Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институты 5В011200-«Химия» Оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже



бет6/25
Дата29.03.2017
өлшемі5,42 Mb.
#12685
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Сабақ беру әдістері: Түсіндіру әдістері: дәріс; талқылау әдісі; кітаппен өзіндік жұмыс; дидактикалық өзіндік жұмыс; эвристикалық (ізденіс) әңгімелесу әдісі.

Көрнекілік әдістері: бөлшекті-ізденісті көрсетілімді әдіс; экрандық көрнекілікпен жұмыс (ғылыми фильмдер, слайдтар); презентация (жеке, топтық); ылғалды препараттар мен тұрақты препараттар көрсетілімі.

Практикалық әдістер: бөлшекті-ізденісті зертханалық әдіс; зертханалық әдіс.

Бағалау әдісі: аралық бақылау - 2 ( жазбаша); емтихан (жазбаша)

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітаппен қамтамасыз ету – ; ылғалды препараттар – 320; тұрақты препараттар – 80; стенд: «паразитарлық жануарлар»; кестелер – 188; ғылыми фильмдер – 5; мультимедиа – 4; энтомологиялық жиынтық (систематикалық, биотоптар,жәндіктердің туыстық аппараты, жәндіктердің аяқ бөлімдері, жәндіктердің қанаты) – 32; союға арналған үлестірме материалдар (тіссіздер, өзен шаяны) – 70; микроскоп – 5; штативті лупа – 5; қол лупасы – 10.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Цитология және гистология негіздері

Пәннің коды: SGN 1203

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Өтесінов Ж.Ө. - профессор, а-ш.ғ.д.

Курстың мақсаты: цитологи және гистология негіздері курсы арқылы студенттер-жасушалардың, ұлпалардың құрлысын, атқаратын қызметтерін жіктелу қағидаттарымен танысады; жасушаның және ұлпалардың морфофизиологиялық ерекшіліктерімен таныстыру; жасушаны және ұлпаларды нақты білу үшін, оның цитогистопрепаратар дайындау технологиясынан толық мағулмат алумен, оларды практика жүзінде іске асыру мүмкішілігін білуге, нақты игеруді тырысады; зерттеуге бағыт беру және құрал-жабықтары білу жұмысты игерумен біліктілігін қалыптастыру; алынған мәліметтерді қортындылауға үйретіп, сауатты пайдалануға бейімдеу.

Деректемелері/Пререквизиттері: ботаника ,зоология

Курстың/пәннің мазмұны: Жасуша және ұлпалар туралы білім жоғарғы және төменгі сатыдағы организмдердің жасуша құрлысын, химиялық құрамын және жасушадағы түрлі құрылымдардың атқаратын қызметтерін зерттейтін билогия салаларының бірі. Гистолия ағза ұлпаларының құрылымын, олардың күрделі, нәзік мүшелері, структуралық құрлымын зерттейді: морфофункциялық ерекшеліктерін әртүрлі зерттеулер әдістерін пайдаланыумен (жарықпен электрондық микроскопия, гистохимиялық рентгеноструктуралық,флюроценттік радиоиммундік, авторадиографиалық т.б. әдістерді үйретеді).

Ұсынылатын әдебиет:

1. Қ. Нұғматжанов, С. Тайбеков. Гистология мен эмбриология негіздері. Алматы, «Қайнар», 1969

2. Қ.Ә. Сапаров. Жалпы цитология негіздері. Алматы, Санат 1993

3. Р.Б. Абильдинов,Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. Атлас гистология, цитология және эмбриология. Алматы, 2006

4. А.С. Трошин. Цитология. М., 1985

5. Н.А. Мануилова. Гистология с основами эмбриологии. М., «Просвещение», 1973

6. Ю. Ченцов. «Малый практикум по цитологии». М., 1977

7. Зертханалық жұмыстар жинағы. Қызылорда, 1998

8. М. Нурушев. Гистология және эмбриология негіздері. Алматы, 1998

9. Ж.Ө. Өтесінов «Цитология және Гистология» Қызылорда, 2010



Сабақ беру әдістері: Кредиттік технология ережесіне сәйкес құрылған бағдарламамен жүргізіледі ( лекция, зертханалық жұмыс, СӨОЖ,СӨЖ )

Бағалау әдісі: тестілік( аралық бақылау, емтихан )

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: мемлекеттік тілде жүреді. Кафедра аудиториясында студенттерге мамандықты игеруге жағдай жасалған. Құрал- жабдық , реактив, оқулық, оқу құралдары, арнайы жабықталған талаптарға сай аудитория. Онда арнайы плакаттар, кестелер окытуға өте тиімді жағдай жасалған, университет кітап ханасына ұсынылған әдебеттерден 15-25 данадан қамтылған.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Биологияға кіріспе

Пәннің коды: BK 1302

Пәннің типі: Кәсіби, міндетті пән

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Нәлібаева Г.Ы. - аға оқытушы

Курстың мақсаты: жануарлар организмінің клеткалары мен ұлпаларының құрылысына,қызметі және генезисіне анықтама беру;сыртқы орта факторларының әсерінен болатын өсімдіктер организміндегі физиологиялық процестер туралы іргелі білім беру; студенттерді тұқымқуалау белгілерінің заңдылықтарымен, тұқымқуалау принциптерімен, генетикалық материалдардың құрылымдық-қызметтік ұйымдасуымен жіне оның өзгергіштігімен, гендердің әсерімен реттелуі, ластанған қоршаған ортаның генетикалық салаларымен таныстыру болып табылады.

Деректемелері/Пререквизиттері: өсімдіктер систематикасы, өсімдіктер және жануарлар эколгисы,сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар ,Жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарлардың марфологиясы және анатомиясы.

Курстың/пәннің мазмұны: Цитология пәнінің мақсатты,міндетті мен зерттеу әдістері.Клетканың құрылысы.Митоз, Амитоз, Мейоз.Гистология пәнінің мақсатты,міндетті мен зерттеу әдістері.Эпителий,дәнекер, бұлшық ет және жүйке ұлпалары.Өсімдіктер мен жануарлар ұлпаларының ерекшеліктері. Жануарлар организміндегі ұлпалардың жіктелуі.Өсімдіктер физиологиясы мен міндетті мен мақсатты,зерттеу әдістері. Фотосинтез және тыныс алу.Минералды қоректену физиологиясы.Өсімдіктердің қолайсыз жағдайға төзімділігі.Генетика пәнінің міндетті мен мақсатты зерттеу әдістер.Генетиканың тұқымқуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтары.Экологиялық генетика.Адам және жануарлар физиологиясы пәнінің міндетті мен мақсатты.Ішкі орта қан жүйесі.Ас қорыту,зат алмасу физиологиясы.Жоғарғы жүйке жүйесі физиологиясы.Талдағыштар физиологиясы.Биофизика пәнінің міндетті мен мақсатты.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Полевой В.В. Физиология расстений М.Высшая школа. 1989

2. Жатқанбаев Ж. Өсімдіктер физиологияс. Алматы 1998ж

3. Калекенұлы.Ж Өсімдіктер физиологиясы.Алматы1996 ж

4. Жексенбиев.Р.К Цитология және гистология негіздерінен лобараториялық жұмыстар.Алматы 200ж

5. Юрин.Н.А, Радостина.А.И. Практикум пот гистологий, цитологий и эмбриологий

6. Абильдинов.Р.Б,Аяпова.Ж.О,Юй.Р.И Атлас гистология,цитология және эмбриялоги негіздері.Алматы 2006 ж

7. Несіпбаев.Т Адам және жануарлар физиологиясы.Алматы 2005ж

8. Бегимқулов.Б.К Генетика 2000ж

9. Стамбеков.С.Ж Жалпы генетика.Алматы 1993ж

10. Инге-Вичтомов.С.Г Генетика с основами селекции, Москва,Высшая школа 1989 г

11. Нурешов.М Гистология және эмбриология негіздері.Алматы 1998ж



Сабақ беру әдістері: шолу лекция; инструктивті лекция; цитологиядан, гистологиядан, өсімдіктер физиологиясынан, адам және жануарлар физиологиясы, генетика және биофизика пәндерінен зертханалық жұмыстар.

Бағалау әдісі: жазбаша, ауызша, тестілеу.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: биология кабинеті

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Өміртіршілігі қауіпсіздігінің негіздері және еңбекті қорғау

Пәннің коды: Okn 1103

Пәннің типі: Жалпы білім беретін пәндер, міндетті пән

Оқу жылы: 2- оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 1

Дәріс беруші: Аяхметов А. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: Адам өмірі қауіпсіздігі негіздері және еңбекті қорғау» пәнінің міндеті студенттерге Азаматтық қорғаныстың төмендегі негізгі іс-шараларын үйрету:

- Төтенше жағдай кезінде халықты қорғауды, кезек күттіруге болмайтын жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастырудың негіздерін үйрету;

- Студенттерді жарақаттану зардаптарының белгісін анықтауды, ерекше қауіпті жұқпалы ауруларды білуді және алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету;

- Өз мамандығына сәйкес саласындағы өндірістердің тұрақты жұмыс істеуін ұйымдастыруды және олардың жұмыстарының тұрақтылығын жақсарту шараларын оқып-үйрету;



- Қауіпсіз және зиянсыз шарттарын және өндіріс бөлімшелерінде өртке қарсы қауіпсіздік шараларының тәртіптерін меңгеруі керек.

Деректемелері/Пререквизиттері: «Әлеуметтану», «Саясаттану», «Экология», «Құқық негіздері».

Курстың/пәннің мазмұны: «Адам өмірі қауіпсіздігі негіздері және еңбекті қорғау» курсының негізгі мазмұны студенттерді тіршілік қауіпсіздігінің негізгі құрылымдарымен таныстыру, төтенше жағдайлар классификациясымен таныстыру және одан қорғану тәсілдерін оқыту, еңбекті қорғаудағы құрылыс алаңдарында орын алуы мүмкін қайғылы оқиғалар көрсеткіштеріне талдау жасауға үйрету, құрылысшыларды еңбек барысында жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету шарттарымен таныстыру, құрылыс нысандарындағы зиянды және қауіпті факторларды оқытып-үйрету және құрылыс алаңдарындағы техникалардың қауіпсіздік талаптарын сақтауды оқыту болып табылады.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Арпабеков С. Өмір-тіршілік қауіпсіздігі. Алматы 2004.

  2. Аманбаев Д.А., Смагулов З.И., Обухов Ю.Д. Основы охрана труда на производстве. Алматы. 2002 г.

  3. Тіршілік қауіпсіздігі.1 кітабы. 2003ж-Алматы.

  4. Тіршілік қауіпсіздігі. 2 кітабы. 2003ж-Алматы.

  5. Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятильности. Алматы 2004.

  6. Золотницкий Н.Д. и др. Лабораторный практикум по Охране труда –М:Высшая школа 1979г.

  7. Кузнецов Ю.М. Охрана труда. Справочник. М: Транспорт. 1990 г.

Сабақ беру әдістері: СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, көрнекілік әдісі.

Бағалау әдісі: кредиттік оқыту технологиясы бойынша

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары, зертханалық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, т.б.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Әлеуметтану

Пәннің коды: Ale1104

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Аяғанова А – аға оқытушы

Курстың мақсаты: Студенттерге болашақ мамандар ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыда тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды меңзейді. Әлеуметтану, әлеуметтік өзара әрекеттестікпен даму заңдылықтарының қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы, әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылық пен өзара байланысқа түсуі және әлемдік қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік беру.

Деректемелер/Пререквизиттері: - Қазақстан тарихы, Мәдениеттану.

Курстың/пәннің мазмұны: Әлеуметтану - әлеуметтік дүние, тұлғаның әлеуметтік өзара қатынастарын қарастырып, адамдар өз өмірін қамтамасыз етіп қоғамдық қатынастарды реттеу үшін, ұрпақ қалдырып қоғамның біртұтастығын сақтап қалу мақсатында құрған күрделі әлеуметтік жүйелер, әлеуметтік институттар туралы ғылым. Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде. Арнайы әлеуметтанулық теориялар және әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдістері.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Икенов А.И., Жүсіпова А.Д. Әлеуметтану негіздері - Алматы, Экономика,2004ж

2. Р.Әбсаттаров., М.Дәкенов Әлеуметтану - Алматы, Ғылым, 2003ж

3. М.Әженов., М.Садырова Қоғамның әлеуметтік құрылым - Алматы, Қазақ университеті, 2002ж

4.Әлемдік Әлеуметтану антологиясы - Алматы, Қазақстан, 2006ж

5. Қазақ даласының ойшылдары (ІХ-ХІІғғ.) - Алматы: Ғылым,1995ж

6. Абай Қара сөздері - Алматы, 1993ж

7. Тажин .М., Аяған.Б. Социология негіздері - Алматы,1992ж

8. Сорокин. П. Человек. Цивилизация. Общество. - Москав,1992ж

9. ҚР Конституциясы. - Алматы, 1995 ж.

10. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». 28 қаңтар, 2011жыл. Егемен Қазақстан

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан - тест, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экономикалық теория негіздері

Пәннің коды: Ektn2109

Пәннің типі: Жалпы білім беретін пәндер, міндетті пән

Оқу жылы: 2- оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Құлтанов Б. - аға оқытушы

Курстың мақсаты: Студенттердің экономикалық білімін қалыптастыру мақсатында осы пәнді оқыту.

Деректемелері/Пререквизиттері: «Қазақстан тарихы», «Саясаттану», «Әлеуметтану».

Курстың/пәннің мазмұны: Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Экономиканың негізгі мәселелері. Экономикалық категориялар және заңдар, экономикалық үрдістерді оқу әдістері, ерекшеліктері. Меншік қатынастары және экономикалық жүйелер типтері. Нарықтың қалыптасу заңдары және посткеңестік елдердегі нарықтың құрылу ерекшеліктері; нарықтың негізгі заңдары мен категориялары; жеке ұдайы өндірістің қағидалары, шығындардың қалыптасу ерекшеліктері мен түрлері, өндірістік факторлар нарығының, олардың бағасы мен табысының ерекшеліктері. Микро және макродеңгейдегі экономика мәселелерінің өзара байланысы, макро-экономиканың қызмет ету заңдылықтары; экономикалық өсу және оның түрлері; экономикалық цикл және әлеуметтік-экономикалық циклдылық мәселелері. Қазіргі экономикалық жүйедегі мемлекет. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі ақша- несие және қаржы саясатының ролі. Әлеуметтік саясаттың негізгі заңдылықтары. Халықаралық экономикалық қатынастар және олардың негізгі формалары.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Бартенов С.А. Эстории экономических учений. М.: «Юрист», 2002, -15 с.

2. Шиденов «Экономика теория негіздері»

Сабақ беру әдістері: СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, көрнекілік әдісі.

Бағалау әдісі: кредиттік оқыту технологиясы бойынша

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары, зертханалық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, т.б.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Құқық негіздері

Пәннің коды: KN 2110

Пәннің типі: Жалпы білім беретін пәндер, міндетті пән

Оқу жылы: 2- оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Жүсүпбекова М.К – доцент, з.ғ.к.

Курстың мақсаты: Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының алғышартымен және мәселелерімен таныстыру, студенттердің ҚР конституциялық құрылымын, мемлекеттік билік жүйесін және олардың басқа қоғамдық-саяси институттармен өзара қатынасын білуі.

Деректемелері/Пререквизиттері: «Қазақстан тарихы», «Саясаттану».

Курстың/пәннің мазмұны: Мемлекет, құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар. ҚР- конституциялық құқық негіздері. ҚР Конституциялық құқығының ұғымы ҚР-ғы қоғамдық құрылыстың конституциялық негіздері ҚР-ның сайлау жүйесі, ұғымы қағидаттары, сайлау органдары. ҚР-ның құқық қорғау органдары және сот. ҚР-ның сот жүйесі және құқық қорғау органдары туралы жалпы түсініктеме. Құқық қорғау қызметінің қағидалары. Азаматтық құқық: жалпы сипаттама. Мәмілелер: ұғымы түрлері. Міндеттемнің ұғымы. Меншік құқығы. Мұра және мұрагерлік.Отбасы құқығы. ҚР-ның қаржылық құқығының негіздері. ҚР-ның еңбек құқығы және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы. Экологиялық және жер құқығы негіздері. ҚР-ның Қылмыстық құқық негіздері. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес. Қылмыстық және азаматтық істер жүргізу негіздері. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы. Азаматтық іс жүргізудің ұғымы мен мазмұны.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Баянов Е. ҚР мемлекетi мен құқығының негiздерi. Оқулық. 2-шi басылуы Алматы 2003ж.

2. Баққұлов. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2001

3. Өзбекұлы Сәкен, Қопабаев Өмірәлі «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы жеті жарғы 2006ж

4. Сартаев С. «Қазақтың ата заңы» 1,2,3,4,5,6,7,8,9,

5. Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық негіздері Алматы, 1999ж

6. Төлеуғалиев Г.И. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. А., 2001ж.

Сабақ беру әдістері: СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, көрнекілік әдісі.

Бағалау әдісі: кредиттік оқыту технологиясы бойынша

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары, зертханалық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, т.б.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Саясаттану

Пәннің коды: Saya2110

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Айдарова Ш.А. – аға оқытушы, т.ғ.к.

Курстың мақсаты: Студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету. Саяси дүниетанымы мен саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, олардың Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тигізеді. Қазақстандағы және одан тыс жерлерде жүріп жатқан саяси процестерді ұғынуға және еркін бағдарлай алу ептілігіне тәрбиелеу.

Деректемелер/Пререквизиттері: - Қазақстан тарихы, Мәдениеттану.

Курстың/пәннің мазмұны: Саясат, саясаттың өмір сүру заңдары, оның тарихи дамуы. Сонымен қатар, билік, мемлекет, мемлекетаралық қатынас мәселелері. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауы аясындағы және үдемелі жаңару кезеңіндегі егеменді мемлекет саясаты. Қазақстанның саяси жүйе, саяси партиялар, қозғалыстар, ұйымдар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар. Жаңа геосаяси конфигурациядағы Қазақстанның ұлттық мемлекеттік мүдделері.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Саясаттану негіздері. Қуандық Е. С. Оқу құралы. - Алматы «Дәуір», 2005.

2. Саясаттану. Жамбылов Д. 2-басылым. Алматы - Жеті жарғы, 2005.

3. Саясаттануға кіріспе. Мұстафин Т.Т. – Алматы, 1994.

4. Политология. Учебник для вузов. Нысанбаев А. – Алматы: Ақыл кітабы, 1998.

5. Мұсатаев С.Ш. Қазақстандық азаматтық қоғам: қазіргі жағдайы мен келешегі.. – Алматы, 2007.

6. Казахстанская политическая энциклопедия. – Алматы, Қазақстан даму институты, 1998.

7. ҚР Конституциясы. - Алматы, 1995 ж.

8. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». 28 қаңтар, 2011жыл. Егемен Қазақстан.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан - тест, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Философия

Пәннің коды: Fil 2111

Пәннің типі: Жалпы білім беретін пәндер, міндетті пән

Оқу жылы: 2- оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Жанбатыр А. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: Жас маманның философиялық мәдениетін қалыптастыру. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін келесі мәселелерді шешу қажет:

1. Студенттерді философия тарихымен және ғылымның қазіргі кезеңдегі жағдайымен таныстыру.

2. Ойлау мәдениетінің өсуіне жағдай жасау, ойлаудың өзіндік, сыншылдықө, өзін-өзі сынау түрлерін көтермелеу және ақылдың кеңдік, тереңдік, ашықтық, алғырлық сияқты түрлерінің қалыптасуын қолдау.

3. Сұхбаттың әдістері жөнінде білім беру, дағдыларды қалыптастыруға көмектесу.

4. Алған білімдерді практикада жүзеге асыра білуге үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: Саясаттану, әлеуметтану,адам және қоғам.

Курстың/пәннің мазмұны: Философия пәніне кіріспе. Ежелгі Шығыс философиясы Антика философиясы. Ортағасырлық Батыс Европа философиясы. Орта ғасыр араб-мұсылман философиясы. Қайта өрлеу дәуір философиясы. Жаңа дәуір философиясы.

ХҮІІІ-ХІХ ғғ.француз материализмі және классикалық философиясы. Орыс философиясы. ХХ ғ. Батыс философиясы. Қазақ философиясы. Болмыс және материя. Сана және таным. Диалектика және аксиология. Адам және қоғам философиясы. Адам мәнін ашу. Қоғамның негізгі сфералары. Табиғат философиясы. Ғылым философиясы.



Ұсынылатын әдебиет:

1. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетқалиев Қ. Философия тарихы. – А., 2000.

2. Әбішев К. Философия. – А., 2004.

3. Әлеуметтік философия. Хрестоматия. Құр. Әбішев Қ. – А., 1997.

4. Ғабитов Т. Философия. – А., 2005.

5. Ғабитов Т. Философия. – А., 2005.

6. Кішібеков Д., Сыдықов К. Философия. – А., 2010.

Сабақ беру әдістері: СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, көрнекілік әдісі.

Бағалау әдісі: кредиттік оқыту технологиясы бойынша

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары, зертханалық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, т.б.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Педагогика

Пәннің коды: Ped 2202

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Табулова А.Б.- академиялық профессор, п.ғ.к.

Курстың мақсаты: болашақ мұғалімдердің теориялық-әдіснамалық даярлығын қалыптастыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: Педагогикалық мамандыққа кіріспе

Курстың/пәннің мазмұны: Педагогикалық процестердің методикалық негіздері мен заңдылықтары; Қазақстандағы білім беру жүйесінің дамуы, перспективасы; оқу процесін ұйымдастыру және басқару формалары; тұлғаның қалыптасуы; дидактика принциптері, тедагогика тарихы және этнопедагогика; оқу мен тәрбие жұмысындағы дәстүрлердің мәнділігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет