2.
Нейтрофилдер
лейкоциттердің 50—70% құрайды. 1 мм
3
қанда 3000-
нан 6000-ға дейін нейтрофилдер болады. Адамның бес литр қанында 15-
тен 30 миллионға дейін нейтрофилдер бар. Бұл лейкоциттердің ішіндегі
кӛбі. Нейтрофилдер сүйек кемігінде
миелобластан
дамиды, пішіні
дӛңгелек, ядросы бӛліктерге бӛлінген. Пісіп жетілген жасушалардың
ядросы 2—5 бӛліктен тұрады. Цитоплазмасында кӛптеген гранулалар
орналасқан, олар нейтральді реакция беретін (рН = 7,0) бояғыштармен
бояғанда сия кӛк түске боялады. Сондықтан нейтрофил деп атаған,
гранулаларының пішіні майда дәндер сияқты. Әрбір жасушада 50-ден 200-
ге дейін гранулалар болатыны анықталған. Гранулоциттер қан ағысында
8—10 сағаттан артық болмайды. Содан кейін, олар ұсақ тамырлардан
(венулалардан) шығып, дәнекер ұлпасына ӛтіп, онда 2-3 тәулік тіршілік
етіп, бауырда немесе кӛк бауырда ыдырап кетеді. Пісіп жетілген
нейтрофилдің тіршілік ету ұзақтығы 14 тәулік. Нейтрофилдер
121
Достарыңызбен бөлісу: |