Коллагенді талшық
дәнекер ұлпаға мықтылық қасиет беретін, әртүрлі
бағытта, немесе ретімен орналасқан қалыңдығы 1-3 мкм, ал ұзындығы
әртүрлі болып келетін фибриллярлы белок. Тармақталмайды, бірнеше
талшықтар қосылып шоғыр түзейді. Пісірген кезде алдымен ісінеді, сонан
кейін еріп, желімге айналады. Осы қасиетіне қарай коллагенді деп атаған.
Эластинді талшықтар
эластин белогінен түзілген, физикалық
қасиетіне қарай бұларды эластикалық немесе серпінді талшықтар деп атайды.
Серпінді талшықтардың қасиеттері коллагендік талшықтарға карама-қарсы.
Олар ӛте созылмалы, оңай үзіледі және шоғыр құрамайды. Құрамында
микрофибриллалар мен аморфты компоненттер бар. Пісіп жетілген
эластин талшықтарының құрамының 90% аморфты компонент, 10%
эластин белогы.
Достарыңызбен бөлісу: |