Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институты 5В011200-«Химия» Оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже


Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау



бет9/25
Дата29.03.2017
өлшемі5,42 Mb.
#12685
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25


Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазақстан тарихы

Пәннің коды: KT 1101

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 1

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: : Жүсіпов С. – доцент, т.ғ.к.

Курстың мақсаты: Қазақстан дамуының тарихи кезеңдеріне сипаттама, қазақ халқының қалыптасуы, «қазақ» этнонимінің пайда болуы туралы мағлұматтар беру; жаңа замандағы, қазіргі кездегі және тәуелсіз Қазақстанның тарихынан мәліметтер бере отырып, алған білімін жан-жақты меңгерту.

Деректемелері/Пререквизиттері: Жалпы дүниежүзілік тарих және Қазақстан тарихының ежелгі, орта ғасырлардағы тарихы туралы орта мектептерде берілетін білім.

Курстың/пәннің мазмұны: Қазақстанның ежелгі тарихы. Палеолит, мезолит, неолит. Ерте мемлекеттік құрылымдар сол кезеңде мекендеген тайпалар. Қазақстан орта ғасырларда. Түрік қағанаты. Алтын Орда дәуірі. Қазақ халқының қалыптасуы. Жаңа замандағы Қазақстан. Қазақстан қазіргі кезеңде. Тәуелсіз Қазақстан.

Ұсынылатын әдебиет:

1. С.С.Кляшторный, Т.И.Султанов. Казахстан: летопись трех тысячи летий. А., 1992

2. Н.Мыңжан. Қазақтың көне тарихы, А., 1992

3. Л.Гумилев. Көне түрiктер. А., 1992

4. Қ.Салғарин. Қазақтың қилы тарихы, А., 1993

5. А.Көмеков. Қыпшақтардың саяси тарихы, қарым-қатынастары, А., 1994

6. Моисеев М.А. Джунгарские ханство и казахи ХҮІІ-ХҮІІІ в.в. А., 1991

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Информатика

Пәннің коды: Inf 1102

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 1

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс беруші : Есиркепова А.У – аға оқытушы

Курстың мақсаты: Информатика пәнiн оқыту мақсаты студенттерге есептердi компьютер көмегiмен шешу әдiстерiн оқыту және оларды компьютерлiк жүйе мен ақпараттық технологияларды болашақ қызметiнде тиiмдi қолдануына дайындау болып табылады:

информатиканың негiзгi ұғымдарын игеру мақсатында студенттердiң “алгоритмдiк“ ойлау дағдыларын қалыптастыру, ақпаратты қазiргi қоғамның ресурсы ретiнде бейнелеу және ақпараттық ресурстарды басқару әдiстерiн оқыту;

студенттердi қазiргi заманғы озық әмбебап компьютерлердiң құрылысымен таныстыру және олардың компьютерде жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыру;

студенттерге алгоритмдiк тiлдердi, программалау әдiстерiн, ақпараттық жүйелер негiздерiн оқыту.



Деректемелері/Пререквизиттері: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін мектеп курсындағы информатика мазмұнын жақсы меңгеру қажет.

Курстың/пәннің мазмұны: Информатика ғылым жəне техниканың бірлестігі. Қазіргі информатика құрылымы. Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. Деректерді тасымалдаушылар. Деректермен жұмыс істеу операциялары. Буль алгебрасы. Графтар және ағаштар. Компьютердің логикалық элементтері. Машинаны ұйымдастыру: Фон-Нейман принципі, басқару құрылғылары, командалар жүйелері мен типтері. Енгізу-шығару жəне тоқтату. Компьютер жадысының құрылғысы. Енгізу-шығару құрылғылары. Есепті шешудің стратегиялары және шешімді іздеу.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Бөрiбаев Б. «Информатика және компьютер“ – Алматы, “Рауан“, 1996 ж.

2. О.Камардинов. “Информатика“ – Шымкент, 2000ж.

3. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика- Астана, 2004ж.

4. Комягин В.Б., Коцубинский А.О. “Современный самоучитель работы на персональном компьютере“, Москва, 1997 г.

5. Микляев А. “Настольная книга пользователя“ – Москва, 1997 г.

6. Фигурнов В.Э. “ІBM PC для пользователя“ – Москва, 1999 г.

7. Балапанов Е.Қ. Бөрiбаев Б. Дәулетқұлов А. “Информатика 30 сабақ. Жаңа ақпараттар технологиялар“ – Алматы, “ Шартарап“, 2001 ж.



Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: VII және XIV апталарда жинақтаушы жүйе негізінде рейтинг-балл бойынша ағымдағы және аралық бақылау

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: Компьютер класы, кітапхана қоры, интернет ресурстары.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экология және тұрақты даму – 2 кредит

Пәннің коды: Etd 1105

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 1

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Ауезова Н.С. – аға оқытушы, б.ғ.к.

Курстың мақсаты: Қазіргі экологиялық жағдайды терең түсіндіре отырып, экологиялық білім жүйесін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, сонымен бірге ұғыну мен білім дәрежесінің жоғары болуына ықпал ету.

Деректемелері/Пререквизиттері: Биология

Курстың/пәннің мазмұны: Экологияның мақсат-міндеттері және әдістері. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы. Экология бөлімдері. Даралар экологиясы: ағзалар және олардың қоректенуі, экологиялық факторлар және оның классификациясы. Либихтың минимум заңы және Шелфордтың толеранттылық заңы. Толеранттылық шегі. Популяциялар экологиясы: статикалық және динамикалық сипаттамалары. Қауымдастықтар экологиясы: биоценоз, экожүйе және биогеоценоз туралы түсінік; экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары; экожүйедегі энергия ағыны және химиялық элементтердің айналымы; биоценоздың трофикалық құрылымы; экожүйе өнімділігі. Экожүйенің тұрақтылығы және тұрақтылық механизмдері (гомеостаз және экологиялық сукцессия).

Ұсынылатын әдебиет:

1. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. «Экология» Алматы,2003ж.

2. Баешов А., Дәрібаев Ж. «Экология негіздері» Түркістан, 2000ж.

3. Бейсенов А.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. «Экология» Алматы,2001ж.

4. Гилярев А.М. «Популяционная экология». М.1995г

5. Горелов А.А. «Экология. Курс лекции» М., Центр 1997г

6. Герасимов В.А. «Охрана природы: принцыпы, проблемы, приоритеты» М., 1992г

7. Жатқанбаев Ж.Ж. «Экология негіздері» Алматы, 2003ж.



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазақ (орыс ) тілі

Пәннің коды: К(O) Ya 1106

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1, 2

Кредит саны: 6

Дәріс беруші: Амиралиева Б.С. - аға оқытушы

Курстың мақсаты: қазақ (орыс) тілінің орфоэпиялық грамматикалық және стилистикалық нормаларын үйрету

Деректемелері/Пререквизиттері: орта мектеп “Қазақ тілі” және “Орыс тілі” пәндерінің курстары.

Курстың/пәннің мазмұны: Қазақ (орыс) тілінің орфоэпиялық грамматикалық және стилистикалық нормалары. Мәтін ойдың ерекше дамуы мен құрылу заңдылықтары: композициялық нақтылық, мазмұн логикасы, ақпараттық ғылыми мәтін белгілері жүйесі сияқты. Тақырып, мәтіннің құрылымы мен мағынасы. Микротақырып жалпы тақырыптың бөлігі сияқты. Мәтіннің берілген және жаңа ақпараты. Мәтінді мағыналық болу. Мәтінді талдау. Мәтіндегі ақаратты жетілдіру жолдары. Әртүрлі стильдердің ерекшеліктері: публицистикалық, ресми-іскерлік, көркемдік, ғылыми стиль және оның ерекшеліктері.Сұраулы және атаулы жоспарды құру; рефераттар, аңдатпалар, түйіндемелер, пікірлер жазу.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Абдыкулова К.Е., Ким Г.В., Павленко В.К. Русский язык.

Практический курс (учебное пособие) –Алматы, «Санат», 1995 г.

2.Метса А.А., Алликметс К.П., Судавичене Л.В. Русский язык.

Аудиовизуальный курс: М. Высшая школа, 1991г.

3.Городилова Г.Г. Русский язык. Основной курс.М.Высшая школа, 1991 г.

4.Жаналина Л.К., Сарбаева Т.М. Практический курс русского языка, Алматы, 1992г.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Шетел тілі

Пәннің коды: ShT 2108

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент

Оқу жылы: 1- оқу жылы

Оқу семестрі: 1, 2

Кредит саны: 6

Дәріс беруші: Диуанова Р.- аға оқытушы, филол.ғ.к.; Макашева А.П. – аға оқытушы, п.ғ.к.

Курстың мақсаты: Студентке шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеру үшін жеткілікті білім және дағды қалыптастыру; Шетел тілінде коммуникативтік іс - әрекеттің ауызша және жазбаша түрлеріне машықтандыру; Пәнді оқыту барысында меңгерген білім мен дағдыларды өз бетінше жетілдіру және тереңдетуге дағдыландыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: тілін оқып-үйреніп жатқан елдің тарихы, мәдениеті, саясаты, экономикасы туралы мәліметтермен таныстыру.

Курстың/пәннің мазмұны: Фонетика. Ағылшын тілінің алфавитімен, дыбыстарымен, буын турлерімен және негізі жұрнақтар мен қосымшалардың оқылуымен таныстыру. Орфография: тілдің дыбыстық-қаріптік жүйесі, негізгі орфографиялық ережелер. Лексика: сөзжасам модельдері; көлемі негізгі тілдің 2500 бірлігін құрайтын лекксикалық минимум, сонымен қатар мамандықтын профиліне сай терминдер; қолданыс кеңістігіне сай лексикалық дифференциациясы. Грамматика. Оқу: таныстыру, анықтамалық, шолып оқу дадысының қалыптасуы. Сөйлеу: оқылған тақырыптар көлемінде монолог пен диологты дамыту шеберлігі.

Ұсынылатын әдебиет:

1. К. Жанабаева «Basic English»

2. Дудкина А.П. «Английский для делового общения»

3. Е.И. Курашвили, Е.С. Михалкова. Английский язык. Москва, 1991.

4. Т.Н. Игнатова. Английский язык. Москва, 1992.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Педагогикалық мамандыққа кіріспе

Пәннің коды: PMK 1201

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 1

Дәріс беруші: Әмреева И. - оқытушы, педагогика және психология ғылымдарының магистрі

Курстың мақсаты: Болашақ ұстаз тұлғасының мәні және оның қазіргі қоғамдағы ролін, педагогикалық үрдіс мұғалімнің іс-әрекет нысаны ретінде екенін, мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің жалпы сипаттамасын түсіндіру.

Курстың/пәннің мазмұны: Болашақ ұстаз тұлғасының мәні және оның қазіргі қоғамдағы ролі. Педагогикалық үрдіс мұғалімнің іс-әрекет нысаны ретінде. Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы. Қарым-қатынас жасау мұғалімнің кәсіби-шығармашылық қызметінің құрамдас бөлігі ретінде. Педагогика тарихының теориялық-әдіснамалық негіздері. Я.А. Коменскийдің педагогикалық концепциясы. Шет елдердегі білім беру жүйесі мен педагогика. К.Д. Ушинскийдің педагогикалық жүйесі. Кеңес дәуірінде білім беру жүйесі мен педагогика ғылымының қалыптасуы. Қазақстандағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ой. Ы. Алтынсаринның, Ш. Уәлихановтың және Абай Құнанбаевтің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметтері. Қазақстанның қуғын-сүргінге ұшыраған педагогтардың идеялары мен қызметі. Қазақстан Республикасында білім берудің қазіргі даму бағыттары.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Қ.Р. жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Алматы.- 2002ж.

2. Қ.Р-ның «Білім туралы» Заңы. Алматы.- 1992

3. Қ.Р. 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

Астана.- 2003 ж

4. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Дарын.- 2004 ж.

5. Бегалиев Т. Педагогика. Тараз.- 2001ж

6. Рувинский. Л.И. Мамандыққа кіріспе. Алматы.-1991 ж

7. Пошаев Д.Қ. Мамандыққа кіріспе. Шымкент.-2004 ж

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Психология және адам дамуы

Пәннің коды: PАD 1204

Пәннің типі: Базалық пәндер, міндетті пән

Оқу жылы: 1- оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Шеримова Ә. - аға оқытушы

Курстың мақсаты: Пәнді оқытудың мақсаты - қоғамның әлеуметтік - экономикалық құрылымында адамдар қарым- қатынасының теориялық және тәжірибелік іс- әрекетінің дамуын зерттеу, студенттердің өздігінше іздені, кәсіби дайындығын қалыптастырады. Ойлаудың диалектикалық логикасын қалыптастыра отырып, психикалық құбылыстарды түсінудегі жалған стереотиптерді жеңе отырып, ғылыми психологиялық ойлау жүйесін қалыптастыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: -

Курстың/пәннің мазмұны: Психология ғылымына кіріспе. Жалпы психология пәні, оның зерттеу әдістері. Психикалық зерттеудің әдістері. Психология ғылымының қалыптасуы мен даму бағыттары. Психика – психологияның зерттеу заты. Сана мен психиканың дамуы. Сана және өзіндік сана. Тән және жан. Жеке адам психологиясы және іс-әрекеті. Іі-әрекетті жалпы психологиялық сипаттар. Адам іс-әрекетінің заттылығы, мақсат көздеушілігі мен саналығы. Бала дамуындағы іс-әрекеттің ролі. Жеке тұлғаның психологиялық сипаттамасы. Индивид, суъект, жеке адам, даралық түсініктердің ара қатынасы. Адамдардың өзара әрекеті мен қарым –қатынасының әлеуметтік- психологиялық заңдылықтары. Қарым-қатынас писхологиясы. Түйсік туралы жалпы түсінік. Қабылдау. Ес туралы түсінік. Зейін. Ойлау және сөйлеу. Қиял туралы түсінік. Жеке адамның даралық –психологиялық ерекшеліктері. Темперамент. Мінез туралы түсінік Қабілеттілік туралы теориялар. Сезім. Ерік.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Алдамұратов Ә.. Жалпы псхология. Білім, 1996.

2. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Алматы – 1996ж.

3. Аймауытов Ж.. Психология Алматы, 1994ж.

4. Жарықбаев Қ.. Жантану негіздері, Алматы 2002.

5. Тәжібаев Т .Психология



6. Успанова З. У., Дәрібаева С. Қ., Нармұқаш А. Қ Жеке адамның типологиялық дара ерекшеліктері. Алматы,1998ж.

Сабақ беру әдістері: СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, көрнекілік әдісі.

Бағалау әдісі: кредиттік оқыту технологиясы бойынша

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары, зертханалық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, т.б.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Жалпы жертану

Пәннің коды: ZhZh 1201

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1,2

Кредит саны: 4

Дәріс беруші: Тоқтағанова Г.Б. - аға оқытушы, география магистрі

Курстың мақсаты: «Жалпы жер тану пәні» әр түрлі профилдегі мамандарды дайындауға ең негізгі оқу пәндерінің бірі болып табылады. Курсты оқу барысында студенттер жалпы планеталық табиғи кешен болып табылатын географиялық қабық туралы түсінікті ұғына отырып,аталған қабықтың құрлысымен және оның уақыт пен кеңістікте даму заңдылықтарымен кеңінен танысатын болады. Бұл таныстық географиялық қабық өзінің даму барысы нақтылы заңдылықтармен түсіндірілетін бірегей де дербес кешен ретінде қарала тұрса да, ол әр түрлі құрам-бөліктердің, яғни атмосфераның, гидросфераның, литосфераның, сол сияқты тірі заттардың бір-бірімен байланыста және бір-біріне бағынышты түрде өрбитіндігін ұғынумен орайласады. Географиялық қабықтың территориялық жіктелуі жайлы мәліметтер де нақ осы курс ауқымында ашылып көрсетіледі. Бұл курспен танысу өзара байланысты және өзара бағынышты сипаттарды иеленген табиғи процестер мен құбылыстардың толассыз дамуы нәтижесінде қалыптасқан материалдық жүйе рөлін атқаратын жалпылама табиғатқа деген көзқарасты қалыптастырады және жетілдіре түседі.

Деректемелері/Пререквизиттері: экология және тұрақты даму, биологияға кіріспе

Курстың/пәннің мазмұны: Әлем кеңістігіндегі Жер: пішіні, қозғалыстары және оның географиялық салдарлары. Жердің ішкі құрылысы және шығу тегі. Жер бедері. Жер бедерінің қалыптасуының жалпы заңдылықтары. Жер бедерінің жылу мен ылғал таралуына ықпалы. Атмосфера, оның құрамы мен құрылысы. Күн радиациясы; радиациялық және жылулық баланс. Жердің жылулық режимі. Атмосферадағы су. Ауа қысымы, желдер және олардың сипаттамасы. Атмосфераның жалпы айналымы. Ауа райы туралы түсінік. Жер климаттары. Гидросфера. Дүние жүзілік мұхит және оның құрамдас бөліктері. Мұхит суының қасиеттері. Су айналымы және мұхиттағы басқа су қозғалыстары. Мұхит-атмосфера біртұтас жүйесі. Құрлық сулары. Биосфера, оның шекаралары, құрамы мен құрылысы. Атмосфера, литосфера және гидросфера дамуындағы тірі заттың ролі. Зат пен энергияның биологиялық айналымы. Географиялық қабық, оның шекаралары, құрылысы, сапалық көрсеткіштері, негізгі даму кезеңдері. Географиялық қабық заңдылықтары. Ландшафттар туралы түсінік. Географиялық орта және қоғам. ҒТР заманындағы адамзаттың экологиялық проблемалары. Ноосфера туралы түсінік.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Неклюкова Н.П. Жалпы жертану. –А.: Мектеп, 1980

  2. Магидович И.П. Очерки по истории географических открытий. –М.: Просвещение, 1975

  3. Бакиров Т. Жалпы геология. –А., 1996

  4. Методические указания по материалам «Общее землеведение». –А., 1990

  5. Фурсина Ф. Материктер мен мұхиттар географиясы. –А., 1990

  6. История геогрнафических открытий. Изд. Первая сентября. 2003

7. Радионова И.А. Глобальные проблемы человечества. –М. 2003

  • Сабақ беру әдістері: лекция, оның түрлері: визуальды лекция, миға шабуыл лекциясы, демонстрациялау арқылы, мультимедиялық құралдарды пайдалану көмегімен жүргізілетін лекциялар т.б.; зертханалық сабақтар нұсқау, басшылықтар және демонстрациялау әдістері арқылы іске асырылады.

Бағалау әдісі: рейтинг жүйесі бойынша: аралық бақылау, дәрісханалық, студенттің өзіндік жұмыстары, емтихан (тест).

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: жабдықталған география кабинаті, дүние ж.зінің карталар топтамасы, атластар, глобустар

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Геология

Пәннің коды: Geolog 1202

Пәннің типі: базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Дүйсенбаева А.Қ. – академиялық доцент

Курстың мақсаты: студенттерге Жер және жер қыртысының құрамы, құрылысы, шығу тегі және дамуы жайлы тереңде, жүйелі білім бере отырып, жер қойнауында және жер бетінде болып жататын табиғи процестерді дұрыс түсінуге, жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалануға, жер қойнауын қорғауға бағыт береді

Деректемелері/Пререквизиттері: жалпы жертану, картография топография негіздерімен

Курстың/пәннің мазмұны: география пәні мұғалімін кәсіби дайындау үшін геологияның маңызы. Жердің физикалық қасиеттері. Жердің ішкі құрылысы. Жердің жылулық күйі. Жердің химиялық құрамы. Жердің сыртқы қабықтары. Жердің даму сызбалары. Жердің ғарыштық тегі туралы гипотезалар. Жер мен жер қыртысы жасы. Геохронологиялық кесте. Геологиялық карта. Эндогендік процестер. Экзогендік процестер. Жердің геологиялық даму тарихының негізгі кезеңдері. Палеогеография негіздері. Тау жыныстарының геологиялық жасы. Минералогия мен кристаллография негіздері. Жыныстардың абсолютті және салыстырмалы жасын анықтау әдістері

Ұсынылатын әдебиет:

1.Ершов В.В., Новыков А.А., Попова Г.Б. Основы геологии. М., 1986

2.Жарков В.Н. Внутреннее строение Земли и планет. М., 1986

3.Залогин В.С., Кузьминская К.С. Мировой океан. М., 2001

4.Короновский Н.В. Геология. М., 2003

5.Короновский Н.В., Якушева А.Ф. Основы геологии. М., 1991

6. Тұяқбаев Н., Арыстанов К. Жалпы геология курсы. А., 1993

7. Машанов А.Ж. Кристоллография, минералогия, петрография. А., 1980

8. Хаин В.Е. и др. Историческая геология. М. 1997

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Картография топография негіздерімен

Пәннің коды: KTN 1(2)203

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет