Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет161/240
Дата08.02.2022
өлшемі6 Mb.
#122639
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   240
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ

3.
Базофилдер 
лейкоциттердің шамамен 0 - 1% құрайды, сүйек 
кемігінде 
миелобластан
дамып жетіледі, пішіні домалақ. Жасушаның 
жартысын екі бӛліктен тұратын ядро алып тұрады. Цитоплазмиасында 
пішіні мен мӛлшері әртүрлі қаныққан сия кӛк гранулалар орналасқан, олар 
қара уылдырыққа ұқсас болып келеді. Гранулалары сілтілі реакция беретін 
бояулармен (рН >7) боялатын болғандықтан 
базофил 
деп аталған. 
Гранулаларда қабыну процестерін дамытуға қатысатын ақуыз, реттеуші 
молекулалар, гепарин, гистамин мен ферменттер бар. Пісіп жетілген 
базофилдер қанға ӛтіп, онда 2-3 тәулік тіршілік етіп, ұлпаларға ӛтеді, одан 
кейінгі тағдыры әлі күнге дейін анықталмаған. Қанда базофилдер қабыну 
процесі мен анафилактикалық шоктың дамуына қатысады, қанның ұю 
процестері мен қан тамыры қабырғасының ӛткізгіштігін реттейді.
Сонымен қатар, иммундық және аллергиялық реакцияларға қатысады (3-
сурет В).
 
 


122 
 
Мұндай пісіп жетілу процесі қажет, себебі лимфоцит – 
иммунокомпетентті жасуша, яғни ағзадағы әртүрлі иммундық реакцияларды 
қамтамасыз етіп, оның иммунитетін қалыптастырады. Лимфоциттерге 
жақсы боялған (базофилді) ірі, әрі дӛңгелек пішінді гетерохроматинді ядро 
мен оны қоршаған сақина тәрізді цитоплазма тән және цитоплазмасы аз 
жасушалар. Кіші лимфоциттердің цитоплазмасында бос орналасқан
рибосомалардан басқа органеллалар жоқтың қасы (4-сурет А). Орташа 
лимфоциттің 
цитоплазмасында 
бос 
рибосомалардан 
басқа 
митохондриялардың жеткілікті саны және түйіршікті эндоплазмалық тор 
болады. Ірі лимфоциттер жаңа туған сәбилер мен жас балалардың қанында 
кездеседі. Ересек адамдарда болмайды. 1 мм
3
қанда 1000-4000 дейін 
лимфоциттер болады. Ересек адам қанындағы лейкоциттердің жалпы
санының 25-35% лимфоциттер. Жаңа туған нәрестелерде және сәбилерде 
лимфоциттердің саны 60% жетеді, ал кәрі адамдарда 20% құрайды. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   240




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет