ежелгі, орта ғасырлардағы тарихы туралы орта мектептерде берілетін білім.

Курстың/пәннің мазмұны: Қазақстанның ежелгі тарихы. Палеолит, мезолит, неолит. Ерте мемлекеттік құрылымдар сол кезеңде мекендеген тайпалар. Қазақстан орта ғасырларда. Түрік қағанаты. Алтын Орда дәуірі. Қазақ халқының қалыптасуы. Жаңа замандағы Қазақстан. Қазақстан қазіргі кезеңде. Тәуелсіз Қазақстан.

Ұсынылатын әдебиет:

1. С.С.Кляшторный, Т.И.Султанов. Казахстан: летопись трех тысячи летий. А., 1992

2. Н.Мыңжан. Қазақтың көне тарихы, А., 1992

3. Л.Гумилев. Көне түрiктер. А., 1992

4. Қ.Салғарин. Қазақтың қилы тарихы, А., 1993

5. А.Көмеков. Қыпшақтардың саяси тарихы, қарым-қатынастары, А., 1994

6. Моисеев М.А. Джунгарские ханство и казахи ХҮІІ-ХҮІІІ в.в. А., 1991

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Информатика

Пәннің коды: Inf 1102

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 1

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс беруші : Есиркепова А.У – аға оқытушы

Курстың мақсаты: Информатика пәнiн оқыту мақсаты студенттерге есептердi компьютер көмегiмен шешу әдiстерiн оқыту және оларды компьютерлiк жүйе мен ақпараттық технологияларды болашақ қызметiнде тиiмдi қолдануына дайындау болып табылады:

информатиканың негiзгi ұғымдарын игеру мақсатында студенттердiң “алгоритмдiк“ ойлау дағдыларын қалыптастыру, ақпаратты қазiргi қоғамның ресурсы ретiнде бейнелеу және ақпараттық ресурстарды басқару әдiстерiн оқыту;

студенттердi қазiргi заманғы озық әмбебап компьютерлердiң құрылысымен таныстыру және олардың компьютерде жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыру;

студенттерге алгоритмдiк тiлдердi, программалау әдiстерiн, ақпараттық жүйелер негiздерiн оқыту.



Деректемелері/Пререквизиттері: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін мектеп курсындағы информатика мазмұнын жақсы меңгеру қажет.

Курстың/пәннің мазмұны: Информатика ғылым жəне техниканың бірлестігі. Қазіргі информатика құрылымы. Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. Деректерді тасымалдаушылар. Деректермен жұмыс істеу операциялары. Буль алгебрасы. Графтар және ағаштар. Компьютердің логикалық элементтері. Машинаны ұйымдастыру: Фон-Нейман принципі, басқару құрылғылары, командалар жүйелері мен типтері. Енгізу-шығару жəне тоқтату. Компьютер жадысының құрылғысы. Енгізу-шығару құрылғылары. Есепті шешудің стратегиялары және шешімді іздеу.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Бөрiбаев Б. «Информатика және компьютер“ – Алматы, “Рауан“, 1996 ж.

2. О.Камардинов. “Информатика“ – Шымкент, 2000ж.

3. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика- Астана, 2004ж.

4. Комягин В.Б., Коцубинский А.О. “Современный самоучитель работы на персональном компьютере“, Москва, 1997 г.

5. Микляев А. “Настольная книга пользователя“ – Москва, 1997 г.

6. Фигурнов В.Э. “ІBM PC для пользователя“ – Москва, 1999 г.

7. Балапанов Е.Қ. Бөрiбаев Б. Дәулетқұлов А. “Информатика 30 сабақ. Жаңа ақпараттар технологиялар“ – Алматы, “ Шартарап“, 2001 ж.



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экология және тұрақты даму – 2 кредит

Пәннің коды: Etd 1105

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 1

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2

Дәріс беруші :Абжелелов Б., Қожамбердиева С.

Курстың мақсаты: Қазіргі экологиялық жағдайды терең түсіндіре отырып, экологиялық білім жүйесін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, сонымен бірге ұғыну мен білім дәрежесінің жоғары болуына ықпал ету.

Деректемелері/Пререквизиттері: Биология

Курстың/пәннің мазмұны: Экологияның мақсат-міндеттері және әдістері. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы. Экология бөлімдері. Даралар экологиясы: ағзалар және олардың қоректенуі, экологиялық факторлар және оның классификациясы. Либихтың минимум заңы және Шелфордтың толеранттылық заңы. Толеранттылық шегі. Популяциялар экологиясы: статикалық және динамикалық сипаттамалары. Қауымдастықтар экологиясы: биоценоз, экожүйе және биогеоценоз туралы түсінік; экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары; экожүйедегі энергия ағыны және химиялық элементтердің айналымы; биоценоздың трофикалық құрылымы; экожүйе өнімділігі. Экожүйенің тұрақтылығы және тұрақтылық механизмдері (гомеостаз және экологиялық сукцессия).

Ұсынылатын әдебиет:

1. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. «Экология» Алматы,2003ж.

2. Баешов А., Дәрібаев Ж. «Экология негіздері» Түркістан, 2000ж.

3. Бейсенов А.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. «Экология» Алматы,2001ж.

4. Гилярев А.М. «Популяционная экология». М.1995г

5. Горелов А.А. «Экология. Курс лекции» М., Центр 1997г

6. Герасимов В.А. «Охрана природы: принцыпы, проблемы, приоритеты» М., 1992г

7. Жатқанбаев Ж.Ж. «Экология негіздері» Алматы, 2003ж.



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазақ (орыс ) тілі

Пәннің коды: К(O) Ya 1106

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1, 2

Кредит саны: 6

Дәріс беруші: Амиралиева Б.С. - аға оқытушы

Курстың мақсаты: қазақ (орыс) тілінің орфоэпиялық грамматикалық және стилистикалық нормаларын үйрету

Деректемелері/Пререквизиттері: орта мектеп “Қазақ тілі” және “Орыс тілі” пәндерінің курстары.

Курстың/пәннің мазмұны: Қазақ (орыс) тілінің орфоэпиялық грамматикалық және стилистикалық нормалары. Мәтін ойдың ерекше дамуы мен құрылу заңдылықтары: композициялық нақтылық, мазмұн логикасы, ақпараттық ғылыми мәтін белгілері жүйесі сияқты. Тақырып, мәтіннің құрылымы мен мағынасы. Микротақырып жалпы тақырыптың бөлігі сияқты. Мәтіннің берілген және жаңа ақпараты. Мәтінді мағыналық болу. Мәтінді талдау. Мәтіндегі ақаратты жетілдіру жолдары. Әртүрлі стильдердің ерекшеліктері: публицистикалық, ресми-іскерлік, көркемдік, ғылыми стиль және оның ерекшеліктері.Сұраулы және атаулы жоспарды құру; рефераттар, аңдатпалар, түйіндемелер, пікірлер жазу.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Абдыкулова К.Е., Ким Г.В., Павленко В.К. Русский язык. Практический курс (учебное пособие) –Алматы, «Санат», 1995 г.

2.Метса А.А., Алликметс К.П., Судавичене Л.В. Русский язык.

Аудиовизуальный курс: М. Высшая школа, 1991г.

3.Городилова Г.Г. Русский язык. Основной курс.М.Высшая школа, 1991 г.

4.Жаналина Л.К., Сарбаева Т.М. Практический курс русского языка, Алматы, 1992г.



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Шетел тілі

Пәннің коды: ShT 2108

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент

Оқу жылы: 1- оқу жылы

Оқу семестрі: 1, 2

Кредит саны: 6

Дәріс беруші: Диуанова Р.- аға оқытушы, филол.ғ.к.; Макашева А.П. – аға оқытушы, п.ғ.к.

Курстың мақсаты: Студентке шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеру үшін жеткілікті білім және дағды қалыптастыру; Шетел тілінде коммуникативтік іс - әрекеттің ауызша және жазбаша түрлеріне машықтандыру; Пәнді оқыту барысында меңгерген білім мен дағдыларды өз бетінше жетілдіру және тереңдетуге дағдыландыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: тілін оқып-үйреніп жатқан елдің тарихы, мәдениеті, саясаты, экономикасы туралы мәліметтермен таныстыру.

Курстың/пәннің мазмұны: Фонетика. Ағылшын тілінің алфавитімен, дыбыстарымен, буын турлерімен және негізі жұрнақтар мен қосымшалардың оқылуымен таныстыру. Орфография: тілдің дыбыстық-қаріптік жүйесі, негізгі орфографиялық ережелер. Лексика: сөзжасам модельдері; көлемі негізгі тілдің 2500 бірлігін құрайтын лекксикалық минимум, сонымен қатар мамандықтын профиліне сай терминдер; қолданыс кеңістігіне сай лексикалық дифференциациясы. Грамматика. Оқу: таныстыру, анықтамалық, шолып оқу дадысының қалыптасуы. Сөйлеу: оқылған тақырыптар көлемінде монолог пен диологты дамыту шеберлігі.

Ұсынылатын әдебиет:

1. К. Жанабаева «Basic English»

2. Дудкина А.П. «Английский для делового общения»

3. Е.И. Курашвили, Е.С. Михалкова. Английский язык. Москва, 1991.

4. Т.Н. Игнатова. Английский язык. Москва, 1992.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Математика

Пәннің коды: Mat1201

Пәннің типі: базалық, міндетті пән

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Кайынбаева Л.С. - аға оқытушы, п.ғ.к.;

Курстың мақсаты: Математикалық ақпаратты жүйелі түрде пайдаланып, студенттердің мамандығына деген қызығушылығын арттырып, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту; математикалық білім берудің мақсаты мен міндеттерін іске асыруға бағытталған математиканы пайдалану арқылы шешілетін есептерді кең қолдану, білім бере отырып, студенттерді тәрбиелеу, оларды әр түрлі ақпаратттар ағынына өзіндік талдау жасауға үйрету, математикалық білім деңгейлерін көтеріп, қажетті ой сапаларын қалыптастыру.

Деректемелері/Пререквизиттері:

Курстың/пәннің мазмұны Векторлық және сызықтық алгебра элементтері. Векторларға қолданылатын амалдар. Екінші және үшінші ретті анықтауштар. Сызықтықтық теңдеулер жүйесін шешу. Жазықтықтағы аналитикалық геометрия. Түзу сызық, екінші ретті қисықтар. Математикалық анализге кіріспе: шектер теориясы. Бір және көп айнымалы функцияның дифференциалдық қисаптары. Бір айнымалы функцияның интегралдық қисаптары. Бірінші және екінші ретті дифференциалдық теңдеулер. Қатарлар ықтималдықтар теориясы. Кездейсоқ оқиға және оның ықтималдығы. Тәжірбиелердің қайталануы. Кездейсоқ шамалар. Математикалық статистика. Статистикалық үлестіру қатары және оның сипаттамасы. Статистикалық гипотезаларды бағалау. Дисперсиялық және корреляциялық талдау.

Ұсынылатын әдебиет:


  1. Әубәкір С.Б. Жоғары математика. Алматы, 2000.

2.Минорский В.П. Сборник задач по высшей математике.Москва, 2001.

3.Данко П.Е., Попов А.Г. Высшая математика в упражнениях и задачах. Москва, 2002 4.Пискунов Н.С. Дифференциальное и интегральное исчисления. Москва, 2003.

5.Шипачев В.С. Высшая математика. Москва, 2004.

6. Қазешев А.Қ. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. Алматы, 2005.

7.Гмурман В.Е. Руководство к решению задач по теории вероятностей и математической статистике. Москва, 2006.

8. Жаңбырбаев Б.С. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика элементтері. Алматы, 2007.

9.Жоғары математика пәні бойынша күндізгі бөлім студенттеріне арналған есептеу-графиктік тапсырмалар жинағы. Қызылорда, 2008.

Сабақ беру әдістері: зерттеушілік әдісі, проблемалап оқыту әдісі, өзіндік білім алу әдісі, ғылыми әдістер (салыстыру, аналогия, синтез, классификация және т.б. әдістер), жаңа инновациялық технологияларды (интерактивті тақта, т.б.) пайдалану, компьютерлiк және ақпараттық технологияларды қолдану

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Физика

Пәннің коды: Fiz 1202

Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредиттер саны: 2

Дәріс берушінің аты-жөні: Аманбаева М.К. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) - Бақылаулар арқылы алынған мәліметтерді физикалық заңдылық түрінде тұжырымдап, студенттерге демонстрация, тәжірибелер, лабораториялық жұмыстардың барысында түсіндіру. Тәжірибеге негізделген ғылым болғандықтан, физикалық шамалармен тәжірибе жасау негізінде физикалық заңдылықтардың айтылатынын, физикалық құбылыстарды түсіндіру үшін физикалық шамалар пайдаланылатындығын, физикалық шамалар, туралы түсініктемелер беру. Курстық негізгі мақсатына жету үшін:

- студенттерді физиканың негізгі принциптері және заңдарымен және математикалық формулалармен таныстыру;

- студенттерге физикалық модельдер мен гипотезалардың қолдану шекарасы туралы.

- қолданылу арқылы өте кең заңдар физиканың іргелі заңдары деп аталатынын;

- Негізгі физикалық тұрақтылар;

Курсты игеру негізінде студент білуі қажет;

- негізгі физикалық құбылыстар, олардың жүру ерекшеліктері;

- физикалық ұғым, шама, есептеулер негіздері, олардың математикалық формулалары, өлшем бірліктері;



- тәжірибе жүргізу әдісін, алынған мәліметтерді өңдеп, сол бойынша қорытынды жасау.

Деректемелер/пререквизиттері: Пән бойынша берілетін теориялық-практикалық материалдарды толық меңгеру үшін студент мектептің физика курсын толық жақсы меңгеру қажет. “Физика” курсын оқып-үйрену үшін студенттерге элементар физиканың барлық бөлімдерін білу қажет.

Курстың/пәннің мазмұны: “Жалпы физика” курсының теориялық негізін баяндайтын бұл курс төмендегідей бөлімдерден тұрады: Механика; Молекулалық физика және термодинамика; электр және магнетизм; Оптика; Кванттық және атомдық физика негіздері.

Ұсынылатын әдебиет

  1. Трофимова Т.И. Курс физики – Высшая школа 1985г.

  2. Савельев И.В. Механика. Уч.пособие М.: Астрел 2003г.

  3. Савельев И.В. Электричество и магнетизм М.: Астрел, 2003г.

  4. Савельев И.В. Молекулярная физика и термодинамика М.: Астрел, 2001г

  5. Волькенштейн В.С. Сборник задач по общему курсу физики.-М.: наука, 2000г.

  6. Астахов А.В., Широков Ю.М. Курс физики. Квантовая физика М.: Наука, 1983, т.3

  7. Косов А.Д., Косов В.Н., Корзун И.Н. Молекулярная физика в вопросах и ответах. – Алматы: Қазақ университеті, 1999-143с.

  8. Құлбек М.Қ. Жалпы физика курсы. Молекулалық физика және термодинамика негіздері. – Алматы, 1993

  9. Құлбек М.Қ. Жалпы физика курсы. Электр және магнетизм. Алматы, 1997.

  10. Полатбеков П. Оптика. Алматы, “Мектеп”, 1967

  11. Широков Ю.М., Юдин Н.П. Ядерная физика М.: - “Наука”, 1972

Сабақ беру әдістері: дәріс, практикалық-зертханалық, жаңа инновациялық оқу әдістері және ақпараттық технологиялар.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): кітапхана қоры, материалдық база: электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары, зертханалық жабдықтар

Курстың /пәннің/ юниттің атауы: Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер биоәралуандығы

Пәннің коды: OzhMB1204

Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс берушінің аты-жөні: Әуезова Н.С. аға оқытушы, б.ғ.к.; Абжалелов Б.Б. – аға оқытушы, б.ғ.к.

Курстың мақсаты: Студенттерге өсімдіктер, жануар және микроорганизмдер әлемінің алуантүрлілігін, құрылысын және оның қалыптасуының негізгі заңдылықтарын, эволюциясын, даму циклын және негізгі өкілдерінің систематикасын; өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің экологиясының ерекшеліктерін, олардың экосистемадағы ролін, сонымен бірге шаруашылықтағы маңызын үйрету.

Деректемелер/пререквизиттері: Ботаника, зоология, микробиология, экология.

Курстың мазмұны: Ботаника, зоология, микробиология тірі табиғаттың алуантүрлілігін зерттейтін ғылыми пәндер. Прокариоттар және эукариоттар. Өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің биосферадағы және адам өміріндегі маңызы. Өсімдіктердің биологиялық алуантүрлілігі. Саңырауқұлақтар әлемі. Өсімдіктер әлемі. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің биологиялық әр алуандығы. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Вегетативті мүшелердің дамуы мен құрылысы. Тамыр және тамырлар жүйесі. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көбеюі. Гүлді өсімдіктердің генеративті мүшелері. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің әр алуандығы. Жануарлардың биологиялық алуантүрлілігі. Қарапайымдылардың алуантүрлілігі мен құрылымы. Көпклеткалы омыртқасыз жануарлардың алуантүрлілігі мен құрылымы. Алғашқы су омыртқалы жануарларының алуантүрлілігі мен құрылысы. Құрлық омыртқалыларының алуантүрлілігі мен құрылысы.Микроорганизмдердің биологиялық алуантүрлілігі. Прокариоттардың құрылысы мен морфологиясының алуантүрлілігі. Эукариотты микроорганизмдердің алуантүрлілігі. Вирустардың алуантүрлілігі.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Абдрахманова О. Өсімдіктер систематикасы. Төменгі сатыдағы өсімдіктер. Алматы, «Ғылым» 2003-440б.

2. Әметов Ә., Мырзакулов П.М. Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. 1 бөлім. Архегониальды өсімдіктер. Алматы, 2000ж

3.Әметов Ә. Ботаника «Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының Республикалық баспа кабинеті» 2000ж-508б.

4. Мухитдинов Н.М., айдосова С.С., бегенов А.Б. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. Алматы, 2001

5. Догель В.А. Зоология беспозвоночных «Высшая школа» М., 1981

6. Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных «Просвещение», М., 1975

7. Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы «Қазақ университеті». 1бөлім-1996, 2бөлім -1997, 3 Бөлім – 1998, 4бөлім – 2000

8. Наумов Н.П., Карташов Н.Н. Зоология позвоночных, Ч. 1,2. М.1979

9.Шлегель Г. Общая микробиология. М.: мир,1987.

10.Гусев М.А., Минеева Л.А. Микробиология. М.: Мзд-во МГУ, 1985, 1992.

Сабақ беру әдістері: лекция, лабораториялық жұмыс, СОӨЖ

Бағалау әдісі: Аралық бақылау, емтихан.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық бойынша білім алуға қажетті жағдай: оқу әдістемелік кешен, көрнекті құралдар, интерактивті тақта, мультимедмия

Курстың /пәннің/ юниттің атауы: Ғаламдық экология

Пәннің коды: GE 1206

Пәннің типі: базалық , міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 4

Дәріс беруші: Айдаров О.Т. – аға оқытушы, г.ғ.к.

Курстың мақсаты: Болашақ жас мамандарға ноосферлік дүниетану, жаңа экологиялық көзқарас қалыптастыру, адам мен табиғат арасында үйлесімдік негізінде әлемдік жер экологиясының негізгі бағыттары туралы негізгі түсінік беру және экологиялық мәдениеттің негізін қалау. Бүгінгі таңдағы әлемдік деңгейдегі экологиялық проблемалармен таныстыру олардың алдын алу мен зардаптарын түсіндіру.

Деректемелер/Пререквизиттері: экология негіздері, экология және тұрақты даму

Курстың/пәннің мазмұны: Қазіргі тандағы биосфера және оны құраушы табиғи жүйелердің жайжансары планетамызда ғаламдық экологиялық мәселелерді айқындауда – ол дүниежүзілік мұхиттың ластануы, шөлге айналу, озон қабатының бұзылуы және биологиялық алуан түрлілікті сақтау мәселелері.

Осы кезгі адамзат алдында биосфераның және оның жекелеген экожүйелерінің динамикалық тепе-тендігін сақтауда айтарлықтай күрделі міндеттер тұр, осы аталған мәселе ғаламдық экологияның пән ретіндегі мақсат-міндеттерін айғақтайды.



Ұсынылатын әдебиет:

1. И.А. Родионова. Глобальные проблемы человечество. М. 1995г.

2.В.И. Фурсов. Экологические проблемы окружающей среды. Алматы.1991г.

3.Г. Хефлинг. Тревога в 2000 году. Москва. Мысль. 1990г.

4.Г.С. Оспанова., Г.Т. Бозшатаева. "Экология". Оқулық. Алматы, 2002.

5.Ә. Бейсенова., А. Самақова., Т. Есполов., Ж. Шілдебаев. "Экология және табиғатты тиімді пайдалану". "Ғылым". Алматы. 2004.

6. А. Баешов., Ж.Е. Дәрібаев. "Экология негіздері". Түркістан, "Яссауи университеті". 2000.

7.Ә.С. Бейсенова., Ж.Б. Шілдебаев., Г.З. Сауытбаева. "Экология". Алматы, 2001.

8. А.К. Бродский. "Жалпы экологияның қысқаша курсы". Алматы, 1997.

9. Ғ. Сағымбаев. "Экология негіздері". Алматы. 1995.

10. Н.М. Чернова., А.М. Былова. "Экология". Москва, 1998.

11. Риклефс Р. "Основы общей экологии". Москва, 1979.

12.Сағымбаев Ғ. "Экология и экономика". Алматы, 1997.

13.Арал тағдыры /Очерктер/. Алматы - 1998




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет