Жеке пәндерді (курстарды, юниттерді) сипаттау
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазақстан тарихы
Пәннің коды: KT 1101
Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән
Оқу жылы: 1
Оқу семестрі: 1
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: : Жүсіпов С. – доцент, т.ғ.к.
Курстың мақсаты: Қазақстан дамуының тарихи кезеңдеріне сипаттама, қазақ халқының қалыптасуы, «қазақ» этнонимінің пайда болуы туралы мағлұматтар беру; жаңа замандағы, қазіргі кездегі және тәуелсіз Қазақстанның тарихынан мәліметтер бере отырып, алған білімін жан-жақты меңгерту.
Деректемелері/Пререквизиттері: Жалпы дүниежүзілік тарих және Қазақстан тарихының ежелгі, орта ғасырлардағы тарихы туралы орта мектептерде берілетін білім.
Курстың/пәннің мазмұны: Қазақстанның ежелгі тарихы. Палеолит, мезолит, неолит. Ерте мемлекеттік құрылымдар сол кезеңде мекендеген тайпалар. Қазақстан орта ғасырларда. Түрік қағанаты. Алтын Орда дәуірі. Қазақ халқының қалыптасуы. Жаңа замандағы Қазақстан. Қазақстан қазіргі кезеңде. Тәуелсіз Қазақстан.
Ұсынылатын әдебиет:
1. С.С.Кляшторный, Т.И.Султанов. Казахстан: летопись трех тысячи летий. А., 1992
2. Н.Мыңжан. Қазақтың көне тарихы, А., 1992
3. Л.Гумилев. Көне түрiктер. А., 1992
4. Қ.Салғарин. Қазақтың қилы тарихы, А., 1993
5. А.Көмеков. Қыпшақтардың саяси тарихы, қарым-қатынастары, А., 1994
6. Моисеев М.А. Джунгарские ханство и казахи ХҮІІ-ХҮІІІ в.в. А., 1991
Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, дискуссия.
Бағалау әдісі: VII және XIV апталарда жинақтаушы жүйе негізінде рейтинг-балл бойынша ағымдағы және аралық бақылау
Оқу тілі: қазақша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: Мультимеди класы, кітапхана қоры, интернет ресурстары.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Информатика
Пәннің коды: Inf 1102
Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән
Оқу жылы: 1
Оқу семестрі: 2
Кредит саны: 3
Дәріс беруші : Есиркепова А.У – аға оқытушы
Курстың мақсаты: Информатика пәнiн оқыту мақсаты студенттерге есептердi компьютер көмегiмен шешу әдiстерiн оқыту және оларды компьютерлiк жүйе мен ақпараттық технологияларды болашақ қызметiнде тиiмдi қолдануына дайындау болып табылады:
информатиканың негiзгi ұғымдарын игеру мақсатында студенттердiң “алгоритмдiк“ ойлау дағдыларын қалыптастыру, ақпаратты қазiргi қоғамның ресурсы ретiнде бейнелеу және ақпараттық ресурстарды басқару әдiстерiн оқыту;
студенттердi қазiргi заманғы озық әмбебап компьютерлердiң құрылысымен таныстыру және олардың компьютерде жұмыс iстеу дағдысын қалыптастыру;
студенттерге алгоритмдiк тiлдердi, программалау әдiстерiн, ақпараттық жүйелер негiздерiн оқыту.
Деректемелері/Пререквизиттері: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін мектеп курсындағы информатика мазмұнын жақсы меңгеру қажет.
Курстың/пәннің мазмұны: Информатика ғылым жəне техниканың бірлестігі. Қазіргі информатика құрылымы. Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. Деректерді тасымалдаушылар. Деректермен жұмыс істеу операциялары. Буль алгебрасы. Графтар және ағаштар. Компьютердің логикалық элементтері. Машинаны ұйымдастыру: Фон-Нейман принципі, басқару құрылғылары, командалар жүйелері мен типтері. Енгізу-шығару жəне тоқтату. Компьютер жадысының құрылғысы. Енгізу-шығару құрылғылары. Есепті шешудің стратегиялары және шешімді іздеу.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Бөрiбаев Б. «Информатика және компьютер“ – Алматы, “Рауан“, 1996 ж.
2. О.Камардинов. “Информатика“ – Шымкент, 2000ж.
3. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика- Астана, 2004ж.
4. Комягин В.Б., Коцубинский А.О. “Современный самоучитель работы на персональном компьютере“, Москва, 1997 г.
5. Микляев А. “Настольная книга пользователя“ – Москва, 1997 г.
6. Фигурнов В.Э. “ІBM PC для пользователя“ – Москва, 1999 г.
7. Балапанов Е.Қ. Бөрiбаев Б. Дәулетқұлов А. “Информатика 30 сабақ. Жаңа ақпараттар технологиялар“ – Алматы, “ Шартарап“, 2001 ж.
Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.
Бағалау әдісі: VII және XIV апталарда жинақтаушы жүйе негізінде рейтинг-балл бойынша ағымдағы және аралық бақылау
Оқу тілі: қазақша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: Компьютер класы, кітапхана қоры, интернет ресурстары.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экология және тұрақты даму – 2 кредит
Пәннің коды: Etd 1105
Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән
Оқу жылы: 1
Оқу семестрі: 1
Кредит саны: 2
Дәріс беруші :Абжелелов Б., Қожамбердиева С.
Курстың мақсаты: Қазіргі экологиялық жағдайды терең түсіндіре отырып, экологиялық білім жүйесін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, сонымен бірге ұғыну мен білім дәрежесінің жоғары болуына ықпал ету.
Деректемелері/Пререквизиттері: Биология
Курстың/пәннің мазмұны: Экологияның мақсат-міндеттері және әдістері. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы. Экология бөлімдері. Даралар экологиясы: ағзалар және олардың қоректенуі, экологиялық факторлар және оның классификациясы. Либихтың минимум заңы және Шелфордтың толеранттылық заңы. Толеранттылық шегі. Популяциялар экологиясы: статикалық және динамикалық сипаттамалары. Қауымдастықтар экологиясы: биоценоз, экожүйе және биогеоценоз туралы түсінік; экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары; экожүйедегі энергия ағыны және химиялық элементтердің айналымы; биоценоздың трофикалық құрылымы; экожүйе өнімділігі. Экожүйенің тұрақтылығы және тұрақтылық механизмдері (гомеостаз және экологиялық сукцессия).
Ұсынылатын әдебиет:
1. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. «Экология» Алматы,2003ж.
2. Баешов А., Дәрібаев Ж. «Экология негіздері» Түркістан, 2000ж.
3. Бейсенов А.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. «Экология» Алматы,2001ж.
4. Гилярев А.М. «Популяционная экология». М.1995г
5. Горелов А.А. «Экология. Курс лекции» М., Центр 1997г
6. Герасимов В.А. «Охрана природы: принцыпы, проблемы, приоритеты» М., 1992г
7. Жатқанбаев Ж.Ж. «Экология негіздері» Алматы, 2003ж.
Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау.
Бағалау әдісі: VII және XIV апталарда жинақтаушы жүйе негізінде рейтинг-балл бойынша ағымдағы және аралық бақылау
Оқу тілі: қазақша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: Компьютер класы, кітапхана қоры, интернет ресурстары.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазақ (орыс ) тілі
Пәннің коды: К(O) Ya 1106
Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент
Оқу жылы: 1-оқу жылы
Оқу семестрі: 1, 2
Кредит саны: 6
Дәріс беруші: Амиралиева Б.С. - аға оқытушы
Курстың мақсаты: қазақ (орыс) тілінің орфоэпиялық грамматикалық және стилистикалық нормаларын үйрету
Деректемелері/Пререквизиттері: орта мектеп “Қазақ тілі” және “Орыс тілі” пәндерінің курстары.
Курстың/пәннің мазмұны: Қазақ (орыс) тілінің орфоэпиялық грамматикалық және стилистикалық нормалары. Мәтін ойдың ерекше дамуы мен құрылу заңдылықтары: композициялық нақтылық, мазмұн логикасы, ақпараттық ғылыми мәтін белгілері жүйесі сияқты. Тақырып, мәтіннің құрылымы мен мағынасы. Микротақырып жалпы тақырыптың бөлігі сияқты. Мәтіннің берілген және жаңа ақпараты. Мәтінді мағыналық болу. Мәтінді талдау. Мәтіндегі ақаратты жетілдіру жолдары. Әртүрлі стильдердің ерекшеліктері: публицистикалық, ресми-іскерлік, көркемдік, ғылыми стиль және оның ерекшеліктері.Сұраулы және атаулы жоспарды құру; рефераттар, аңдатпалар, түйіндемелер, пікірлер жазу.
Ұсынылатын әдебиет:
1.Абдыкулова К.Е., Ким Г.В., Павленко В.К. Русский язык.
Практический курс (учебное пособие) –Алматы, «Санат», 1995 г.
2.Метса А.А., Алликметс К.П., Судавичене Л.В. Русский язык.
Аудиовизуальный курс: М. Высшая школа, 1991г.
3.Городилова Г.Г. Русский язык. Основной курс.М.Высшая школа, 1991 г.
4.Жаналина Л.К., Сарбаева Т.М. Практический курс русского языка, Алматы, 1992г.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Шетел тілі
Пәннің коды: ShT 2108
Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті компонент
Оқу жылы: 1- оқу жылы
Оқу семестрі: 1, 2
Кредит саны: 6
Дәріс беруші: Диуанова Р.- аға оқытушы, филол.ғ.к.; Макашева А.П. – аға оқытушы, п.ғ.к.
Курстың мақсаты: Студентке шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеру үшін жеткілікті білім және дағды қалыптастыру; Шетел тілінде коммуникативтік іс - әрекеттің ауызша және жазбаша түрлеріне машықтандыру; Пәнді оқыту барысында меңгерген білім мен дағдыларды өз бетінше жетілдіру және тереңдетуге дағдыландыру.
Деректемелері/Пререквизиттері: тілін оқып-үйреніп жатқан елдің тарихы, мәдениеті, саясаты, экономикасы туралы мәліметтермен таныстыру.
Курстың/пәннің мазмұны: Фонетика. Ағылшын тілінің алфавитімен, дыбыстарымен, буын турлерімен және негізі жұрнақтар мен қосымшалардың оқылуымен таныстыру. Орфография: тілдің дыбыстық-қаріптік жүйесі, негізгі орфографиялық ережелер. Лексика: сөзжасам модельдері; көлемі негізгі тілдің 2500 бірлігін құрайтын лекксикалық минимум, сонымен қатар мамандықтын профиліне сай терминдер; қолданыс кеңістігіне сай лексикалық дифференциациясы. Грамматика. Оқу: таныстыру, анықтамалық, шолып оқу дадысының қалыптасуы. Сөйлеу: оқылған тақырыптар көлемінде монолог пен диологты дамыту шеберлігі.
Ұсынылатын әдебиет:
1. К. Жанабаева «Basic English»
2. Дудкина А.П. «Английский для делового общения»
3. Е.И. Курашвили, Е.С. Михалкова. Английский язык. Москва, 1991.
4. Т.Н. Игнатова. Английский язык. Москва, 1992.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Педагогикалық мамандыққа кіріспе
Пәннің коды: PMK 1201
Пәннің типі: Базалық, міндетті пән
Оқу жылы: 1-оқу жылы
Оқу семестрі: 1
Кредит саны: 1
Дәріс беруші: Әмреева И. - оқытушы, педагогика және психология ғылымдарының магистрі
Курстың мақсаты: Болашақ ұстаз тұлғасының мәні және оның қазіргі қоғамдағы ролін, педагогикалық үрдіс мұғалімнің іс-әрекет нысаны ретінде екенін, мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің жалпы сипаттамасын түсіндіру.
Курстың/пәннің мазмұны: Болашақ ұстаз тұлғасының мәні және оның қазіргі қоғамдағы ролі. Педагогикалық үрдіс мұғалімнің іс-әрекет нысаны ретінде. Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы. Қарым-қатынас жасау мұғалімнің кәсіби-шығармашылық қызметінің құрамдас бөлігі ретінде. Педагогика тарихының теориялық-әдіснамалық негіздері. Я.А. Коменскийдің педагогикалық концепциясы. Шет елдердегі білім беру жүйесі мен педагогика. К.Д. Ушинскийдің педагогикалық жүйесі. Кеңес дәуірінде білім беру жүйесі мен педагогика ғылымының қалыптасуы. Қазақстандағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ой. Ы. Алтынсаринның, Ш. Уәлихановтың және Абай Құнанбаевтің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметтері. Қазақстанның қуғын-сүргінге ұшыраған педагогтардың идеялары мен қызметі. Қазақстан Республикасында білім берудің қазіргі даму бағыттары.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Қ.Р. жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Алматы.- 2002ж.
2. Қ.Р-ның «Білім туралы» Заңы. Алматы.- 1992
3. Қ.Р. 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана.- 2003 ж
4. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Дарын.- 2004 ж.
5. Бегалиев Т. Педагогика. Тараз.- 2001ж
6. Рувинский. Л.И. Мамандыққа кіріспе. Алматы.-1991 ж
7. Пошаев Д.Қ. Мамандыққа кіріспе. Шымкент.-2004 ж
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЖООЭК – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Психология және адам дамуы
Пәннің коды: PАD 1204
Пәннің типі: Базалық пәндер, міндетті пән
Оқу жылы: 1- оқу жылы
Оқу семестрі: 1
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: Шеримова Ә. - аға оқытушы
Курстың мақсаты: Пәнді оқытудың мақсаты - қоғамның әлеуметтік - экономикалық құрылымында адамдар қарым- қатынасының теориялық және тәжірибелік іс- әрекетінің дамуын зерттеу, студенттердің өздігінше іздені, кәсіби дайындығын қалыптастырады. Ойлаудың диалектикалық логикасын қалыптастыра отырып, психикалық құбылыстарды түсінудегі жалған стереотиптерді жеңе отырып, ғылыми психологиялық ойлау жүйесін қалыптастыру.
Деректемелері/Пререквизиттері: -
Курстың/пәннің мазмұны: Психология ғылымына кіріспе. Жалпы психология пәні, оның зерттеу әдістері. Психикалық зерттеудің әдістері. Психология ғылымының қалыптасуы мен даму бағыттары. Психика – психологияның зерттеу заты. Сана мен психиканың дамуы. Сана және өзіндік сана. Тән және жан. Жеке адам психологиясы және іс-әрекеті. Іі-әрекетті жалпы психологиялық сипаттар. Адам іс-әрекетінің заттылығы, мақсат көздеушілігі мен саналығы. Бала дамуындағы іс-әрекеттің ролі. Жеке тұлғаның психологиялық сипаттамасы. Индивид, суъект, жеке адам, даралық түсініктердің ара қатынасы. Адамдардың өзара әрекеті мен қарым –қатынасының әлеуметтік- психологиялық заңдылықтары. Қарым-қатынас писхологиясы. Түйсік туралы жалпы түсінік. Қабылдау. Ес туралы түсінік. Зейін. Ойлау және сөйлеу. Қиял туралы түсінік. Жеке адамның даралық –психологиялық ерекшеліктері. Темперамент. Мінез туралы түсінік Қабілеттілік туралы теориялар. Сезім. Ерік.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Алдамұратов Ә.. Жалпы псхология. Білім, 1996.
2. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Алматы – 1996ж.
3. Аймауытов Ж.. Психология Алматы, 1994ж.
4. Жарықбаев Қ.. Жантану негіздері, Алматы 2002.
5. Тәжібаев Т .Психология
6. Успанова З. У., Дәрібаева С. Қ., Нармұқаш А. Қ Жеке адамның типологиялық дара ерекшеліктері. Алматы,1998ж.
Сабақ беру әдістері: СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, көрнекілік әдісі.
Бағалау әдісі: кредиттік оқыту технологиясы бойынша
Оқу тілі: қазақша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары, зертханалық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, т.б.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Ботаника
Пәннің коды: Bot1(2)201
Пәннің типі: Базалық, таңдау пән
Оқу жылы: 1-оқу жылы
Оқу семестрі: 2
Кредит саны: 2
Дәріс беруші: Байкенжеева А.Т. - доцент, б.ғ.к.
Курстың мақсаты: студенттердің өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылысы жөнінде ғылыми білімін қалыптастыру.
Білу:
- негізгі тіршілігіне сипаттама, өсімдіктердің ішкі және сыртқы құрылысы, олардың онтогенетикалық және маусымдық өзгерістері, көбею және таралу жолдары, орта жағдайына тәуелділігі;
- өсімдіктердің алуантүрлілігі жөнінде ғылыми түсініктін болуы, олардың құрылысындағы ерекшеліктер, экологиясы және эволюциясы;
- өсімдіктер флораның күрделі интеграциялық жүйісі ретінде ғылыми түсініктерінің болуы, антропогендік әсерлерге байланысты қазіргі динамикалық процестер жөнінде білу;
- қазіргі ботаникалық зерттеу әдістері.
Дағдылану:
- морфологиялық сипаттама жасап, анықтай алу, өсімдік бөліктерінен коллекциялар жинап, суреттерін салу, өсімдіктер қауымдастығына геоботаникалық сипаттама бере алу;
- зертханада табиғатқа бақылау жүргізу.
Игеру:
- өсімдіктерді анықтау әдістері;
- өсімдіктерге морфологиялық сипаттама беру әдістері.
Деректемелері/Пререквизиттері: жалпы экология, Жалпы химия
Курстың/пәннің мазмұны: Өсімдіктердің анатомиясы және морфологиясы курсының бағдарламасында өсімдіктердің сыртқы және ішкі құрылыстары жан-жақты қаралады, басқа ботаника салаларының негізін салады. Жалаңаш тұқымдылардың және гүлді өсімдіктердің вегетативті және генеративті мүшелерінің анатомиялық, морфологиялық құрылысы жан-жақты қаралады. Өсімдіктердің анатомиясының және морфологиясының эволюция барысында қалаптасуы және бейімделуі.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Ботаника: лаб. практикум / И. Е. Ямских, Е. А. Иванова, И. П. Филиппова
[и др.]. – Красноярск : ИПК СФУ, 2009. – 220 с.
2 Бавтуто, Т. А. Атлас по анатомии растений / – Минск : Ураджай, 2001. – 146 с.
3. Лотова, Л. И. Ботаника : Морфология и анатомия высших растений: учеб. М. : КомКнига, 2007. – 512 с.
4. Ямских, И. Е. Ботаника : Анатомия и морфология растений : учеб. пособие / : Изд-во Краснояр. ун-та, 2004. – 86 с.
Сабақ беру әдістері: дәрісханалық сабақтарды игеру барысында төмендегідей білім беру технологиялары қолданылады: лекция, зертханалық сабақ (сөздік әдіс, диалог әдісі, интерактивті әдіс); Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында төмендегідей білім технологиялары қолданылады: нақты ситуацияны талдау, баяндама, реферат, компьютерлік презентация.
Бағалау әдісі: пәннің бағдарламасын игеруде ағымдағы бақылаулар: әңгімелесу, бақылау жұмысы. Аралық бақылау: емтихан 2 семестрде (жазбаша).
Оқу тілі: қазақша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: лекцияны оқу барысында таблица, сурет түрінде көрнекі құралдар, презентация және слайдтарды көрсету үшін техникалық оқу құралдары (кадаскоп, мультимедиялық жүйе) қажет; курс бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда заманауи ақпараттық технологиялар-оқу және оқу-әдістемелік материалдар (бағдарламалар, зертханалық жұмыстарда жоғары сатыдағы өсімдіктерден әдістемелік нұсқау, пайдаланылған әдебиеттердің тізімі, ақпараттық ресурстар, тест түріндегі сұрақтар және өзін-өзі бақылауға сұрақтар); зертханалық жұмыстарға жетілдірілген микроскоптар, анатомиялық уақытша препарат дайындау әдістемесі, анатомия және морфологиядан алған білімдерін пысықтау сұрақтары, биологиялық суреттер. Көрнекілік кестелер, микроскоп және дайын микропрепараттар, тірі және фиксацияланған материалдар, гербарийлер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Зоология
Пәннің коды: Zoo 1(2)202
Пәннің типі: Базалық, таңдау пән
Оқу жылы: 1-оқу жылы
Оқу семестрі: 2
Кредит саны: 2
Дәріс беруші: Салимова Ф.В. - аккадемиялық доцент
Курстың мақсаты: омыртқасыз жануарлардың көп түрлігін, олардың шығу тегін, дамуын, жүйедегі қазіргі жағдайын, биосферадағы және адам өміріндегі маңызын, жануарлар әлемінің эволюциялық кезеңдерін оқыту. Студенттер білуге міндетті: жануарлардың ұйымдастыру деңгейін немесе жануарлар патшалығындағы эволюциялық кезең негіздерін, жануарлардың жіктелуін, түрлердің көп түрлілігі мен құрылысы, тіршілік процестерін, экологиясын, өздігінен көбею мен онтогенез, таралуы, омыртқасыз жануарлардың негізгі таксономиялық топтарының айырмашылығы, ірі таксондардың жүйесі мен филогениясын; студенттер жануарларды анықтауда ісі жүзіндегі тәжірибе ілімін білуі және қарапайым морфологиялық зерттеу әдістерін үйрену қажет; мемлекеттік стандарттағы бакалавр сатысындағы университеттік білімдену көлемінде омыртқасыз зоологиясын, жануарлар физиологиясы мен анатомиясын, қазіргі биологияның негізгі әдістемелік жағдайын, жануарлар әлемінің көптүрлілігін, құрылысын, негізгі топтардың систематикасын, адам тіршілігіндегі маңызын білу; табиғатта омыртқасыз жауарлардың негізгі таксономиялық топтарын ажырату, омыртқасыз жануарлардың әртүрлі топтарын жинау, ауру тасымалдаушы және ауылшаруашылығы зиянкестерін ажырату; табиғатта, қалаға экскурсия жүргізу, омыртқасыздарды анықтауыш арқылы анықтау; жаңа технологияны қолдана отырып, ғылыми негізде өз еңбегін ұйымдастыру, компьютерлік теру әдісін меңгеру, ақпараттарды өңдеу мен сақтау, сол арқылы жаңа білімді игеру; негізгі таксондардың өкілдерінің экологиясын және географиялық таралуын білу; медициналық және шаруашылық мақсатта үнемді пайдалану мен оларды қорғау шараларын ұйымдастыра білу; арнайы фиксаторлармен жануарларды қатыру; микроскоппен жұмыс, қарапайым микропрепараттарды әзірлеу, омыртқасыз жануарларға морфоанатомиялық сипаттама беру.
Деректемелері/Пререквизиттері: биология, биохимия, цитология, гистология
Курстың/пәннің мазмұны: Зоология пәні және міндеттері. Зоология жануарлар әлемі туралы ғылым, оның шығу тегі, дамуы, биосферадағы және адам өміріндегі ролі. Зоология ғылымы дамуының заңдылығы және негізгі этаптары. Жануарлардың жіктелуі. Макрожүйенің негізгі принциптері. Жануарлар құрылымы деңгейінің сипаттамасы: жасушалы, ұлпалы. Систематикасы, құрылысы, онтогенез, 22-типтің экологиясы. В.А. Догелдің полимеризация және олигемеризациясы.А.Н. Северцовтың филэмбриогенез туралы теориясы. П.П. Ивановтың жануарлар дамуының алғашқы және екінші метамерилері.
Ұсынылатын әдебиет:
1.В.Ф. Натали – Зоология беспозвоночных, М. 1963 г.
2. А.Л. Зеликман – Практикумпо зоологии беспозвоночных, М. 1965 г.
3. Е.Н. Фролова и др. – Практикум по зоологии беспозвоночных, М. 1965г.
4. Абрикосов Г.Г. и др. – Курс зоологии, М.: Высшая школа, 1966 г. Т.1. 540 стр.
5. В.А. Догель – Зоология беспозвоночных, М. 1975 г.
6. В.А. Догель – Зоология беспозвоночных, М., Высшая школа. 1981 г.
7. Дерягина М.А. Этология приматов, М., МГУ, 1992 г.
8. Дәуітбаева К.А. – Омыртқасыздар зоологиясы курсының типтік оқу бағдарламасы, Алматы: Қазақ университеті, 1998 ж, 30 б.
9. Дәуітбаева К.А. – Омыртқасыздар зоологиясы, Алматы: Қазақ университеті, 1997, 1998 жж. 1,2,3 бөлімдер.
10. Шарова И.Х. Зоология беспозвоночных, М., 1999 г.
11. Түсіпбаева К.С.- Омыртқасыздар зоологиясы. І, ІІ бөлімдер, Алматы, 1999 ж.
12. Түсіпбаева К.С.- Омыртқасыздар зоологиясы. І, ІІ бөлімдер, Алматы, 2004 ж.
13. Дәуітбаева М. - Омыртқасыздар зоологиясы. Алматы, 2005 ж.
14. Ф.В. Салимова. «Методическое пособие к учебно-полевой практике по зоологии беспозвоночных», Кызылорда, КГУ им. Коркыт ата, 2004 г,112 стр.
15. Ф.В.Салимова «Омыртқасыздар зоологиясынан зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқау», Қызылорда, КГУ им. Коркыт ата, 2010 ж, 44 б.
16. Ф.В.Салимова – Студенттердің өзіндік жұмыстары, Қызылорда, КГУ им. Корқыт ата, 2010
17. УМКД: (омыртқасыздар зоологиясы), Қызылорда, КГУ, 2011 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |